Мәліметтер қорының кестелеріне сипаттама
«Тіркелген құжаттар» кестесі құжат нөмірі, оның түрі, құжаттың тіркелген уақыты мен құжат жіберуші туралы ақпараттар беретін өрістерден тұрады. Сондай-ақ, мұнда құжатқа қысқаша сипаттама, оның орындалу уақыты мен орындаушының фамилиясы жайлы мәліметтер береді (кесте 1).
Кесте 1.1 - Тіркелген құжаттар
-
Атауы
Типі
Құжат нөмірі
Сандық
Құжат түрі
Мәтіндік
Құжат тіркелген күн
Күн/уақыт
Құжат жіберуші
Мәтіндік
Қысқаша сипаттама
Мемо өрісі
Орындалу уақыты
Күн/уақыт
Қызметкер фамилиясы
Мәтіндік
Бақылау қажет
Мәтіндік
Ескерту: автор құрастырған
«Жіберілген құжаттар» кестесі құжат нөмірі, оның түрі, құжаттың жіберілген күні мен құжат жіберуші туралы ақпараттар беретін өрістерден тұрады. Сондай-ақ, мұнда құжатқа қысқаша сипаттама, оның орындалу уақыты мен орындаушының фамилиясы жайлы мәліметтер береді (кесте 2).
Кесте 2.2 - Жіберілген құжаттар
-
Атауы
Типі
Құжат нөмірі
Сандық
Құжат түрі
Мәтіндік
Жиберилген күн
Күн/уақыт
Құжат жіберуші
Мәтіндік
Қысқаша сипаттама
Мемо өрісі
Телефоны
Мәтіндік
Орындалу уақыты
Күн/уақыт
Орындаушы фамилиясы
Мәтіндік
Орындаушы қызметі
Мәтіндік
Ескерту: автор құрастырған
«Контрагент» кестесінде құжатты жіберген бөлім немесе ұйым жайлы қысқаша мәліметтер береді. Мұнда құжат жіберушінің атауы, телефоны, мекен-жайы туралы мәлімет алуға болады (кесте 3).
Кесте 2.3 – Контрагент
-
Атауы
Типі
Құжат жіберуші
Мәтіндік
Телефоны
Мәтіндік
Мекен-жайы
Мәтіндік
Ескерту: автор құрастырған
«Қызметкерлер» кестесі қызметкердің фамилиясы, аты, тегі, туған жылы мен оның қызметі, білімі жайлы мәліметтер береді. Сондай-ақ, бұл кестеден қызметкерлердің телефоны, мекен-жайы, электрондық адресі, фото суреті жайлы мәліметтерді көре аламыз (кесте 4).
Кесте 2.4 – Қызметкерлер
-
Атауы
Типі
Қызметкер фамилиясы
Мәтіндік
Аты
Мәтіндік
Тегі
Мәтіндік
Туған жылы
Күн/уақыт
Қызметі
Мәтіндік
Білімі
Мәтіндік
Телефоны
Мәтіндік
Мекен-жайы
Мәтіндік
Электрон адрес
Мәтіндік
Фотосы
OLE объектісі
Ескерту: автор құрастырған
Біз бұл кестелерді “Конструктор” режімін пайдаланып құрастырдық. Конструктор терезесі екі бөліктен тұрады. Терезенің жоғарғы бөлігінде өріс атаулары, мәлімет типтері мен түсініктемелер, коментарийлер жазылады да, төменгі бөлігінде өріс қасиеттерін сипаттау параметрлері енгізіледі. Яғни, бір уақытта кесте өрісін және өрістер қасиеттерін беруге болады. Өріс атауы жазылып және өріс қасиеті қалай қабылдайтындығын көрсету керек. Өрістің қасиеттері төмендегідей:
Мәтіндік (Текстовый) — бұл өріс мәтіндерді қабылдайды. Көбінесе қасиеті көрсетілмеген өрістерге көп қолданылатын қасиет ретінде беріледі.
МEMO өрісі — ашық өріс, ескертулер, түсініктемелер жазылады.
Сандық (Числовой) — бұл өріске бүтін, бөлшек сандарды енгізуге болады. Бұл өріске сандық құрамы жоқ сандар, мысалы: телефон номерлерін де енгізуге болады.
Күн/Уақыт (Дата/время) — әртүрлі форматтағы уақыт мәндерін енгізуге болады.
Қаржылық (Денежный) — өлшемі қаржыға, ақшаға байланысты мәндерді қабылдайды.
