Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

Билет №4

1. Метрологияның теориялық негізі. Метрологияның негізгі постулаттары. Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңнамалық және қолданбалы (практикалық) метрология. Теориялық (фундаментальдық не ғылыми) метрология – метрологияның негізін құрастырумен, өлшем бірліктер жүйесін, физикалық тұрақтыларды құрумен, өлшеудің жаңа әдістерін құрастырумен айналысатын метрология бөлімі. Кез-келген ғылымдар сияқты метрология да бірқатар постулаттарға негізделіп құрылады. Өлшеу теориясының бастапқы ережелерін (постулаттарын) қалыптастырудың бірқатар қиындықтары бар. Бұл бір жағынан постулаттар объективті дәлел болу керектігіне, ал екінші жағынан метрология пәні метрология пәні өлшеу болып табылатындығы, яғни субъективті мақсаттарға жұмсалған адам әрекетінің түрі болып табылатындығына байланысты. Яғни, субъективті элементке ие ғылыми пәнге негіз болатын объективті дәлелдерді қалыптастыру керек. Метрологияның бірінші постулаты  постулаты болып табылады: зерттеу объектісінің қабылданған моделі шегінде белгілі-бір өлшенетін физикалық шама мен оның шын мәні бар. Мысалы, бөлшек цилиндр (модель - цилиндр) болса, онда оның өлшеуге болатын диаметрі бар. Ал бөлшекті цилиндр деп есептеуге болмайтын болса, мысалы, оның қимасы эллипс болса, оның диаметрін өлшеудің қажеті жоқ, себебі өлшенген мән бөлшек туралы пайдалы ақпарат бермейді. Өлшенетін шама тек қабылданған модель шегінде ғана жүзеге асады, яғни модель объектке адекватты болғанша мәні болады. Әртүрлі зерттеу мақсатында берілген объектке әртүрлі модельдер сәйкес келетіндіктен  постулаттан 1 салдар туындайды:өлшеу объектісінің белгілі бір физикалық шамасы үшін бірнеше өлшенетін шамасы (сәйкесінше олардың шын мәні) болады. Метрологияның бірінші постулатынан өлшеу объектісінің өлшенетін қасиетіне оның моделінің белгілі-бір параметрі сәйкес келу керектігі туындайды. Уақыт аралығында өлшеуге қажетті модель параметрі тұрақты болу қажет. Әйтпесе, өлшеуді жүргізу мүмкін емес. Бұдан -постулат туындалады: өлшенетін шаманың шын мәні тұрақты. Модельдің тұрақты параметрін анықтаған соң, сәйкес шаманы өлшеуге болады. Ауыспалы физикалық шама үшін белгілі –бір тұрақты параметрді таңдап, оны өлшеу керек. Жалпы жағдайда бұндай тұрақты параметр белгілі бір функционал ретінде енгізіледі. Бұл аспект 1- салдарында көрінеді: ауыспалы физикалық шаманы өлшеу үшін оның тұрақты параметрін - өлшенетін шаманы айқындау қажет. Объекттің математикалық моделін құру барысында оның қасиеттерін идеалдандыруға тура келеді. Модель өлшеу объектісінің барлық қасиеттерін толық сипаттамайды. Ол берілген өлшеу нәтижесін шешу үшін маңызы бар кейбір қасиеттерді жуықтап сипаттайды. Модель өлшеу алдында объект туралы апиорлы информацияға негізделіп, өлшеу мақсаты ескеріліп құрылады. Өлшенетін шама қабылданған модельдің параметрі ретінде анықталады, ал оның мәні өлшенетін шаманың нақты мәні ретінде қабылданады. Өлшеу объектісінің моделін құрудағы идеалдандыру модель параметрі мен объекттің шынайы қасиеті арасындағы сәйкессіздікті негіздейді, ол «шектік» деп аталады. «Шектік сәйкессіздік» түсінігі  постулатпен орнатылады: өлшенетін шаманың зерттелетін объект қасиетіне сәйкессіздігі бар. Бұл сәйкессіздік өлшеу дәлдігін шектейді. Өлшеу мақсатын, соның ішінде өлшеу дәлдігін жоғарылатуды қажет ететін мақсаттарды өзгерту және нақтылау өлшеу объектісі моделін өзгертуге немесе нақтылауға және өлшенетін шама түсінігін қайта қарастыруға алып келеді. Оның себебі алдында қабылданған анықталатын шектік сәйкессіздігі өлшеу дәлдігін қажетті деңгейге дейін жоғарылатуға мүмкіндік бермейді. Өлшеу объектісінің абсолютті адекватты моделін құру мүмкін емес, сондықтан өлшенетін физикалық шама мен оны сипаттайтын өлшеу объектісі моделі параметрі арасындағы шектік сәйкессіздікті жоюға болмайды. Осыдан 1-салдар туындайды: өлшенетін шаманың шын мәнін табуға болмайды. Модельді өлшеу объектісі туралы апиорлы информация болғанда ғана құруға болады. Информация көбірек болған сайын, соғұрлым модель адекватты және сәйкесінше өлшенетін физикалық шаманы сипаттайтын параметрі дәлірек және дұрыс таңдалған болады. Яғни, апиорлы информацияның көбеюі шектік сәйкессіздікті азайтады. Бұл 2- салдарын туындатады: жетілетін өлшеу дәлдігі өлшеу объектісі туралы апиорлы информациямен анықталады. Бұдан апиорлы информация болмаса, өлшеуді жүргізу мүмкін еместігі айқындалады. Сонымен қатар максималды мүмкін апиорлы информация қажетті дәлдікті өлшенетін шаманы белгілі бағалауды білдіреді. Бұл жағдайда өлшеу қажеттілігі жоқ. Келтірілген постулаттар және олардың салдары метрологияның теориялық негізін құру мүмкіндігі және оны соңғы инстанция шынайылығы деп есептеуге болмайды.

