Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДиП АЛИХАН Word.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

3.2. Істі мәні бойынша қарау барысында судьялардың құқықтық мәртебесін жетілдіру

«Қазақтан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы №132 – ІІ 25.12.2000 жылғы Конституциялық заңында көрсетілгендей: «Ешқандай басқа органдар сот билігінің функцияларын және судьялардың өкілеттіктерін атқару құқығына ие бола алмайды. Сот өндірісі тәртібімен қарастырылуға жататын арыздар, үндеулер, өтініштер басқа органдар мен лауазымды адамдар және басқа да тұлғалармен бақыланбайды», ал осы заңның 2-бабында: «әркімге республика конституциясымен және заңдарымен бекітілген құқықтары, бостандықтары және заңды міндеттері» кез-келген құқықтық емес әрекеттер және заңсыз шешімдерден, мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды және басқа да тұлғалардың заңсыз тыйым салуы және шек қоюы соттың қорғауы арқылы кепілденеді» [40].

Осындай өтініштер бұрын қаралған қаралмағанына қарамастан соттарда тікелей қарауға жіберіледі, Жоғары тұрған лауазымды тұлғаның өтінішінің қарастырылуы сот органдарының шешімдеріне қайшы келмеуі тиіс.

Егер Қазақстан Республикасы заңдарымен адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, жеке тұлғаға ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік берілетін болса, қоғамда жоғары лауазымдық дәрежеге ие болатын тұлғалардың белгілі бір мәселелелерін қозғауда алға қойылады. Бұл жағдайда, біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдік қағидасына, сонымен бірге барлығының заң алдында теңдігі қағидаларында біраз келіспеушіліктер кездеседі. Логикаға сәйкестендіретін болсақ, осы позициялар Қазақстан Республикасы Конституциясында нақты түрде анықталуы қажет. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін тез арада соттық жүйені ,сондай-ақ барлық құқықтық салаларды қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістермен байланыстыра келтіріп енгізу керек болды.

Қазақстандағы сот билігінің қалыптасу мәселелері, соттың құқық қолдану барысында әрекет етуі мен әрі қарай дамуын қайта қарауды қажет етеді.

Осы ретте Республика Президентінің Нурсұлтан Назарбаевтың Елорда-Астана қаласындағы 6.06.2001 жылғы соттардың “Әділсот- әділеттілік” деген III-съезіндегі сөзін келтіре кеткім отыр. «Ел Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық реферундум арқылы қабылданды. Ел Конституциясы мен заңдары қалыпты бөлікпен қоғамды қамтамасыз ете отырып экономикикалық реформа егемендіктің нығайуының негізгі құралы болып қала береді. Жүргізілген реформа саясат төңірегінде адам құқығы мен бостандықтарын қорғауда фундаменталды түрде қайталанбас ерекшелігі мен көзге түсті.

…Сіздер өздеріңіз сот билігін көз алдарыңызға елестете аласыздарма, негізгі бағыттары адам құқықтарын қорғаудан тұрады, азаматтардың ұйымдардың бостандығы мен заңды мүдделерін, елдегі Конституция мен Заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сотттардың бұл қызметі қоғам үшін өте маңызды. Монтеське айтқандай адамдар үшін сот әділдігінен басқа маңызды еш нәрсе жоқ деді. Сондықтан сот қызметі қоғамда тек заң жағынан емес сонымен қатар саясат жағынан да көп маңызға ие болады.

…Біз Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығы жылында кездесіп отырмыз.Бұл кез келген мемлекеттің тарихында, ал біздің мемлекетіміз үшін – тіпті де өте маңызды белес. Қысқа тарихи мерзімде біз экономикада бірнеше дағдарысты еңсердік, мемлекет оның институттарын құрдық, саясат пен экономиканы 180 градусқа бұрдық. Қазақстан тұрақтылық жағдайында өмір сүруде. Экономиканың артуы бізге барлық салада жақсылықтар жасауға мүмкіндік туғызды. Мұны сіздер, судьялар , сезініп отырсыздар.