Санауыш (Счетчик) — автоматты түрде толтырылып отырылатын, нақты мағына бермейтін, кесте бастамасы ретінде қолданылатын өріс.
Логикалық (Иә/Жоқ) — бұл өріс тек екі логикалық мәннің біреуін ғана қабылдайды: Иә (Yes) , Жоқ (No) .
OLE өрісі — объектілер орналастыруға болатын өріс. Мысалы: суреттер [16].
Кілт ретінде қолданатын өрісті таңдау үшін Өріс аты (Имя поля) қатарының сол жақ ауданына тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертсе, сонда өріс белгіленеді. Тышқанның оң жақ батырмасын бір басу арқылы, жанама мәзірді ашуға болады. Жанама мәзірден Кілт өрісі (Ключевое поле) командасын таңдау керек. Немесе құрал-саймандар қатарындағы Кілт өрісі (Ключевое поле) батырмасына тышқанды бір рет шерту қажет (сурет 2.1).
Сурет 2.1 - Кестелерді құрудың конструктор режімі.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
Mісrosoft Access-те кестелер арсындағы байланысты көру үшін Мәліметтер сызбасы (Схема данных) терезесін ашу қажет. Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезедегі кестелерді белгілеп Қосу (Добавить) түймесін шертсе жеткілікті. Мәліметтер сызбасы (Схема данных) терезесінде кестелердің шартты түрі пайда болады (сурет 2.2).
Сурет 2.2 - «Мәліметтер сызбасы» терезесіндегі байланыс
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
Кестелер арасындағы байланыс — кестелердің ұқсас өрістері арқылы екі кестені байланыстырады. Кестеге мәліметтер енгізбес бұрын, кестелерді жобалап және кестелер арасына байланыстарды орнатуға болады. Бір кестені екінші кестемен байланыстыру үшін, екінші кестеге бірінші кестедегі Кілттік өрісті (Ключевое поле) енгізу керек. Біз «Қызметкерлер» кестесіндегі «Қызметкерлер фамилиясы» өрісі мен «Тіркелген құжаттар» кестесіндегі «Қызметкерлер фамилиясы» өрістерімен бірдің-көпке байланысы арқылы байланыстырдық (сурет 2.3).
Сурет 2.3 - Кестелер арасындағы байланысты орнату кестесі
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
Кестелердің арасындағы байланыстың 3 түрі бар:
Бірдің-бірге қатынасы — А кестесіндегі бір жазба В кестесіндегі бір жазбамен байланысады;
Бірдің-көпке қатынасы — А кестесіндегі бір жазба В кестесіндегі көптеген жазбалармен байланысады ;
Көптің-көпке қатынасы — А кестесіндегі әрбір жазба В кестесіндегі көп жазбалармен байланысады, немесе керісінше В кестесіндегі әрбір жазба А кестесіндегі көп жазбалармен байланысады. Реляционды МҚ-да көптің-көпке байланысы сирек кездеседі. Мұндай байланыстар көмекші кестелер арқылы орындалады.
Кәсіпорынның офис-менеджерінің прогрaммaлық жaбдығын құру үшiн Aссess ортaсындa құрылғaн кестелердi ADО мәлiметтерге қaтынaу технологиясы aрқылы С++Builder ортaсымен бaйлaныстырaмыз. С++Builder-де мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге aрнaлғaн бiрнеше компоненттер жиынтығы бaр. Олaрдың әрқaйсысы нaқты есептер жинaғын шешуге бaғыттaлғaн. компоненттердiң әр түрлiлiгi, олaрдың әр қaйсысы әр түрлi мәлiметтерге қaтынaу технологиясын қолдaнaды және мүмкiндiктерi бойыншa ерекшеленедi [17].
Өңдеушілердің тарапынан ADO универсалды технологиясы кең қолданыс тауып отыр. Онда қазіргі заманғы кез келген Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін жоғары деңгейлі OLE DB интерфейстер жиынтығы бар. Ұсынылып отрған технология ең алдымен клиент пен сервер дерекетер базасының тұрақты мәлімет алмасуын болжайтын клиент-серверлік қосымшаларға (приложение) негізделген.
OLE DB (Object Linking and Embedding Database – деректер базасы объектілерін байланыстыру және кіргізу (енгізу)) интерфейсі COM (Component Object Model – компоненттік объектілер моделі – бұнда мәліметтерді өңдеудің және объектілер арасында мәліметтер тасымалдау аранайы функциялары жасақталған) арнайы объектілерін пайдалана отырып кез келген типті мәліметтер көзіне қол жеткізу мумкіндігін туғызатын универсалды технология болып табылады [17].
