Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

Билет №8

1. Өлшеу нәтижелерін алу әдістеріне байланысты өлшеу түрлері. Өлшеу нәтижесін алу тәсілдеріне байланысты өлшеу тура, жанама, бірігіп және тұтас өлшеу болып бөлінеді. Бұлай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болған әдістемелік қателіктерді таңдап алу қолайлығы болып табылады. Тура өлшеу деп шаманың белгісіз мәнін тікелей ӨЖ көрсеткіштері бойынша табуды айтамыз. Мысалы, таразы арқылы өлшенетін масса, термометрмен температураны, вольтметрмен кернеуді өлшеу жатады. Жанама өлшеу – ол шаманың мәнін бірдей жағдайда жүргізілген тура өлшеумен алынған шамалар арасындағы белгілі тәуелділік негізінде өлшеу болып табылады. Мұндай өлшеулердің метролгиялық тәжірибеде маңызды мәні бар. Олардың негізінде, мысалы, алғашқы эталондармен алынған негізгі шамалардың бірліктер эталондарымен жазылған мәндерді орнату.Жалпы жағдайда Y өлшенетін шаманы тура өлшеу арқылы алынған Х1, Х2, …, Хn шамаларымен байланыстыратын тәуелділікті мына түрде беруге болады.Мысалы,  = m/V тығыздықты m масса мен V көлемді тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу; активті R = U/I кедергіні U кернеу мен I токты тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу.F функционалды тәуелділіктің түрі бойынша жанама өлшеуді мына түрлерге бөледі: • сызықты тәуелділікпен, мұндағы Ki – і-нші аргументтің тұрақты коэффициенті; • сызықты тәуелділікпен, мұндағы f(Xi) – кейбір функциялар; • аралас типті тәуелділікпен өлшеу. Y пен X арасындағы байланыстың түрі жанама өлшеу қателіктерінің есебін анықтап береді. Жиынтық өлшеу деп бірнеше біртекті шамалардың бірмезгілде өлшенуін айтамыз, ол кезде олардың белгісіз мәндерін осы шамаларды әртүрлі үйлесімділікте тура өлшеу кезінде алынған теңдеулер жүйесін шешумен табады. Бірігіп өлшеу деп екі немесе бірнеше біртекті шамаларды олардың арасындағы тәуелділікті орнату үшін бірмезгілде өлшеуді айтамыз. Келтірілген анықтамалардан, бұл екі өлшеу түрлері бір-біріне ұқсас екені көрініп тұр. Айырмашылығы, бірігіп өлшеу кезінде бірнеше біртекті шамалар бірмезгілде анықталады да, ал жиынтық өлшеу кезінде - әртүрлі текті шамалар бір мезгілде анықталады. Дәлділік сипаттамасы бойынша өлшеулер тең дәлдікте және тең емес дәлдікте деп бөлінеді. Тең дәлдікте деп СИ дәлдігі бойынша бірдей және бірдей жағдайларда орындалатын қандай да бір ФШ-ды өлшеуді айтады. Сәйкесінше, тең емес дәлдікте деп СИ ділдігі бойынша әртүрлі (немесе) әртүрлі жағдайларда орындалатын ФШ-ды өлшеуді айтады. Тең дәлдіктегі және тең емес дәлдіктегі өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемелері әртүрлі болып келеді. Өлшенетін шаманың өзгеру байланысы бойынша өлшеулер статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Өлшенетін шаманың өзгеру жылдамдығының әсерінен туған қателіктер динамикалық деп аталады. Статикалыққа өзгеру уақыты барысында өзгермейтін нақты өлшеу есептеріне сәйкес алынған ФШ-ды өлшеу жатады. Динамикалық өлшеулер – ФШ-ның өлшемі бойынша өзгеретін өлшеуді айтамыз. Метрологиялық белгіленуіне байланысты өлшеулер техникалық және метрологиялық болып бөлінеді. Техникалық өлшеулер жұмыс істеуші СИ арқылы жүргізіледі. Метрологиялық өлшеулер ФШ-дың бірліктерін олардың өлшемдерін жұмысшы СИ-ге беру үшін көрсету мақсатында орындалады. Метрологиялық өлшеулер кезінде қателіктер қажетті ретпен ескеріледі, ал техникалық өлшеу кезінде алдымен берілген тәжірибелік тапсырманы шешу үшін жеткілікті берілген қателік ескеріледі.