Біздің еліміздің судьялары ең басты мәселеге негізделген жаңа көзқарастарды талдап жасайды деген сенімдемін,. мәселені адамдар өздерінің құқықтарын қорғау үшін шенеуніктерге емес,әкімдерге емес, Үкіметке емес, Президентке емес, сіздерге келетіндей етіп қойыңыздар. Мәселені олар сіздерге сенетіндей,сіздерге келетіндей етіп, ал сіздер барлық проблемаларын әділдікпен шешіп беретіндей етіп қойыңыздар. Тек осылай ғана сіздер біздің халқымыздың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене аласыздар»-деді Елбасы.

Республика Президентінің бекітулерін еске ала отырып, сондай-ақ ары қарайғы процесстерде саралауда біз мынандай шешімге келдік, ол бүгінгі нақты сот жүйесін анықтаумен сот қызметі мазмұнын бағыттарын айқындау. Бұл ретте сот билігінің мазмұны мен функцияларын ашу болып табылады және сот практикасын Қазақстан Республикасын құқықтық жүйедегі анықтау, соттық құқық қолдануда оған жаңа түсінік беру ,соттың талқылау және оның түрлерін жүйелеу. Сонымен қатар сот жүйесінің тиімділігін көтеру судьялардың қызметін, әрі қарай дамуына көтерілуіне ықпал ететін реформаланған іс шаралар жүйесін анықтау.

Қазақстан Республикасының сот билігін реформалау кезеңдерінде судьялардың құқықтық мәртебесі де көптеген өзгеріске ұшырап отырды.

І. Кезең 1990-1993жылдардағы сот билігін реформалау барысы 1990ж 25 қазанда қабылданған «Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі» туралы декларациядан бастап Қазақстан – мемлекеттік егемендігіне ие болуының ең бастапқы кезеңдеріне сай келеді.

Осы аталған тарихи құжаттың 1 бабына сәйкес Қазақ ССР – і егемендігі болып жарияланды, яғни «Ерікті түрде басқада егеменді республикалармен бірігіп, келісім – шарт негізінде қарым қатынас орнатады». Осы арқылы «Қазақ ССР – і Кеңестен ерікті түрде шығу құқығын сақтап қалады. Қазақ ССР – ң заңдары мен Конститутциясының үстемдігін бекітті. Сонымен бірге Декларацияның 7 бабына байланысты мемлекеттік билікті жүргізудің негізгі қағидасы ретінде биліктің бөлінуінің жариялады, «Республикада мемлекеттік билік» биліктің бөліну қағидасына байланысты заң шығарушы, атқарушы және сот арқылы жүргізілу. Басқаша айтқанда, Декларация Қазақстан – егеменді мемлекет ретінде, сотты қоса алғанда мемлекттік билікке қатысты мәселелерді жеке дара реттеу құқығын бекітті.

Қазақстан осы құқықты пайдалана отырып, 23 қараша 1990 ж. «Қазақ ССР-ң сот құрылысы» туралы заң қабылдады. Осы заңға сәйкес барлық судьялардың өкілеттілігін он жылға дейін ұзартты. Судьяларды сайлау тәртібіне өзгеріс енгізілді, аудандық қалалық халық сотының судьяларын – Алматы қалалық және облыстық кеңестік халықтық депутаттары сайлады, ал жоғарғы судьяларды және Алматы қалалық, облыстық судьяларын – Республикалық жоғарғы кеңесі сайлады. Әділет министрлігінің оның аумақтық органдары судьялардың қызметін материалдық техникалық ұйымдастыруын қамтамасыз етуде өкілеттілігі кеңейтілді.Осы нормативтік – құқықтық акт – сот билігінің тәуелсіздігінің дамуына, Қазақстандық сот жүйесінің қалыптастырудың негізі болып табылды.

