Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДиП АЛИХАН Word.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

2.3. Бірінші инстанцияда азаматтық iсті жүргiзудiң еркшелігі

Прокурордың азаматтық iс жүргiзуге қатысуының бiр нысаны – талап арыз бере отырып, iс қозғау болып табылады. ҚР АIЖК-нiң 55-бабының 3-тармағына сәйкес, прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтарымен заңды мүдделерiн, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердiң қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтiнiш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерiн қорғау туралы: егер адам дәлелдi себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса, тек мүдделi адамның өтiнiшiмен ғана прокурор талап қоя алады. Бұл жерден көрiп отырғанымыздай, прокурор екi шарт болған жағдайда ғана талап қою жолымен iс қозғай алады. Бiрiншi шарт мүдделi тұлғаның өтiнiшi болуы қажет, екiншi шарт азамат әрекет қабiлетсiз болып табылса. Осыларға жеке-жеке талдау жасайық.

Бiрiншi жағдайда, егер мүдделi тұлға дәлелдi себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса және бұл туралы мүдделi тұлға прокурорға өтiнiш бiлдiрсе ғана, прокурор азаматтың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн қорғау туралы талапты бере алады. Бұл жерде дәлелдi себептер ретiнде мүдделi тұлғаның жасы, денсаулық жағдайының нашар болуы (ауыр науқаспен ауыратын болса, мүгедек болса және т.б.), материалдық жағдайының нашар болуы, тағы басқа себептер болып табылады. Осы жағдайда мүдделi тұлға прокурорға сотта iс қозғау туралы өзiнiң еркiн бiлдiруi қажет (өтiнiш түрiнде). Ал егер прокурор мүдделi тұлғаның еркiнен тыс өздiгiмен талап арыз беретiн болса, мүдделi тұлға бұл прокурормен берiлген талапты қалдырмайтын болса, сот талап арызды қараусыз қалдырады. Сот және прокурор мүдделi тұлғаның өзiнiң еркiн ерiктi түрде бiлдiргендiгiне, оның өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiнетiндiгiне көз жеткiзулерi тиiс. Мұндай жағдайда мүдделi тұлғаның мүддесiне қайшы шешiм қабылдау диспозитивтiк қағидаға қайшы болар едi, ол қағида бойынша ²Іешкiмде өзiнiң еркiне қарсы талап қоюға мәжбүрлене алмайды²І - nemo invitus agire coqitus. Сонымен, прокурор мұндай iстердi қозғай отырып, бұған мүдделi тұлғаның келiсiмiн алу қажет.

Екiншi жағдайда, прокуро азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғау туралы талапты, мүдделi тұлғаның келiсiмiнсiз-ақ бере алады. Бұл жерде мүдделi тұлғаның әрекет қабiлеттiлiгi жоқ болуы қажет. ҚР АIЖК 46-бабына сәйкес, сотта құқықтарын өз iс-әрекеттерiмен жүзеге асыру және мiндеттерiн орындау, iс жүргiзудi өкiлге тапсыру қабiлеттiлiгi (азаматтық iс жүргiзу әрекет қабiлеттiлiгi) 18 жасқа толған азаматтарды және ұйымдарда толық көлемде болады.

Азаматта әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп сотпен танылуы мүмкiн. ҚР АК-нiң 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн. Бұл жерде көрiп отырғанымыздай сот өзiнiң шешiмiн келесi екi белгiге сүйене отырып шығарады:

  • медициналық-психикалық аурудың немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнiң болуы;

  • Психикалық-азаматтың өзiнiң әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмауы немесе оларды басқа алмауы.

