Билет №7
1.Физикалық шамалардың Халықаралық бірліктер жүйесі. Ғылымда, техникада және күнделікті өмірде адам бізді қоршаған физикалық объектілердің әртүрлі қасиеттерімен кездеседі. Бұл қасиеттерге объектілердің бір-бірі арасындағы өзара әсерлесу процестері жатады. Олар тікелей физикалық шамалармен беріледі. Әрбір объект үшін физикалық шамамен берілген қасиеттерін мөлшерлі көлемде орнату үшін метрологияда олардың өлшемдері мен мәндері деген ұғым енгізілген. Физикалық шаманың өлшемі – берілген объектінің “физикалық шама” деген ұғымға сәйкес алынған қасиетінің мөлшерлі мәні. Мысалы, әрбір дененің нақты бір массасы болады, осыдан денелерді массасы бойынша ажыратуға болады, яғни бізді қызықтыратын ФШ-ның өлшемі бойынша. Физикалық шаманың мәні – ол оның бірлігі түрінде алынған қандай да бір сан түрінде берілген өлшемін бағалау. Оны өлшеу нәтижесін немесе ФШ-ның Q мәнін q санды мән мен өлшем бірлігі таңдап алынған [Q] араларын байланыстыратын Q = q[Q] негізгі өлшеу теңдеуіне сәйкес есепті шешу нәтижесінен аламыз. Өлшем бірлігіне байланысты ФШ-дың сандық мәні өзгереді де, өлшемі сол күйінде қалады. Физикалық шамалардың бірліктері – бұл белгілі өлшемдегі ФШ, оның өлшемі бірге тең, ол біртекті ФШ-ды мөлшерлі түрде беру үшін қолданылады. ФШ бірліктерінің өлшемдері мемлекеттік метрологиялық басқармалардың заңға сәйкес бекітілген жолдарымен қойылады. Жалпы еркін түрде негізгі деп аталатын бірнеше ФШ дә-лелденген, қалған туынды деп аталатын шамалар негізгі бірліктер-мен арасындағы белгілі бір байланыс теңдеуі негізінде анықтала-ды. Туынды шамаларға мысал болып: заттың тығыздығы, ол көлем бірлігі болып табылады және заттың массасы ретінде анықталған, уақыт бойынша жылдамдықтың өзгеруінің үдеуі және т.б. жатады. Физикалық шамалар жүйесінде негізгі шамалардың символдары қолданылады. Мысалы, негізгі шамалар болып ұзындық (L), масса (М) және уақыт (Т) алынатын механикалық шамалар жүйесі LMT жүйе деп аталады. ФШ-дың ережелерге сәйкес алынған негізгі және туынды бірліктер жиынтығы физикалық шамалардың бірліктер жүйесі деп аталады. Негізгі ФШ-дың бірлігі жүйенің негізгі өлшем бірліктері болып табылады. Қазіргі уақытта дүние жүзінің көптеген мемлекеттері халықаралық бірліктер жүйесі – SI жүйесіне біріккен.
Қазіргі
уақытта қолданылып жүрген мемлекеттік
өлшеу жүйесіні негізгі шамаларға сәйкес
LMTIQNJ белгілерімен белгіленуі тиіс, олар:
ұзындық (L), масса (М), уақыт (Т), электр
ток күші (І), температура (Q), заттың
мөлшері (N) мен жарық күші (J). Халықаралық
бірліктер жүйесі құрамына екі қосымша
бірліктерде кіреді, олар:Жазықтықтағы
бұрыштың (плоский угол) бірлігі – радиан
(рад) - доғасы радиус ұзындығына тең
болатын шеңбердің екі радиустері
арасындағы бұрыш, оның мәні 57°17'48"
бұрышына тең. Екінші қосымша бірлік
кеңістіктегі бұрыштың (телесный угол)
өлшем бірлігі - стерадиан (ср) – төбесі
сфера центріне орналасқан және осы
сфераның биіктігінен қабырғалары сфера
радусының ұзындығына тең квадраттың
ауданына тең болатын аудан қиятын
кеңістіктегі бұрыштың мәні. Кеңістіктегі
бұрышты жазықтықтағы бұрышты анықтау
және қосымша есептеу жүргізулер арқылы
төмендегі формуламен анықтайды:
мұндағы Q
– кеңістіктегі бұрыш;
-сфера
ішінде осы кеңістіктегі бұрыш арқылы
түзілген конус төбесіндегі жазық бұрыш.