Ал басқа тарихи кезеңдер осы кезеңді – 1991жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы»Конституциялық заңның қабылдануымен айқындайды. Маңызды ерекшелік – заңы мен Декларациядағы бекітілген негіздерде болып отыр. Декларация – Қазақ ССР – ң егемендігін Одақтың шеңберінде ғана жарияласа, ал Коститутциялық Заң Қазақстан Республикасының толық егемендігін айта отырып, Одақтық шаралармен шектелмейді. Коститутциялық заңда Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттердің байланыстылығының негізгі қағидаларынан және аумақтық тұтастығы мен бөлінбейтіндігін,мемлекеттік тәуелсіздіктің экономикалық негіздеріне, тілдің дамуын, барлық азаматтардың теңдігін, халық – егемендігін негізгі қалаушысы және мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде екендігін әрбір норма мазмұны айқындалады. Мемлекеттік биліктің бөліну қағидасын заң шығарушылық атқарушылық және сот билігін бекітті. Жоғарғы Сот – Конституцияны сот арқылы қорғаудың жоғарғы органдары болып жарияланды. Республикада қоғамда заңды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан қорғалуына кепілденуі және мемлекет оны соншалықты сазайын тарттыру, қорғау қызметінің шегінде орындалуын басшылыққа алады [41].

Мемлекет тәуелсіздігі туралы Коститутциялық заңы Қазақстан Республикасында сот билігінің жаңа заңды түрде бекітілуінің ең негізгі базасы болып табылады. Осындай бірінші әрі бастапқы сот реформасының кезеңін кез – келген құқықтық мемлекетте соттардың өкілеттіктерін бекіту негізі деп айтуымызға болады. Сот қоғамда кез – келген қарама қайшылықтарды, дауларды шешуде әділ және заңды түрде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепілі болуы тиіс. Өкінішке орай бастапқы жылдарында соттардың яғни судьялардың тәуелсіздігі тек ғана соттық құқықтық реформада жазу күйінде сақталып, оларды шешудің тек бір бөлігі болып табылады.

Сот жүйесінің реформалауының екінші кезеңі, біздің көзқарасымыз бойынша егеменді Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданған 1993 ж. 28 қаңтар күнінен басталды, олар соттық әрекеттердің ұйымдастырылуының негізгі қағидаларының жүйесін бекітті. «Сот билігінің» ұғымы бірінші рет билік тармақтарының заңында бекітілді, осыған байланысты билік тармақтарының әлеуметтік тағайындалуында – заңдылықты және әділдікті, Коституцияның басымдылығын, құқық пен бостандықты қорғауы айқындалып белгіленеді. Сот билігінің аумақтық, негізгі юридикциялары қолданылуы, Қазақстан Республикасының Коституциясының заңдардың, өзге де нормативтік актілердің, халықаралық шарттар мен міндеттемелері негіздерінде туындайтын барлық даулар мен істерді қарауда қолдану, сондай ақ жеке дара барлық даулар мен істерді қарауда қолданады, сондай – ақ жеке даралануы өзге лауазымды тұлға мен өзге органдардың олардың қызметке араласпаушылығы айқын айтылды. Басқа да жаңа маңызды фактілерге байланысты 1993ж конституция сот билігін үлкен 3 тармаққа бөлді:

Жалпы юрисдикциясы сот, аралық сот және конституциялық сот. Сонымен бірге әрбір тармақ конституциялық соттан басқасы өзінді жеке құрылымы төменнен жоғарға қарай соттардан құралады.

Жоғарғы сот және жоғарғы аралық сот – сот билігінің өзінің өкілеттілігіне байланысты жоғарғы органы болып саналды, олар өзінен төмен тұрған соттарға сотты қадағалау жүргізді. Коституциялық сот – Қазақстан Республикасының Конституциясын қорғайтын сот билігінің жоғарға органы болып тағайындалды. «Жоғарғы үш соттарды сақтаудың қажеттілігі әр қайсысының өзіндік маңызды ерекшеліктерімен дәлелденді, сондықтанда оларды біріктіру сот билігінің тиімсіздігіне әкеліп соқтырады».