2. Байқап-шолу нәтижелері тобын өңдеу кезінде орындалатын операциялар. Салыстырып тексеру әдісі барысында келесі операциялар орындалуы керек: 1.сыртқы тексеру 2.байқап көру 3.стандарт бойынша ӨҚ ның метрологиялық сипаттамаларын анықтау мысалға Роквел әдісі бойынша қаттылықөлшегіш аспап.

Байқап көру. Қаттылықтың үлгілік өлшемдерін тақтаға қажау керек. Бұл үшін тіреудің бетін жіңішке қабатпен май жағу керек. ЦИАТИМ -221 ГОСТ 9433-80 бойынша немесе УТ(Консталин) ГОСТ 1957-73 бойынша, немесе кез келген өзге ұқсас консистенция (ерітінді және сұйық заттың жұмсақтық, қоюлық дәрежесі) бойынша: аспаптың қателігін анықтау; қателікті тек индентордың тік (жоғарыдан төмен) тұрқында ажырату керек; өлшеудің қателігін мына формуламен есептеп шығару керек: D = [ ( Hcp – Hм) / Нм] x 100% Hcp- қаттылықтың орта мәні. Hм- қаттылықтың куәліктегі мәні. Аспаптың қателігі ±3% тен аспауы керек.

3. Өлшеу құралдарының сапа көрсеткіштері. Өлшеу құралы — өлшеулер кезінде пайдаланылатын және нормаланған метеорологиялық қасиеттері бар техникалық құрал. 3Өлшеу құралдарының сапа көрсеткіштері.

Өлшеу құралы - өлшеулер кезінде пайдаланылатын және нормаланған метеорологиялық қасиеттері бар техникалық құрал. ’’Сапа көрсеткіші ’’’ (Показатель качества; quality factor) - бұйым сапасының сандық сипаттамасы (программалар үшін - жадтың тұтыну көлемі, аудару уақыты, орындау уақыты, сенімділігі, аяқталғандығы, дәлдігі және т.б.) Өлшеу жабдықтарын бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік беретін олардың кейбір ортақ қасиеттері метрологиялық сипаттамалары деп аталады, оларға мыналарды жатқызуға болады:

1. Сезімталдылық - сезімталдық дегеніміз, шығыс сигналы өсімшесінің кіріс сигналы өсімшесіне қатынасы. 2. Өлшеу аралығы - өлшеу жабдықтарының жіберетін қателігінің шамасы мөлшерленген өлшеу жүргізу аралығы. Метрологиялық емес сипаттамаға сенімділік көрсеткіші, электрлік беріктілігі (изоляция беріктілігі), климаттық, механикалық әсерлерге беріктілігі жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]