- •I. Азаматтық іс жүргізу тәртібінің түсінігі мен мәні
- •1.1 Азаматтық іс жүргізу бойынша сот мәжілісінің өту тәртібі
- •1.2. Сот талқылауы сатысының маңызы
- •1.3. Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшелігі
- •Іі. Азаматтық істі мәні бойынша қарау ерекшеліктері
- •2.1. Істі мәні бойынша қараудың жалпы тәртібі
- •2.2. Азаматтық іс жүргізудегі істі мәні бойынша қарау ерекшелігі
- •2.3. Бірінші инстанцияда азаматтық iсті жүргiзудiң еркшелігі
- •3.1 Азаматтық іс жүргізудегі соттың міндеті мен құқығын жетілдіру
- •Ііі. Азаматтық істі мәні бойынша қарауды жетілдіру
- •3.2. Істі мәні бойынша қарау барысында судьялардың құқықтық мәртебесін жетілдіру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ііі. Азаматтық істі мәні бойынша қарауды жетілдіру
3.1 Азаматтық іс жүргізудегі соттың міндеті мен құқығын жетілдіру
Азаматтық іс жүргізуді талдау кезінде сот мәжілісін ары қарай жүргізуге мүмкіндік тумайтын жағдайлар болуы мүмкін. Сот мәжілісін жүргізіп отырған судья заңда көрсетілген тікелей негіздерге не мүдделі адамдардың әрекеттеріне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруы мүмкін. Азаматтық істі кейінге қалдыру заң бойынша мына негіздерді жүзеге асырады [5,87].
Сот: 1) егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылған, таратылған;
2) тарап әрекет қабілеттілігінен айырылған;
3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларынжа болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері және әскери құрамаларында жүрген талап қоюшылардың өтініші болған;
4) азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік тәртіппен қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;
5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа нормативтік құқықтық акті адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің Конституцияға сай еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамшылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституциялығын тексеріп жатқандығы белгілі болған;
6) құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Сот: 1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған;
2) тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған;
3) тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған;
4) жауапкер заңда көзделген жаңдайларда іздеуде болған;
5) сот сараптама тағайындаған;
6) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтінішті;
7) қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгілеген жағдайларда іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.
Іс бойынша іс жүргізу:
1) заңда көзделген жағдайда – шығып қалған адамның құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға өкіл тағайындалғанға дейін;
2) заңда көзделген жағдайларда – тарап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесы сырқатынан айыққанға дейін, жауапкер іздестіріліп болғанға дейін немесе сарапшының қорытындысын немесе қорғанышылық және қамқорышылық органның қорытындысы сотқа табыс етілгенге дейін;
3) заңда көзделген жағдайларда – сот шешімі, үкімі, ұйғарымы заңды күшіне енгенге немесе әкімшілік тәртіппен қаралып жатқан іс бойынша қаулы шығарылғанға дейін;
4) заңда көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенге дейін;
5) заңда көзделген жағдайларды – сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін.Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды.
Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту азаматтық іс жүргізу әрекеттерін белгісіз мерзімге қысқартуды айтамыз. Іс бойынша қысқарту заңды екі негізде жүзеге асады: 1) міндетті және қосымша; іс бойынша азаматтық іс жүргізуді қысқартудың міндетті.
Сот, егер:
1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса;
3) талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса;
4) тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе;
5) іс бойнша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;
6) іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен қысқартылады.
Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді [2, 96].
Заңда көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді қысқарта отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік баждың қайтарылатыны туралы және талапты қамтамасыз еті жөнінде қолданылған шаралардың күші жойылғаны туралы көрсетіледі [1,59].
Соттың іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Азаматтық істі мәні бойынша қарау кезінде қолданытағы заңнаманың жетілдіру қажеттігі күн талабы болып отыр. Мәселен сот отырысы хаттамасын элеторнды үкімет және соттті істі мәні бойынша қарауды жедлдету мақсатында компютерленген жүйені толығмен заңнамаға ензізу қажет. Мыслы, Сот мәжілісінің хаттамасы іс жүргізу құжаттарының ішіндегі ең негізгі құжат болып табылады. Өйткені онда сот талқылауында өткен бүкіл процессуалдық әрекеттер көрініс табады. Сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу әрбір азаматтық іс үшін маңызды. Іс қағаздарында сот мәжілісінің хаттамасының болмауы сот шешімінің күшін жоюға дейін әкеп соғады. Сот хаттамасына түскен жазулар бойынша сот шешіміне сай шығарылды ма, сот мәжілісінде барлық іс жүргізу әрекеттері тәртіп бойынша шешім ретімен атқарылды ма? Сот сол құрамда құрамда шешім шығарды ма? Тараптардың түсініктемелері, куә, эксперт, мамандардың көрсетулерінің мазмұны дұрыс па барлығы салыстырыла тексеріледі. Талаптан бас тарту, талапты мойындау, сондай-ақ бітімгершілік келісімге келу барлығы сот хаттамасына міндетті түрде жазылу керек. Сот хаттамасын сот мәжілісінің үстінде сот мәжілісінің секретары жасайды не соттан тыс әрекеттер болса, олда сот хаттамасына түсіріледі. Сот хаттамасы сот шешімі шыққан күннен кейін тез арада қол қойылып дайын болуы керек. Оған іс жүргізген судья мен секретарь қол қояды. Барлық түзетулер, түсіндірмелер, толықтырулар, өзгертулер хаттамала көрсетілу керек [39]. Іске қатысушы тұлғалар және өкілдер оған қол қойылғаннан кейін 3 күн мерзімде онымен танысып, ескертулер мен ұсыныстар айтуға құқылы. Хаттамаға ескертуді сот төрағасы қарайды, егер дұрыс әрі қажет деп тапса, хаттамаға түзетулер енгізеді. Ол жайлы ұйғарым шығарылады. Ал егер оларға берілген ескертпемен келіспеген жағдайда оған ескерпелерден бас тарту туралы негізделген қаулы шығарылады. Ескертпе бәрі-бір іске тігіледі. Хаттамаға берілген ескертпе берілген күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралып, тиісті жауап берілу керек.