1993 ж. Негізгі Заң арнайы және төтенше соттарды, лауазымды судьяларды құруға тыйым салды. Бұл Сот әділдігін соттан басқа орган жүргізе алмайтындығын дәлеледеді. Сондай – ақ Коституцияда судьялардың негізгі құқықтық мәртебелері бекітілді. (сайлау тәртібі қызметтен босату тәртібі, судьялардың тәуелсіздігі, басқа әрекеттермен айналыспауға) және т.б. Конституция судьяларды сайлау тәртібін бекітіп, яғни Конститутциялық, Жоғарғы және жоғарғы Аралық сот судьяларын Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы Кеңес сайлады, басқа судьялардың қалыптасуымен тәртібін жоғарғы Кеңес бекітті. Сонымен, Конституцияның басымдылығы бірінші – сот әділдігін жүзеге асырудағы негізгі қағидасы болып есептелді. Судьялардың тәуелсіздігі және судьялардың нақты нормалармен кепілденді, бірақ судьялардың саяси істерге араласқаны бекітілді. Толығымен алынғанда 1993 жылы конституция қоғамда демократияның даму процестерінде және құқықтық жүйенің қалыптасуын өте маңызды рөл атқарды. Қазақстанның мемлекеттік тірлігін одан әрі нығайту биліктің тармақтауы мен тиімді механизмдерінің әсерін талап ету әсер ету жүйесін қолдану арқылы ұстап қалу және Қазақстанда экономикалық құлдырау және атқарушы заңды өкіметтерінің арасындағы келіспеушілік жағдайды шешетін механизмдер жоқтығы саясаттың құлдырауына әкеліп соқтырды. Орындаушы және басқарушы органдардың қарсы тұруы тек қана жоғарғы жақта емес, жергілікті өкіметтер арасында жүріп жатты, осылардың әсерінен 1993 жылы күзде жергілікті кеңесте жапбай өзіндік күйреу басталды. Осы жылдың желтоқсанында жоғарғы кеңестің 12 отырысы өзіндік күйреумен аяқталды. 1994 жылы наурыз айында Жоғарғы кеңестің жаңадан құрылуы өкімет тармақтарының арасындағы қарама – қайшылық жағдайды тоқтата алған жоқ 1995 жылы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциялық сот шешімінің нәтижесінде жоғарғы кеңестік 13 отырысы заңсыз болып есептелінді. Осыдан кейін соңғысы Елбасымен таратылды. Констиуциялық сот шешімі саяси немесе заңдық баға беруіне қарамай келесіні белгілеуге болады. Конституциялық әділет саяси сұрақтарды шешуге тартылды, өздері оны тілеген жоқ. Барлығы заңдық базаны жетілмеуінен болды. Басқа жоғарғы соттар, прокуратура конституциялық соттар қаулысының заңдылығын қайта қарауға құқықтары жоқ еді.

Конституциялық сот істерінде, конституцияның қабылдаған заңдарына бақылау өткен сайлаулардың шешімі, 1995 жылы қоғамда саяси тұрақсыздықты әкеліп соқтырды. Сонымен қатар соттық өкіметтің әлсіздігі басқа да тармақтарына таралды. Конституциялық мөлшерді бекіту кезінде соттың әлсіздігі байқалып, сол күйінде қала берді. Қоғамдық қатынастардың дамуында жаңа қабылданған заңдардың сапалылығы, құқықтарды қолдануда жоғарғы білімділік құқық қорғау органдарының жұмыстарының сапалылығы талап етіледі. Соттық реформаның қажеттілігі жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауды себеп болды. Мысалы: 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясы 100 статьясында сот өкілеттілігі 10 жыл уақыт белгіленген, жалпы әлемдік тәжірибеде дәлелдену бойынша, соттық құқықтық көшірмесін қамтамасыз етуде айналысу ісінде өмір бойы уақыты белгіленген.

