- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық есептiлiгi
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Салық төлеу мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.
Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.
Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.
4. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенімхат негiзiнде сенім бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi Күнтiзбелiк жыл болып табылады.
2. Егер ұйым күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылса, оның құрылу күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
Бұл ретте ұйымның оның уәкiлеттi органда мемлекеттік тіркеуге алынған күнi оның құрылған күнi болып саналады.
3. Егер ұйым күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейiн таратылса, қайта ұйымдастырылса, өзiнiң құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
Салық есептiлiгi
Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Қорытынды:
Көлік құралдарына салық салудың ережелері мен тәртібі Салық кодексімен анықталған. Салық салу объектісі көлік құралы болса, салық төлеуші көлік құралының иессі заңды және жеке тұлғалар. Салық кодексімен көлік құралдары салығы бойынша бірқатар жеңілдіктер белгіленген. Көлік құралының двигателінің көлеміне, отыратын орын санына, двигателінің қуаттылығына және жүк көтергіштігіне байланысты салық ставкасы белгіленеді.