1ср кеңістік бұрышына 65°32' мәніне тең
жазықтықтағы бұрыш сәйкес келеді.
Қосымша бірліктер бұрыштық жылдамдық,
үдеу және де басқа шамаларды өлшеу үшін
қолданылады. Негізгі өлшем бірліктерінен
басқа да осы негізгі өлшем бірліктерінің
арақатынасы арқылы қосымша есептеулер
негізінде анықталатын туынды өлшем
бірліктерде қазіргі уақытта кеңінен
қолданылады. Физикалық шамаларды өлшеу
диапозоны өте кең аралықта жүргізіледі,
сондықтан өлшеулер кезінде есептеулерді
қолайлы ету үшін өлшем бірліктерінің
еселік мәндерін пайдалану қабылданған.
Негізгі бірліктер саны физикалық
заңдылықтар мен анықтамалардың
өрнектерінде тұрған коэффициенттер
санымен тығыз байланыста. Негізгі
бірліктерді таңдап алуға тәуелді және
теңдеулерді анықтайтын пропорционалды
коэффициенттер фундаментті немесе
өмірлік тұрақты деп аталады. СИ жүйесінде
оларға гравитациялық тұрақты, Планка
тұрақтысы, Больцман тұрақтысы және
жарық әсері жатады. Оларды жеке заттардың
әртүрлі қасиеттерін сипаттайтын ерекше
деп аталатын тұрақтылардан ажырату
қажет, мысалы электрон массасы, оның
заряды және т. б.
2. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды (ММҚ) таратылуы аясында қолданылатын ӨЖӘ-не арналған құжаттардың тізбесі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргіжеді. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады. Жоспарлы тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады. Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі. Қайталанатын тексерістер алдында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындауға қадағалау жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері: - өлшем бірліктерінің эталондары; - өлшеу құралдары; - өлшеулерді жүргізу әдістемесі; - өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері. 1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау: 1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай – күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шамалар бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды; 2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды; 3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды. 2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау: жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру; Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген негіздер бойынша, сондай – ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.
3.Өлшеу құралдарының дәлдік класының белгіленуі. Дәлдік класы деп өлшем құралдарының сипаттамаларының жиынтығын айтады, ол негізгі және қосымша қателердің рұқсат етілген шектерімен, және өлшемнің дәлдігіне әсер ететін басқа да қасиеттердің жиынтығымен анықталады Дәлдік кластар өлшем құралдарының әрбір түріне арналған стандарттармен белгіленеді, стандарттарда құралдың метрологиялық сипаттамалары мен олардың нормалануы көрсетіледі. Дәлдік класын анықтаудың тәсілдері "ГСИ өлшем құралдарының дәлдік кластары. Жалпы талаптар" деп аталатын ГОСТ-да (ГОСТ 8.401-80) берілген. Дәлдік класын белгілеу негізгі қатенің шектерін беру тәсіліне байланысты. Негізгі қате деп өлшем құралының нормаланған жағдайда пайдаланылуының жүйелі және кездейсоқ қателерінің қосындысын айтады. өлшеммен ұдайы өсірілетін шаманы дәлдік класы сәйкес аспаптармен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру көбінесе градуирлеу деп аталады. Градуирлеу –өлшеудің үлгілік құралының көрсеткіштеріне сәйкес келетін шкалаға белгілер салу; жинақтың тек бір ғана өлшемі аса дәл өлшеммен салыстырылғанда, ал басқа өлшемдердің мөлшерлері олардың аспаптарда өзара салыстырылуымен анықталғанда, калибрлеу.