Соттық өкілеттіктін мәні адам құқығын және бостандығын қамтамасыз ету қоғамдық өмірге ене бастады. Соттық жүйенің тиімділігін көтеруде соттарды бекіту соттық жүйенің бірлігін қамтамасыз ету соттық егемендік кепілдігін бекіту қажет етілді [42].

Соттық жүйенің әрі қарай дамуын құқықтық реформаның мемлекеттің әдісін анықтады. 1994 жылы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Елбасының қаулысымен бекітілген жаңа жалпы қатынастар заңдардың сапалалығымен құқықтарды қолдануда жоғарғы білімділік, құқық қорғау мекемелерінің сапалы жұмыстары іске асты. Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанда құқық жүйесін өзгертуді жаңа заңдарды қабылдауда және қайта қарауда құқық қолдану органдарының ісінде көрінді. Бағдарламаның бөлек бөлімі болып соттық реформаның сұрақтары қаралды. Қаралған шаралар соттың әлеуметтік дәрежесін көтеруді мақсат етті, құқықтық мәртебелерді бекітуде соттардың құқықтық және әлеуметтік қорғау сұрақтары шешілді. Сот азаматтардың құқығын және бостандығын қорғауда кепіл болу керек. Құқықтық реформаның бағдарламасы Қазақстанда соттық жүйені дамытуда маңызы зор болды. Соттық реформаның бағдарламасына сәйкес өзара байланысты және өзара қамтамасыз етілу бағытында болу керек:

  • Сот құрылымын және сот ісін қайта құру

  • Құқықтық материалдың орындалуы

  • Құқық органдарының құрылымы қайта құрылу, соның ішінде ішкі істер органдары,тергеу, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және әділет органдары мен басқа да құқық қорғаушылар.

Сот істерін қарау төрт инстанцияда жүргізілді:

1 инстанция – азаматтық және қылмыстық істі қарау, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс қарау.

2 инстанцияда аппеляциялық инстацияда – заң күшіне енбеген сот үкіміне, шешіміне келіп түскен шағым бойынша істі қайта қарау.

3 инстанция – кассациялық инстанция заң күшіне енбеген сот үкімі, шешіміне келіп түскен шағым.

4 инстанция – қадағалау инстанциясы – сот инстанцияларының және прокурорлардың протест бойынша заңдық күшіне енген істерді қарау.

Осыған байланысты сот жүйесі құрылды:

  • аудандық сот – 1-ші инстанциядағы соттар, бірыңғай судьялар болды, азаматтық, қылмыстық құқықты және әкімшілік құқық бұзушылар істерін қарады.

  • Облыстық сот – 1 инстанциядағы судьялар, әр категориядағы қылмыстық және азаматтық істерді, өлім жазасына кесілгендерді, аппеляциялық, кассациялық және бақылау инстанцияларындағы істеуді қарады.

  • Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – жалпы сот жүйесіндегі жоғарғы орган болып есептелді.

Ерекше жоғарғы соттық функциясына 1 соттық инстанцияда қаралу негіздері шектелді, яғни олар мемлекет лауазымды тұлғаларының қылмыстық істері бойынша істерді қарай алмады, сонымен қатар аппеляциялық инстанциялық істерді қарау бекітілді. Бағдарлама бойынша біліктілік алқалары немесе соттық кеңестік ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті судьяның басшысын тағайындау қағидасын бекіту жоспарланды. Судьяларды біліктілігі конкурстық негізде іріктелді. Заңда көрсетілген негіздер мен тәртіптерде судьяны қызметтен босату және өкілеттілігін тоқтату жүргізілді. Соттың заңдық күшіне енген үкімін негіздейтін реформаны қазір біз мемлекеттік құқықтық реформалауда құқықтық мемлекет қалыптастыруда үлкен роль атқарғаны туралы айта аламыз. Бірақ Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының қабылданғанына байланысты қоғам мен мемлекеттің дамуын стратегиялы, мемлекеттік институттардың жаңа жүйелерінің құқықтары мен бостандықтарының негізділігін бекіткен мемлекеттік бағдармалардың орындалған негізгі нәтижесі болып табылады. 1995 ж 30 тамызда жалпы халықтық референдум өткізілді. 1995ж 1тамыз басқа бетіне жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конститутция жобасын қабылдаймыз ба деген сұрақ енгізілген бюлетендер болады. Нақты референдумда 8212773 азамат қатысып 89,14% халық қатысып дауыс берді. Қарсылығы тек қана 800839 адам немесе 9,9% дауыс берілді.