Сонымен қатар, ҚР АIЖК-нiң 46-бабында көрсетiлген жасы 18 толмаған азаматтар әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп санайды, бiрақ кейбiр заңда қрастырылған жағдайларда азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтiк, әкiмшiлiк және басқа құқықтық қатынатардан және кәсiпкерлiк қызметтен алынған табысы немесе жалақысына билiк етуiмен байланысты мәселелерде туындайтын iстер ьойынша 14 жасатан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға сотта өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi қорғау құқығы берiлген. Осы жерде туындайтын мәселе: егер прокурор iшiнара әрекет қабiлеттiлiгi бар мүдделi тұлғаның келiсiмiнсiз талап арыз берiп iстiң түрiне қарай бұл мәселенi сот шешуi қажет. Сондай-ақ АIЖК-де әрекет қабiлеттiлiгi шектелген тұлғаға қатысты прокурор талап арыз берген жағдайда, оның келiсiмi қажет пе, жоқ па көрсетiлмеген, бiрақ АIЖК-нiң 46-бабының 2-тармағына сүйенсек, бұл мәселенi шешуге болады, яғни ондай тұлғалардың атынан прокурор талап арызды сотқа берсе, ол мүдделi тұлғалардың келiсiмiнiң қажеттiгi жоқ екенi көрiнедi. Қорыта айтқанда, әрекет қабiлеттiлiг жоқ, әрекет қабiлеттiлiгi шектелген мүдделi тұлғалар атынан прокурор талап арыз берсе, ол мүдделi тұлғалардың келiсiмi қажет емес, ал ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандардың атынан прокурор талап арыз берсе, ол мүдделi тұлғалардың бұған келiсiмi болмаса, мұндай мәселелердi сот шешуi тиiс.

Прокурор талап қою арқылы iс қозғаған кезде заңмен бекiтiлген сотқа жүгiну тәртiбiн сақтау қажет. Бiрақ бұл жерде кейбiр ерекшелiктер бар: талап қойған кезде прокурор iс бойынша мемлекетiк баж төлемейдi және ешқандай соттың шығындарын алып жүрмейдi. Прокурор талап арыздың барлық талаптарын сақтап (АIЖК-нiң 150-бабы 1-тармағы) берiлуi қажет, сонымен бiрге осы баптың 4-тармағында көрсетiлгендей, прокурор мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдденiң неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негiздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де ормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасауы тиiс. Прокурор азаматтардың мүдделерi үшiн өтiнiш жасаған жағдайда талап арыздар азаматтың өзiнiң талап қоюы мүмкiн еместiгiнiң себептерiн негiзге алуы керек; Арызға, әрекетке қабiлетсiз адамның мүдделерi үшiн арыз беретiн жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюының жүгiнуiне келiсiмiн бастайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Басқа тұлғалардың мүддесiнде iс қозғау үшiн прокурордн арнайы құқықтар талап етiледi. Көрiп отырғанымыздай, адамның және азаматтың құқытары мен бостандығының сақталуына қадағалау жүргiзу тәртiбiнде басқа тұлғалардың мүдделерiн қорғауды талап қою прокурордың лауазымды мiндетi. Прокурордың талап арызы бойынша қозғалған iске қай тұлғаның мүддесiнде қозғалды, сол тұлға оның мүддесiнде басталған iс туралы және онда талапкер ретiнде қатысу керектiгi туралы хабар берiлуi тиiс. Егер мүдделi тұлға iске қатысса, онда прокурордың талап арызы бойынша шығарылған шешiм ол үшiн мiндеттi болып табылады.