ADO тенологиясы арқылы деректер базасына қол жеткізу саймандар тақташасындағы ADO бетінде орналасқан компоненттер көмегімен жүзеге асады. Деректер базасы мен қосымша арасында байланыс орнату үшін оларды бірімен-бірін жалғап параметрлерін баптау керек. Осы мақсат үшін ADO Connection компоненті қажет. Байланыс параметрі ConnectionString қасиетінде сақталған жолмен ерекшеленеді. Байланыс жолының форматын білу қажет емес, өйткені ол ADO Connection компонентін тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерткенде ашылатын арнайы байланыс параметрі редакторымен құрылады. (сурет 2.4)
Сурет 2.4 - Байланыс параметрлерінің редакторы.
Ескерту: программа құру барысында автор пайдаланған
Байланыс жолы автоматты түрде орнау үшін Data Link Properties байланыс баптау терезесіне көшу қажет, ол үшін Build батырмасы басылады (сурет 2.5).
Сурет 2.5 - ADO байланысын баптау терезесі.
Ескерту: программа құру барысында автор пайдаланған
Provider (поставщик данных) бетінде керекті деректер базасының мәліметтер провайдері таңдалынады. Келесі қадам Connection бетінде орналасқан баланыс параметрлерін көрсетумен байланысқан (сурет 2.6).
Сурет 2.6 - Байланыс параметлерін баптау.
Ескерту: программа құру барысында автор пайдаланған
Параметрлерді баптау жұмысын аяқтағаннан соң байланыстың орнағанын тексеру үшін «Проверить подключение» батырмасын шерту қажет болады. Үнсіз келісім бойынша бапталған байланыс жабық жағдайда болады. Деректер базасымен байланысті активтендіру үшін екі әдіс көмегіне жүгінеді. Connected қасиетінің мәнін true деп өзгерту;
Мәліметтер қорымен жұмыс компоненттері
Мәліметтер қорымен жұмыс компонеттерінің пиктограммалары ADO, DataAccess (Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі), DataControls (Мәліметтерді басқару), Decision Cube, Qreport және InterBase. ADO бетінде мәліметтермен жұмыс жасайтын визуалды емес компоненттері орналасқан, олар арқылы қосымшалар мәліметтер қорымен (деректер базасымен – ДБ) байланысады. Соның ішіне мына компоненттер де кіреді:
ADOTable – кесте компоненті; ДБ кестесіне қол жеткізу мүмкіндігін туғызады; ол ДБ-ның физикалық кестесіндегі барлық мәліметтерді ADO көмегімен беретін мәліметтер жиынын (жинағын) құрайды;
ADOConnection – ДБ-мен байланыс ортнату үшін қажет.
DataAccess бетінде ADOQuery, ADOTable компоненттерін мәліметтерді бейнелеу (көрсету) компоненттерімен байланыстыру үшін арналған DataSource визуалды емес компонентінің пиктограммасы орналасқан. DataControls бетінде ДБ-ын басқару және мәліметтерді бейнелеу қызметін атқаратын компонеттер бар. Олар кестеде берілген (кесте 2.5).
DBGrid, TDBNavigator, TDBText, TDBEdit, TDBMemo, TDBListBox, TDBComboBox, TDBCheckBox, TDBRadioGroup мәліметтерді бейнелудің визуалды компоненттері қолданушы интерфейсінің стандартты компоненттеріне ұқсас [9].
Кесте 2.5 – Мәліметтерді бейнелудің визуалды компоненттері
-
Атауы
Компонент қызметі
DBGrid
Тор – кестені ДБ-дағы мәліметтермен шығару үшін
TDBNavigator
Навигатор – ДБ-мен жұмысты басқару үшін.
TDBText
Жазу – ДБ кестесіндегі өрістен жолдық мәнді шығару үшін
DBEdit
Бір жолдық редактор – өрістің жолдық мәнін шығару және редакторлеу үшін
DBMemo
Көпжолдық редактор – Мемо типті өріс мәнән енгізу үшін арналған
DBImage
Графикалық бейне шығару үшін
DBListBox
Қарапайым тізім – өрістің жолдық мәндер тізімін шығару үшін
DBCombobox
Комбинирленген тізім – өрістің жолдық мәндер тізімін шығару үшін
DBCheckBox
Тәуелсіз қосқыш – CheckBox типті өрістің мәнін шығару үшін
DBRadioGroup
Тәуелді қосқыштар тобы
DBLookupListBox
Мәліметтер жинағымен құрылатын қарапайым тізім
DBRichEdit
Жартылай функционалды текстік редактор
DBCtrlGrid
Модифицирленген тор
DBChart
Диаграмма – ДБ мәліметтері бойынша диаграммалар мен графиктер шығару үшін
Ескерту: дерек қоры [9]
Визуалды программалау екі процесстің тығыз байланысы арқылы құрылады:
Windows-терезені құрастыру процесі;
аталған терезенің элементтері мен жалпы программаның қажетті функционалдылығын қамтамасыз ететін кодты жазу процесі.