Судьялардың құқықтық мәртебесін жоғарылату үшін тәуелсіз Қазақстанда азаматтық құқық қорғау негізінде судьялардың әрекеттерін дамыту үшін тек қана заңға бағыну шарты қойылды. Құқықтық мемлекеттік конституциясында бекітілген азамат әлеуметтік өзге де құндылықтарды белсенді қорғау арқылы жеткізілуге болады. Соттың биліктің демократия негізгі құралы болып бұқаралық ақпарат құралдары танылады. Саяси партиялардың құралы ретінде бұқаралық ақпарат құралдарындарындағы кеңестік сот жүйесінде демократияны көрсете бастады. Қазіргі таңда, олар жеке партиялардың саясаттарынан тәуелсіз жеке дара өз қызметтерін жүзеге асырады, сондай ақ сот билігіне байланысты сонымен бірге сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының араларындағы қатынастар аяқ астынан өзгеріске ұшырады. Бірнеше ондық сот процесстерінде жалпы және аралық соттарда бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы - сот билігі сөз бостандығын әр дайым кепілі бола бермейді және ар ождан мен қадір қасиеттің негізі болуы қиындау. Ал басқа жағынан бұқаралық ақпарат құралдары сот билігінің әрекеттеріне арнап бірнеше мәліметтерді жариялайды. Көбінесе соттық криминалды хроникасынан тереңірек толық тоқталады. Сол уақытта қаржылық, азаматтық, әкімшілік және тағы басқа сот талқылаулары оларға қарағанда жеңіл желпі қаралады. Кеңестік кезеңіндегідей бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен криминалға, қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізу арқылы қоғам мен соттық әрекеттерді байланыстырады. Қазіргі таңда жанұялық қарым қатынастар жеке кәсіпкерлік әрекеттердің еркіндігі адамдардың қадір қасиеті, мен ар ожданы, меншік құқығына байланысты соттардың әрекеттеріне көп көңіл бөлінуде. Бұқаралық ақпарат құралдары – халық дауысы ретінде, сот билігінің бірдей деңгейде болуға міндетті емес, бірақ қоғамдық судьясы оның болуы тиіс. Барлығы ұтады: халық, судья және бұқаралық ақпарат құралдары. Әрине жоғарыда келтірілген қоғамдық саяси аспектілер демократиялық сот билігін қалыптастыру үшін толық емес. Бірақ мұндай саралау Қазақстандық қоғамдық еркін дамуынынң кепілі сот билігі әлі де бола алмай келетіндігін бекітуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтар Конституция мен заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерін әліде тиімді пайдалана алмайды. Бұндай сот билігінің қоғамдық жағдайы өтпелі кезеңге өту кезеңінде азаматтық қоғамның белсенді роль атқаруы ғана өзгертуі мүмкін. Азаматтың тарихында – қоғамдағы демократияның деңгейі. Мемлекеттік органдар жүйесінде соттың алатын орны және азаматпен адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы ролін айқындау арқылы дәлелденді. Нақты сот ғана адамдардың құқықтары мен босатндықтарын қалпына келтірудің тиімділігін қамтамасыз етуге арналып құрылған. Адамдардың құқықтар мен міндеттерін айқындау үшін әрбір адамдардың шағымдарының негізділігін заңды тәртіптермен бекітілді.