Басты сот отырысының хаттамасын жетілдіру барысында Қазақстан Республикасында Франция мемлекетінің сот жүйесіндегі пайдаланып жүрген сонғы жетістіктерді енгізу барысында 2004 жылы Алматы қалалық сотының қабырғасында тұңғыш рет тәжірибелік сынақ жасалған болатын. Ондағы мақсат сот отырысы хаттамасын кемшіліксіз және уақытылы дұрыс жасауды жетілдіру еді. Осы мақсатпен енгізілген аудио жазбалық комптерлік үнтаспа барлық сот мәжілісі залдарына орнатылған болатын. Сот төрағасы сот мәжілісін бастағанда жазба құралын пайдаланатынын процеске қатысушыларға алдын ала хабарлап отырды. Аудио таспалық жазба процеске қатысушыларды белгілі бір деңгейде тәртіпке және жауаптылыққа шақырған жүйе болды. Сонымен қатар судьялардың да ұқыптылығын талап еткен еді. Алайда заңнамадағы олқылықтар атаған жүйенің өз дәрежесінде тәжірибеде етене еніп кетуіне кедергі болды. Мәселен, ҚР АІЖК тиісінше өзгерістер енгізбей сот отырысы хаттамасын хатшы аудио таспадағы жазбаны қағаз бетіне көшіріп хатшы жұмысы екі есеге көбейді. Нәтижесінде сот хаттамасын жазу өзекті мәселе болды. Дегенмен бұрын сот хаттамасын хатшы өз ұқыптылығына сәйкес жазатын болса қазіргі таңда ол қажет емес себебі компютендірілген жүйеге көшкен. Бірақ заңнамадағы ақаулар салдарынан әлі күнге сот отыысының хаттамасы мен аудио үнтаспа жазбасы бірге қолданып келдеі. Бұл өз кезегінде бірнеше өзекті мәселені туындатын отыр. Біріншіден, сот отыысының хаттамасы ҚР АІЖК белгіленген мерзімде дайын болмауы. Оның себептері күні бойы процесті жазып отыратын хатшы жұмыстан кеін қалып қосымша алты сегіз сағат тағы да жұмыс жасауы тиіс. Бірақ еңбек кодекісі оған тыйым салынады. Сондықтан да, соттарды судьялар өз қалтасынан ақы төлеп қосымша хатшыұстау үрдісі елімізде кең етек жайды. Аталған мәселені шешу ақстында судьяларға көмекші де тағйындалған болатын. Алайда бұл көмекшілер боашақ үміткер болғандықтан тәжірибеде хаттама мәселесе сол күйінде қалып қойды. Аталған мәселені шешу мақсатында қысқартылған хаттама жасап сот отырысындағы аудио үнтаспасын іс материалдарымен қоса тігіп оның заңдық күшін танитын норманың жоқтығынан әлі күнге дейін бұл хаттаманы дер кезіне жазу мен тиісті тараптарға ескертулер мен кемшіліктердің бар немесе жоқ екенін,немесе хаттамамен танысу құқығын уақытылы орынду мәселе күйнд қала бермек. Дегенмен сот отырысының хаттамасы дәл дұрыс мәні мен мағынасы дәлме дәл келуі құптарлық жағдай. Алайда ҚР АІЖК хаттама жазу тараптардың танысуы белгіленген уақыт бойынша реттелетіндіктен уақыт жағынан тапшылық анық жеткіліксіз.
Сондықтан да біздің ойымызша сот мәжіліміндегі аудио үнтаспадағы жазбаны сот отырысының қысқартылған хаттамасына қосымша ретінде тіркеп оның заңдық күшін қоланыстағы ҚР АІЖК шегінде айқындап бекіту қажет. Сонда ғана жаһандық үрдістен де уақыт ағымынан да адамдардың Конституциялық құқықтарны ба бұздау мүкіндігі болады.