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, прокурор тлап қойған кезде өзiнiң көз қарасында бостандық пен құқы. Прокурор тлап қойған кезде өзiнiң көз қарасында бостандық пен құқығы бұзылған мүдделi тұлғаның көз қарастарымен де байланысты емес. Тек заңды басшылыққа ала отырып, өзiнiң берiлген талап арызды заңсыз және негiзсiз деген қорытындыға келе отырып прокурор тек қана құқылы емес, сондай-ақ заңды сақтаушы ретiнде талаптан толығымен немесе оның негiзсiз бөлiгiнен бас тартуға мiндеттi. Бiрақ мұндай бас тартуы мүдделi тұлғаның iстi мәнi бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды (АIЖК-нiң 55-бабы 5-тармағы). Талап қойған прокурорға заңмен дәлелдеу және нақтылау жүктеледi (АIЖК-нiң 65-бабы), сондай-ақ тараптардың сайсушылық және теңдiк қағидалары негiздеуге прокурор өз бастамасымен қозғаған iстердiң сотта қарауына қатыса отырып, талапқа дәлел блатыны материалдар ұсыуға, екii тарап ұсыған дәлелдемелердi зерттеуге белсендi қатысуға мiндеттi (ҚР Бас прокурорының ғ13 бұйрығы 3-бөлiм). Сондықтан жалпы қдағалау тiртiбiнде талап бере алдында прокурор қажеттi дәлелдемелiк материалдар жинауға, iстiң фактiлерiн талдап алуға, осы арқылы дәлелдемелердi анықтауға, оған өзiнiң құқықтық бағасын беруге тиiс. Прокурор өзiнiң талаптарын дәлелдеуге және жауапкердiң дәлелдемелерiне қарсылық бiлдiруге құқылы. Прокурор iстi қозғай отырып, iс бойынша өзiнiң түсiнiктемелерiн бередi және талқылауға соңғы болып қатысады. Тараптар талап қойған прокурорға сұрақ қоюға құқылы. Талап қойып отырған прокурорға қарсы талап қоюға болмайды, өйткенi ол дауласып отырған материалды-құқықтың субъектiсi болып табылмайды, қарсы талап iс бойынша талапкерге қойылады. Прокурор талап құқытың немесе iс жүзiнде негiзсiз болса, одан бас тарта алады, бiрақ ол iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiн аяқтауға құқылы емес (АIЖК-нiң 55- бабы). Iс кiммен қозғалғанына қарамастан қойылып отырған талаптардың заңдылығы туралы қорытынды беруге құқылы (АIЖК-нiң 213-бабы). Iс қозғаған прокурорға сот шешiмiнiң заңды күшi тарамайды. Қарастырылып жатқан iсте материалдық мағынада прокурор мен талапкердiң iс жүзiнде қатысуы жоғарыда айтқандай мiндеттi болып табылады, өйткенi қарсы жағдайда нақты азаматтың iстi қарау барысында заңдылықты қадағалау функциясын тиiстi түрде жүзеге асыра алмайды. Сот прокуродың қатысуынсыз iстi қарай алмайды, егер прокурор талаптан бас тартпаса. Материалдық мағынада талапкердiң iс бойынша дәлелдеме болып табылады. Талапкер оның пайдасына шешiм шығарған жағдайда даудың затын орындау бойынша шаралар қолданады. Жоғарыда айтып өткенiмiздей, прокурор талаптан бас тартса, мүдделi тұлға iстiң негiзi бойынша сотта қарауды талап ету құқығынан айырылмайды. Сәйкесiнше, бiр жағынан алып қарасақ, материалдық мағынада талапкердiң iс жзүзiнде сот талқылауына қатысу қажеттiлiгi процесуалдық сипаттағы себептерге байланысты – iс бойынша барлық дәлелдемелердi зерттеу үшiн, ал басқа жағынан – материалды-құқықтық себептерге байланысты. Қажеттi жағдайларда оның даудың пәнiне қатыстылығын анықтау үшiн. Бiрақ кез-келген жағдайда мұндай қажеттiлiк сотпен анықталады. Егер сот мүдделi тұлғаның қатысуынсыз iстi қарау мүмкiн емес деген қорытындыға келсе, мұндай мүдделi тұлғаның келуi мiндеттi болып табылды. Жоғарыда көрсеткенiмiздей, прокурор мүдделi тұлғаның еркiнен тыс iстi қозғай алады, бiрақ бұл мүдделi тұлға осы талапты қолдамаса, онда сот егер үшiншi жақтардың құқықтарын, бостандықтарын, мүдделерiн қзғамаса талап арызды қараусыз қалдыра алады. Әрине прокурордың талап арызы бойынша қозғалған iсте мүдделi азаматтың немесе заңды тұлғаның қатысқаны дұрыс болар едi. Осы АIЖК-нiң 150-бабы 4-бөлiмiнде көрсетiлгендей прокурор өзiнiң талап арызында талап неге негiзделiп берiлгенiн көрсетiлуi тиiс. Бұл прокурор үшiн айрықша маңызды мәнге ие. Прокурор сенiмсiз iстердi қозғамауы тiс. Сотқа жүгiнер алдында прокурор өзiнде бар материалдарды мұқият тексеруге тиiс, Iстiң мән-жайларын өзi үшiн анықтап, сотқа ұсыну үшiн қажеттi дәлелдемелер жинауы тиiс. Iстi қозғаған прокурор өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайларға сүйенуi тиiс. В.Н.Аргуновтың [35,87] айтуынша, прокурордың түсiнiктемесi тараптарлың түсiнiктемесiнен айырмашылығы дәлелдеу құралы болып табылмайды дейдi. Ал М.Н.Зубовтың пiкiрi бойынша талап қоюшы прокурордың түсiнiктемесi дәлелдеу құралы ретiнде сотпен қолданылады дейдi. Прокурордың талабы бойынша қозғалған iстi дұрыс тез аралықта шешу талпкердiң сот талқылауының қатысуына тәуелдiлiкте болмауы қажет. Сондықтан прокурор iс бойынша барлық мән-жайлардың дәлелдеуiн қамтамасыз етуi тиiс. Прокурорлар талап арызды жалпы қадағалау материалдары бойынша бередi, сондай-ақ азаматтардың шағымы және арызын тексеру нәтижелерi бойынша, қылмыстық және азаматтық iстер материалдары бойынша бередi. Прокурор өзiне заңыменен берiлген жалпы қадағалау құқықтарын пайдалануы тиiс. Бiрақ жалпы қадағалау тәртiбiмен алынған барлық мән-жайларды азаматтық процессте дәлелдеме ретiнде қолдануға болады. Прокурормен алдыртып алынған бұйрықтар, ережелер, шешiмдер, қаулылар және т.