Осыған байланысты реформалардың зерттеу және тәжірибелік мәселелерін салыстыру арқылы сот билігінің теоретикалық мәселелерін шектеулі байланысы бар екендігі жөнінде қорытынды шығаруға болады. Осыған байланысты оның сипаттамасы – шаралар жүйесі ретінде сот жүйесінің және судьялар қызметінің құқықтық мәртебесінің басымдылығын жоғарылату мен қамтамасыз етуге бағытталады.

1.2.1995 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі сот жүйесін реформалау бойынша судьялардың құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №1569 12 ақпан 1994 жылғы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы бойынша аталған мәселелерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда «кеңестік» құқықтық жүйеден мұраға қалған тоталитарлық режимнің әсерінен, құқық қорғау және құқықты қолдану органдары репрессивті сипатта болатын, идеологиялық және саяси ұрандармен қызмет жасады. Осындай әрекеттердің негізінде, «қоғамдағы заң шеңберін тереңірек реформалау қажеттілігі туындады» [42]. Аталған реформадағы мемлекеттік биліктің негізгі бағыттары 30тамыз 1995 жылы қабылданған Конституцияда атап көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанды қалыптастыру және дамыту үшін тиісті жағдайларды жасау болып табылады. Сот реформасы аталған құқықтық реформадағы негізгі бір компоненті ретінде танылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл реформадағы биліктің сот тармағы қоғам алдында адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы кепіл ретінде танылады. Соттық құқықтық қолдану – қоғамдағы объективті қажеттіліктерге сәйкес заңдардың маңыздылығына баға беру болып танылады. Судъялардың өздері сот төрелігін жүзеге асыра отырып, заңдарды қолдану және талқылау мәселелерімен, олардың қайшылықтарымен кездеседі. Сондықтанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан республикасы судъяларының ІІІ-съезінде сөйлеген сөзінде «Сот төрелігі – бұл әділеттілік» деп өтеді, Астанада 06.06.2001 жылы, осы съезде «әділеттіліктің қалыптасу кезеңі» ретінде Елбасы өз сөзін толықтыра түседі. Ұзақ уақыт бойы қоғамда орын алған құқықсыздық сот билігінің беделі мен күшін аңғартатын еді. Мемлекетіміздегі сот билігінің құқықтық реформалануы жаңаша құрылу мен жаңаша түсінудің, атап айтатын болсақ, сот құрылымының ұйымдастырылуы, сот өндірісінің жүзеге асырылуы, саяси-құқықтық жүйедегі сот билігінің алатын орны сот төрелігінің орындалу процедуралары, судья корпусы құқықтық мәртебесінің мәселелерімен байланысты жүзеге асырылу болып саналады. Осы аталған мәселелер бүгінгі күні толығымен әрі нақты түрде мемлекетіміздегі заңдылықтарда көрініс табады. Ол заңдарды атап көрсететін болсақ, 01.09.2000 жылы қабылданған №440. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту шаралары туралы» Жарлығы; 25.12.2000 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы; 28.05.2001 жылғы Қазақстан Республикасының №203-ІІ «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың кеңесі туралы» заңы және т. б. Аталған нормативті-құқықтық актілер құқықтық мемлекет талаптарына жауап беретін, сот жүйесінің құрылуы мен дамуының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының 25.12.2000 жылғы №132-ІІ «Қазақстан Респуликасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңының І–бөлімінде көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы сот билігі заңда көрсетілген тәртіп негізінде тұрақты жұмыс істейтін судьялар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот төрелігі тек қана сот органдарымен жүзеге асырылады». Заң актілерін басып шығаруға, басқа органдарға сот өкілдіктерін беруге тиым салынады. Ешқандай басқа органдар мен тұлғалар сот билігінің атқаратын