Программаларды құру кезінде программист немесе жобалаушы компоненттер жиынынан дайын компонеттерді таңдайды.
С++Builder6 іске қосқаннан кейін экранда келесі терезелер пайда болады:
программаның негізгі терезесі;
форманың дизайнері терезесі (Form 1);
объектілер инспекторы терезесі (Object Inspector);
программа кодының терезесі (Unit 1).
Жоба – тұтастай қосымшамен байланысқан бастапқы программалар мен файлдардың жиынтығы. Форма – үстіне басқа объектілер орналасатын объект. Компонент – бұл белгілі бір қасиеті бар және программистпен форма терезесіне орналастырылатын функционалды элемент. Қосымшаны құру процесі қажетті компоненттерді таңдауға және баптауға негізделеді. Компоненттер Компоненттер палитрасында орналасады, бұл компоненттер витринасы болып табылады және өздерінің белгілері бойынша топтарға жинақталған. Компоненттер визуальды, қосымшаның жұмысы кезінде көрінетін және визуальды емес, белгілі бір қызметші функцияларды орындайтын болуы мүмкін. Визуальды компоненттер жобалау процесінде экранда сіз қойған күйде, қосымшаны орындауға жіберу кезінде пайдаланушыға көрініп тұрады. Визуальды емес компоненттер жобалау процесінде формада значоктар түрінде көрініп тұрады, бірақ пайдаланушы орындауға жіберу кезінде олар көрінбейді.
Жобаның басты бетін құру үшін форма бетіне MainMenu, Image комноненттерін орналастырамыз [9].
Қосымшаның менюін құру
Меню компоненттер палитрасының Standard бетінің MainMenu компоненті көмегімен құрылады. Формаға MainMenu компонентін қойғаннан кейін оның опциясын құру қажет. Ол үшін компонентке тышқанның сол жақ кнопкасымен екі рет шерту керек, немесе тышқанның оң жақ кнопкасын басу арқылы контексті менюді шақырып, Menu Designer командасын таңдау, немесе Объекттер инспекторының Items жолының оң жағын шерту [8].
Жобамыздың басты бетіне Standard бетінен MainMenu компонентін орналастырамыз. Басты меню ретінде «Құжаттар», «Аныктамалар», «Есеп» пунктерін енгіземіз. Осыған сәйкес форма бетіне BitBtn компоненттері арқылы менюлерге сәйкес батырмалар енгіземіз, Image батырмасы арқылы коммунальдық қызмет түрлерін көрсететін суреттерді орналастырамыз (сурет 2.7).
Сурет 2.7 - Программаның басты бетін жобалау.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
Бағынышты Form2 терезесі «Құжаттар» менюі арқылы ашылатын терезелер келіп түскен құжаттар және жіберілген құжаттар жайлы мәліметтер береді. Бұл формада DBGrid1 компоненті мәліметтер қорының кестесін шығару үшін қолданылады. Сондай-ақ, DBGrid1 компонентіне кесте мәліметтерін шығару үшін ADOTable1, DataSourse1 компоненттері пайдаланылады. ADOTable1 компонентінің TableName қасиетіне MSAccess ортасында құрылған «Келіп түскен құжаттар» кестесінің атауын береміз. ADOTable1 компоненті бапталған соң оны DataSourse1 компоненті арқылы DBGrid1 компонентімен байланыстырамыз. Бұл бетте мәліметтерді қосуға, өшіруге мүмкіндік беретін BitBtn батырмаларын орналастырамыз (сурет 2.8).