б. актiлер, содай-ақ құжаттар және мәлiметтер прокурормен жазбаша дәлелдемелер ретiнде берiлуi мүмкiн. Прокурор азаматтар мен лауазымды тұлғалардан заң бұзушылыққа байланысты ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап ете алады. Жалпы ереже бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жеке түсiнiктемелерi дәлелдемелiк күшке тек оларды сот заңда бекiтiлген тәртiпте жауап алған кезде ғана ие болады. Сондықтан iстiң iс жүзiндегi мән-жайлар азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың ауызша түсiнiктемелерiмен куәландырылса, соңғыларынан сот мәжiлiсiнде iс бойынша куәлар ретiнде жауап алынуы тиiс. Прокурордың қойылып отырған талабының негiздiлiгiн дәлелдеу бойынша қызметi талапкерге берiлетiн құқықтар шегiнен шықпауы тиiс. Сонымен бiрге, айта кету қажет, прокурор талап өндiрiсiнде, сондай-ақ ерекше талап өндiрiсiнде, ерекше өндiрiсте қозғай алады. ²ІҚР Прокуратурасы туралы²І жарлықтың 23-бабына сәйкес прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға құқылы. Бұл жерде заң шығарушы өтiнiш терминiн азаматтық процестi қозғаудың әр түрлi әдiстерiне қатысы бойынша тектiк термин ретiнде қолданған. ҚР АIЖК баптарына сәйкес талап өндiрiсi iстерi бойынша талап өтiнiш, ерекше талап өндiрiсi, ерекше өндiрiс iстерi бойынша өтiнiш берiледi. Прокурордың I инстанциясындағы сотта iс қарауының қатысуының тағы бiр нысаны. Прокурор басқа тұлғалардың бастамасы бойынша қозғалып басталған азаматтық процеске қатыса алады. АIЖК-нiң 55-бабының 2-тармағында көрсетiлгендей, прокурордың азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысуы мұның өзi заңмен көзделген немесе осы iске прокурордың қатысу қажеттiлiгiн сот таныған жағдайларда мiндеттi. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында iс бойынша қорытынды беру үшiн жәнее азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердiң қорғау үшiн өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы. Осы жерден көрiп отырғанымыздай, басталған iске қатысуы прокурордың өз бастамасы, соттың бастамасы бойынша, сондай-ақ заңда тiкелей көрсетiлген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн. Заңды күшi бар заңдрға сәйкес тiкелей заңда көрсетiлген ждағдайларды прокурордың қатысуы мiндеттi iстерден басқа iстерге қатысуын сот шешедi не болмаса прокурор ҚР Бас прокурорының №13 бұйрығын басшылыққа ала отырып шешедi. Нақты азаматтық iстердi қарағанда прокурордың қатысу қажеттiлiгiн iстiң мемелекеттiк маңыздылығына және өзектiлiгiне қарай прокурор өзi анықтайды. Жоғарыда айтқанымыздай, азаматтық iс қозғау мақсатында талап қоюшы прокурор және басталған iске қатысушы прокурор бiрыңғай қадағалау функциясын атқарады. Басталған iске қатысушы прокурор әрқашанда ол iс бойынша қорытынды бередi. Прокурормен қарсы тарап қою немесе дербес талап қоятын үшiншi жақтың мүддесiнде талап қоюы прокурормен талап арыз қою арқылы азаматтық iстi қозғаған жағдайда туындайтын процессуалдық салдармен ажыратылады. Бiрiншi жағдайда сот талқылауының пәнi болып табылатын материалды-құқықтық қатынатардың ажырамас байланысы нәтижесiнде бiр iске бiрiктiрiлген екi iстiң жиынтығы туралы сөз жүредi. Сонымен қатар, қарсы талап қоюы да, дербес талап қоятын үшiншi жақтың талабы да бастапқы талапты жоққа шығармайды. Бұл жағдайларда прокурордың сот жарыссөзiне қатысқанына қарамастан, iс бойынша қорытынды беруi қажеттi болып табылады. Екiншi жағдайда бiр iс қралады. Және процессуалдық мағынада оның бiр тарабы ретiнде талап қойып отырған прокурорды санауға болады. Айтып өткенiмiздей, мұндай жағдайда прокуррдың қорытынды беруi қажеттi емес, өйткенi прокурордың позициясы анық көрсетiлген. Бiрақ осы жадайларда және кейбiр басқа жағдайларда прокурор iстiң негiзi бойынша қорытынды беруге тиiс. Мұндай қорытынды бiздiң көз қарасымыз бойынша азаматтық iстi қозғаған прокурор берген талабынан бас тартқан немесе сот мәжiлiсiнде прокурормен бiрге мүддесiне талап берiлген мүдделi тұлға қатысып отырса және оның талабы, оның позициясы прокурордың позициясына қайшы келген жағдайда берiлуi мүмкiн. Iс бойынша қорытынды берушi және оған iс қозғалғаннан кейiн қатысушы прокурор талап қоюшы прокурорға қарағанда ауыр жағдайда болады. Талап қоюшы прокурордың позциясы азаматтық iс қозғалғанға дейiн әрқашан қалыптасып қойылады. Ал басталған iске қатысушы прокурор өзiнiң позициясын сот талқылау процесi кезiнде сот мәжiлiсiнде қаралатын материалдардың негiзiнде қалыптастырылады. Прокурор iстiң анықсыздығына немесе заң актiлерiнiң толық еместiгiне сiлтеме жасай отырып қорытынды беруден бас тарта алмайды. ҚР АIЖК-нiң 213-бабына сәйкес, iс тарап болып табылмайтын және осчы кодекстiң 55-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi. Сотта iс қарауда iстiң мән-жайлары барлығы толық және дұрыс зерттелсе, әрбiр мүдделi тұлға iске қатысуға қатыстырылса және iстiң мәнi бойынша әрқайсысы өзiнiң түсiнiктерiн беру мүмкiндiктерiне иеленсе ғана прокурордың iстiң мәнi бойынша жиналған дәлелдемелердi талдау мағынасында ол мазмұнды болуы тиiс.