қызметтері немесе судья өкілеттіліктерін өзіне пайдалануға құқықтары жоқ. Онда соттар мен судьялардың беделі мен статусын көтеруге бағытталған жаңа ережелер, судья қызметіне тағайындаудың процедураларын өзгерту, судьялардың ауыспалылығы мен қатыстылықтары, жариялылық пен тазалықта қызмет ететіндіктері туралы көрсетілген. Осымен сот органдары үшін проритетті мәселелердің қойылымдары келісіліп алынған, құрамында: азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен бостандығын, құқықтарын қорғау, республика Конституциясының, заңдарының, басқа да нормативті құқық актілерінің, халықаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ұйымдар тарапынан болатын қыспақтар мен құқықты шектеушілердің алдын алудың барлық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету көрсетілген. Бұл мәселелер сот жүйелеріне қатысты позициялардың Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның анықталған Мемлекеттік Бағдарламасының бейнесі болып қалды: «Сот жүйесінің реформасы судьялардың әлеуметтік дәрежелерін көтеру керек, соттарды жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандығын қорғаудың сенімді кепілі ету, қоғамда болатын жанжалдарды заңды және әділ шешілуін жүзеге асыру, судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу. Сот реформаларының шарттары сот процестеріндегі түпнұсқалық тартыстарды бекіту, тараптардың тең құқықтары, соттарды дәлел жинау міндетінен босатып, ол міндетті басқаларға жүктеу болып табылады. Сондай-ақ сот өз тарапынан дәлелдер айтуға, сонымен бірге басқалардың дәлел жинауына көмектесуге құқысы бар. Сот қызметінен барлық айыптаушы элементтер алынып тасталуы керек». Қазақстан Республикасы үшін сот биліктерінің тәуелсіздігі мен беделдігін арттыру және тұрақтандыру, құқықтық статусты нығайту барынша өзекті мәселе болып табылады. Автономды, мықты сот құру – бұл әсіресе нарық экономикасының қызығушылығын тудыратын уақыт талабы. Қазіргі уақытта біздің әділ сотқа сенбеушіліктің кесірінен, шетелдік инвесторларды елімізге ағылдыру үлкен проблема жасап отыр. Қазір Қазақстан үшін ең маңыздысы жыйырма жыл ішіндегі жасалған тәжірибелерді бағалай отырып, ұлттық сот жүйесінің бағытын ары қарай дамыту. Сондықтанда үлгілі тәжірибелерді түсіну мен сіңіру, алдыңғы қатарлы заңды дәстүрлерді қабылдауда республикамыз үшін өзекті мәселе болып қалып отыр. Қазақстан Республикасында сот билігінің тиімді жүзеге асырылуы үшін қажетті механизмдердің ғылыми-негізделген нұсқаулықтары қажет. Мысалы, мынадай фактілерде кездеседі, соттар қабылданған шешімдердің жауаптылығынан бас тартып, қылмыстық істің қайта қаралуына жібереді. Азаматтық және шаруашылық істерді қарастыруда сот қызметтерінде басқада мәселелер орын алады. Сот істерінің қаралуына көңіл толмаушылықтан, әділеттілікке сенімсіздік тудыратын, жеке және заңды тұлғалардың көптеген шағымдары сот беделін көтеруге көп кедергі жасайды. Қазақстандағы сот биліктерінің жоғарыда айтылған мәселелері біздің зерттеуіміздің объектісіне тікелей қатысты. Жалпыға белгілі құқық ғылымындағы «сот билігі» деген түсінік жаңа категория болып табылады және 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басынан ғана зерттеліп келеді. Бұл Кеңес мемлекеті кезінде мемлекеттік саясат аймағында теоретикалық концепциялар болды және елімізде тұтас ажырамайтын мемлекеттік билік өмір сүрді. Сондықтан мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде сот билігі туралы мәселе болмады. Ғылыми зерттеулерде әділ сотпен байланысты проблемалар құқық қорғау жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылды [43]. Сондықтанда «сот билігі»және «судьялардың құқықтық мәртебесі» туралы түсініктің қажеттілігі туындады.