- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық есептiлiгi
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Салық салу объектісі
1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.
Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;
4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
Салық базасы
Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
Жер салығының ставкалары бонитет балына байланысты және бонитет балы жоғары болған сайын салық ставкасына жоғары болады.
Бонитет балын жергілікті билік органдарның өкілі топырақтанушы, жер құрылысын зерттеуші және жер учаскесінің иесінен құралған сараптық комиссияның шешімімен анықталады.
ҚР-ның Салық Кодексіне сәйкес жерге салық салу мақсатында жер санаттары келесі түрлерге бөлінеді:
ауылшаруашылығы мақсатында қолданылатын жерлер;
елді мекендер жерлері;
өнеркәсіп жерлері(өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық мақсатындағы емес жерлер);
ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерлері(сауықтыру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер, рекреациялық жерлер);
орман қорының жерлері;
су қорының жерлері;
запастағы жерлер;
Жердің қандай да бір санатқа жатқызылуы ҚР-ның «Жер туралы» Заң актілерімен белгіленеді.
Елді-мекен жерлері салық салу 2 топқа ажыратылады:
Тұрғын үй қоры(оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағандағы елді мекен жерлері)
тұрғын үй қорын(үй жанындағы құрылыстар мен ғимараттар) қосқандағы елді-мекен жерлері.
Төмендегі жер санаттары салық салудан босатылады, егер де тұрақты жер пайдалану немесе бастапқы, өтеусіз, уақытша жер пайдалануға бермесе:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
орман қоры;
су қоры;
запастағы жерлер;