З.К.Абдуллинаның [38] пiкiрiнше, прокурордың қорытындысында мыналар мазмұндалуы тиiс:

  • Егер iсте азаматтардың конституциялық және басқа да елеулi құқықтары мен мүдделерi(еңбектiк, тұрғын үй) қозғалса, осы соттағы қаралып жатқан iске берiлген қоғамдық және саяси баға;

  • Сотпенен зерттелген дәлелдемелiк материалдарға объективтiк баға;

  • Даулы құқықтық қатынасты реттеушi құқықтық нормалар мен анықталған фактiлер негiзiнде берiлген қорытындыдылар;

  • Iс қалай шешiлуге жатады, қандай заңға сәйкес шешуге, талап толық немесе iшiнара қанағаттандырылуы немесе талаптан бас тартуға байланысты оның пiкiрi. Бұл жерден прокурордың қорытындысының мемлекеттiк басқару органдары берген қорытындысынан, сондай-ақ сарапшы немесе маманның қорытындысынан елеулi айырмашылығын көруге болады,

  • Прокурордың қорытындысы дәлелдеме болып табылмайды,

  • Cондықтан азаматтық процесуалдық заңдарда сот прокурордың қорытындысын қалай бағалау керек, онымен келiсе ме немесе келiспей ме ол туралы ережелер жоқ. Бiр тұрғыдан алсақ, мұдай арнайы ережеде қажеттiлiк бар. Ол сотпенен iстiң мән-жайларының барлығын толық және дұрыс анықтауына, материалдық және процесуалдық құқық нормаларын дұрыс түсiндiруiне және процесуалдық құқық нормаларын дұрыс түсiндiруiне және қолданылуына көмектеседi.

Басқа тұрғыдан алсақ «дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау» қағидасы бұзылады, атап айтқанда ол қағидаға сәйкес «судья iсте бар дәлелдемелердi олардың жиынтығымен әдiл жан-жақты және толық қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады». Бұл жерден көретiнiмiз, судья дәлелдемелердi өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, оған прокурордың қорытындысы қажет емес, бiрақ шешiм шығарған кезiнде прокурордың қорытындысын ескерiп кетуi қажет, яғни прокурордың қорытындысы судьяға көмекшi құрал ретiнде қарастырылуы тиiс.