2. ӨЖӘ жасау. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету үшін олар бірдей ережелер, талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін өлшеу құралына жүргізу жағдайлары, өлшеу нәтижесін өңдеу барлығына белгілі бір талап қойылады. Бұл талаптарды қорытып шығару кезінде, өлшеу нәтижесіне мүмкіндігінше аз уақыт кететін және экономикалық жағынан тиімді болуын ескеру керек. Өлшеу әдістемесі келесі бөлімдерден тұрады: 1. дәлдік нормасы; 2. қолданылатын құралдар; 3. өлшеу әдісі көрсетіледі; 4. қауіпсіздік ережелері көрсетіледі; 5. операторға қойылатын талаптар; 6. өлшеу жүргізу жағдайы; 7. өлшеу жүргізу саны 8. өлшеу нәтижесін өңдеу және құжаттарды толтыру формасы; Мемлекеттік стандарт ГОСТ-8.467-82 құжатында көрсетілген әдістемелерді қарастырайық. Бұл құжатты өлшеу дәлдігінің нормасы деген бөлімінде өлшеу жүргізудің дәлдігіне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұл талаптарды анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер көлемінде құралдың қателігі анықталады, өлшеу әдісі қателігіанықталады, оператор жіберуі мүмкін қателігі анықталады, сыртқы әсер етуші факторлар шамасы анықталады, статистикалық әдіс қолданып, кездейсоқ қателер шамасы анықталады. Өлшеу құралының және көмекші қондырғылар бөлімінде өлшеу жүргізу аймағына сәйкес қолданылатын өлшеу құралы мен техникалық қондырғылар тізімі берілген. өлеу жүргізу жағдайы бөлімінде номиналь шамаларға әсер ететін факторлар тізімі беріледі. Өлшеу жүргізуге дайындық бөлімінде өлшеу алдында жүрген дайындық жұмыстары көрсетілген. Өлшеу жүргізу бөлімінде, өлшеу жүргізу кезінде қажетті операциялардың реті, көлемі, тізімі берілген.

3. Өлшеу құралдарының тұрпатын тағайындау, сынау және сынау түрлері. Метрология құралдары – бұл өлшеу құралдары мен метрологиялық стандарттардың рационалды түрде пайдалануын қамтамасыз ететін жиынтығы. Өлшеудің ғылыми аспектісінде олардың көмегімен ғылымда теория мен тәжірибенің байланысы жүзеге асырылады. Өлшеу басқару немесе бақылау объектісі жөніндегі мөлшерлі ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді, техникалық процестің барлық берілген шарттарын дәл көрсету, бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және объектіні тиімді түрде басқару мүмкін емес.Берілген оқу құралы өлшеу мен құралдарын таңдап алу, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеуге, өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауға байланысты өндірістік және ғылыми есептерді шешу үшін қажет білімдер мен дағдылық негіздерін беретін мәселелер қарастырылған. Өлшеу техникасы метрологиялық эксперименттер жасау, өлшеу нәтижелерін өңдеу және метрологиялық жұмыстарды стандарттау мен сертификаттаудың жалпы ережелерін оқытатын ғылым ретіне де көзқарас қалыптастырады.«Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т.б.) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Бұл курста автоматтандыру мен басқару саласында физикалық шамаларды өлшеуге қатысты мәселелер ғана қарастырылады. Кез-келген өнімді өндіру бірнеше өлшеулер жүргізу арқылы жасалынады. Өлшеу арқылы өнімнің сапасына, өлшем бірліктеріне басқада қасиеттеріне қойылатын талаптар анықталады. Метрология және өлшеудің негізі ғылыми-өндірістік мәслелелерді шешу барысында қажетті өлшеу әдістерін, жабдықтарын дұрыс, нақты таңдауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылар негізін үйрету.Сынаy деп объектінің сандық және сaпалық cипaттамаларын экcпери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым мокеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеy және өндіру процecтері. Сынаудың негізгі белгілері мынaлар болып табылaды: - oбъект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы нeмесе ақауланғaндығы туралы шeшімді қабылдау; - cынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру. Сынаyлар шарттары - сынаулар кезінде әсер етуші фактоpлаpдың және (нeмeсe) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нoрмативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олаp әр түрлі белгілер бойынша жіктeледі: - тaғайындалyы бойынша олaр зерттеуші, бaқылаушы, салыстырyшы және анықтаушы болып бөлінеді; - жүргізу деңгейі бойыншa: мемлекеттік, вeдомство аралық және ведомстволық; - сыналaтын өнімді әзірлеу кезeңдерінің түрі бойынша: алдын алa және қабылдаушы; - дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, пеpиодтық, типтік. Сынаудың мақсаты - номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау. Сынау нәтижесі - бұл объект қасиеттеpінің cипаттамaларын анықтау, объектінің оның берілген талaптарына cәйкеcтігін анықтaу. Өлшеу мен сынаудың арасында үлкен ұқcaстық бар, біpақ өлшеу сынаудың жеке жағдайы болып саналады. Бaқылау - бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талaптарғa немесе нормaлaрға cәйкестігін анықтаy процеcі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдaйы өсіру операциясынaн және бақылаy нәтижесін салыстыpy мен анықтаудан тұрaды. Өлшеу мен бақылaудың айырмашылықтары келесідeн тұрады: - өлшеу нәтижесі - сандық сипаттама, ал бaқылаy - сапалық; - өлшey өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау - мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасындa; - өлшеудің негізгі сипаттaмасы - дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық бoлып тaбылады. Бaқылау аспаптарын шаманың өлшенeтін параметpлерінің күйін тексерy үшін ғана қолданады. Бақылaу бір параметpлі және көп параметрлі болуы мүмкін. Объектіге әсер eту түpіне бaйланысты бақылау активті және пассивті болуы мүмкін. Рауалы бақылау aca кең тaралған, оның нәтижeлеpі "жaрамды, жарамсыз, ақау" пaйымдаулapы болып тaбылады. Рауaлы бақылау кезіндe шекті рауалы мәндер салыстыpылaды. Электростатикалық жүйенің аспаптары жоғары вольтты сынау құрылғыларында үлкен кернеулерді өлшеуге қолданылады (киловольтметрлер).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]