Сурет 2.8 - «Келген құжатты тіркеу» терезесін жобалау.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
Жобамыздың келесі беті Form3 терезесінде жобаланады. Бұл терезеде жіберілген құжаттар мәліметтері келтірілген. Бұл формада да DBGrid1, ADOTable1, DataSourse1, DBNavigator компонеттері қолданылады. DBGrid1 компоненті мәліметтер қорының кестесін шығару үшін қолданылады. Сондай-ақ, DBGrid1 компонентіне кесте мәліметтерін шығару үшін ADOTable1, DataSourse1 компоненттері пайдаланылады. ADOTable1 компонентінің TableName қасиетіне MSAccess ортасында құрылған «Банк анықтамасы» кестесінің атауын береміз. ADOTable1 компоненті бапталған соң оны DataSourse1 компоненті арқылы DBGrid1 компонентімен байланыстырамыз (Қосымшада көрсетілген).
«Анықтамалар» бөлімі арқылы «Қызметкерлер тізімі», «Контрагенттер», «Мерекелер» терезелеріне қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл терезелерде де DBGrid1, ADOTable1, DataSourse1, DBNavigator компонеттері қолданылады. Сондай-ақ, мерекелер мен туған күндер жайлы мәліметтер беретін «Мерекелер» терезесі StringGrid1 мен StringGrid2 компонеттері арқылы жобалады (сурет 2.8).
Сурет 2.8 - «Мерекелер тізімі» терезесін жобалау.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
3 ОФИС-МЕНЕДЖЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы офис-менеджерінің ақпараттық жүйесінің бағдарламалық жабдығы
«Офис-менеджер» программалық жабдығы Кәсіпорын офис-менеджерінің іс-әрекетін автоматтандыруға қолдау береді. Программа арқылы келген, жіберілген құжаттарды тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қызметкерлер, контрагенттер жайлы анықтамалар береді. Офис-мнеджерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Программа жобасы бірнеше формалардан тұрады. Негізгі формада келген және жіберілген құжаттар жайлы ақпараттар алуды, анықтамаларды көруді, есептер шығаруды қамтамасыз ететін батырмалар мен менюлер орналасқан (сурет 3.1).
Сурет 3.1 - «Менеджер» программасының басты беті.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
«Келген құжаттарды тіркеу» терезесі құжат нөмірі, оның түрі, құжаттың тіркелген уақыты мен құжат жіберуші туралы ақпараттар беретін өрістерден тұрады. Сондай-ақ, мұнда құжатқа қысқаша сипаттама, оның орындалу уақыты мен орындаушының фамилиясы жайлы мәліметтер береді (сурет 3.2).
Сурет 3.2 - «Келген құжаттарды тіркеу» терезесі.
Ескерту: программа құру барысында автор құратырған
«Жіберілген құжаттар» терезесі құжат нөмірі, оның түрі, құжаттың жіберілген күні мен құжат жіберуші туралы ақпараттар беретін өрістерден тұрады. Сондай-ақ, мұнда құжатқа қысқаша сипаттама, оның орындалу уақыты мен орындаушының фамилиясы жайлы мәліметтер береді (сурет 3.3).
Сурет 3.3 - «Жіберілген құжаттарды тіркеу» терезесі.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
«Қызметкерлер тізімі» терезесі қызметкердің фамилиясы, аты, тегі, туған жылы мен оның қызметі, білімі жайлы мәліметтер береді. Сондай-ақ, бұл кестеден қызметкерлердің телефоны, мекен-жайы, электрондық адресі, фото суреті жайлы мәліметтерді көре аламыз (сурет 3.4).
Сурет 3.4 - «Қызметкерлер тізімі» терезесі.
Ескерту: программа құру барысында автор құрастырған
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыс жазу барысында өзіме бекітілген тақырыпқа сәйкес офис-менеджерінің жұмысын зерттедім. Менеджер қызметінің де бірнеше түрлері бар. Соның бірі – офис-менеджер, олар офистің дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді: офистің қызметкерлер құрамының жұмыс орының ұйымдастыруын басқаруды жүзеге асырады, офистік жабдықтарды тексеруді ұйымдастырады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес кәсіпорынның офис-менеджерінің іс-әрекетін зерттей отырып, оның ақпараттық жүйесін құрастыру жолдарын көрсеттім.
Кәсіпорынның офис-менеджерінің ақпараттық жүйесін құру үшін алдымен мәліметтер қорының кестелерін MS Access ортасында құрып алдым. Кәсіпорынның офис-менеджерінің прогрaммaлық жaбдығын Aссess ортaсындa құрылғaн кестелердi ADО мәлiметтерге қaтынaу технологиясы aрқылы байланыстыра отырып, С++Builder ортaсында құрастырдым. «Офис-менеджер» программасы офиске келген және жіберілген құжаттар жайлы ақпараттар алуды, анықтамаларды көруді, есептер шығаруды қамтамасыз етеді.
