Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын офис-менеджерінің ақпараттық жүйесі д...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Сонымен, менеджер – бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын-ала болжай алатын, адамдардың ұйымдастыратын, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қысқаша айтқанда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дұрыс.

Менеджердің осындай кең спектрлі қызметті қолдануы оның басқаруда жоғарғы тиімділікке қолын жеткізеді яғни, кәсіпорын жұмысының жоғарғы нәтижелілігі, алдымен пайда табу жағдайы ескеріледі. Нарық жағдайында пайда алға қойған міндеттерге жетудің түпкі мақсаты болып табылады [2].

Менеджер қызметінің түрлері

Жоба менеджері. Жобалармен басқару жоспарын дайындауға қатысады, жоба құжаттамасын қалыптастырады. Жобаны әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді. Жобалар бойынша сату болжамын, жоспарды бақылау және түзетуді дайындайды. Жобалар бойынша шығыстар, кірістер, ақша қаражатының жылжу жоспарларын дайындауды жүзеге асырады.

Офис-менеджер. Офистің дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Офистің жұмысын бастауға қажетті және офис қызметкерлерінің алдына қойылған ағымдағы мәселелерді шешу үшін, құжаттарды, материалдарды, ақпараттарды дайындауды ұйымдастырады.

Персонал бойынша менеджер (hr-менеджер). Қызметкерлерді тиімді пайдалану және кәсіби жетілдіру үшін ұйымды дамытудың жалпы мақсаттарына және кадр саясатының нақты бағыттарына сәйкес қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырады. Ұйымды қажетті кәсібі, мамандығы мен біліктілігі бар жұмысшылармен қамтамасыз етеді. Персонал қажеттілігін анықтайды, қажетті кадрлармен қамтамасыз етудің негізін анықтау мақсатымен еңбек нарығын зерттейді. Кадр іріктеуді жүзеге асырады, сонымен қатар қызметкерлер штатын жинақтау мақсатымен жұмысқа қабылданатындармен, оқу орындарының бітірушілермен әңгімелесу жүргізеді.

Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер). Персоналдың жалдау процессін және жүйесін енгізеді және дамытады. Персоналды белсенді іздеуді жүзеге асырады. Кандидаттарға қойылатын талаптарды тұжырымдайды, қажетті жұмысшының және бос позицияның сипаттамасын жасайды, бос орын сараптамасын жүргізеді.

Жарнама менеджері. Тұтынушыларды жарнамаланатын тауар немесе қызметтің сапасының артықшылығы және ерекше сипаттамалары туралы хабардар ете отырып, өндірілетін өнімді немесе көрсетілетін қызметтерді оларды өткізу нарығында өткізу мақсатында жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер. Инвесторлармен байланыс саласындағы ұйымның қызметіндегі бір бағытты басқаруды жүзеге асырады. Перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды және жоспарларды, жекелеген іс-шаралар және/немесе іс-шаралар кешенін, олардың ақпараттық қамтамасыз ету, материалдық-қаржылық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету үлгісін әзірлейді.

Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер (пиар–менеджер). Қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қоғамның өкiлдерi мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс стратегиясын, кәсiпорынның фирмалық стилiнiң жалпы бейнесін, кәсiпорынның корпоративтік мәдениетiнiң имиджiн қалыптастыру немесе түзету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Сауда маркасы менеджерi (бренд-менеджер). Белгілі бір сауда маркасының тауарлар тобының (бұдан әрі – тауар) ілгерілеуі және сатылуына басшылық етедi. Маркетинг бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады. Ілгерілетілетін тауардың ерекшелiгiн зерттейді, маркетинг зерттеулерiнiң нәтижесi негiзiнде тұтынушылардың тауар қоятын талаптарын талдайды.

Мемлекеттiк сатып алу менеджері. Өнімді мемлекеттiк сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізеді. Конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, Тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады [2].