- •Дәрістер курсы
- •2* Салықтың материалдық белгісі оның төлеушінің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір ақшалай сомада немесе заттың белгілі бір саны түрінде болуы.
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Принциптер:
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық есептiлiгi
- •Салық төлеу мерзiмдерi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Төлеушілер
- •Салық салу объектісі
- •Салық базасы
- •Базалық салық ставкаларына келесідей түзетулер енгізуге рұқсат етіледі:
- •Қарастырылатын сұрақтар:
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық салу объектiсi
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қарастыратын сұрақтар:
- •Салық ставкалары
- •Салық кезеңі
- •Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Көлік құралдары салығын кімдер төлемейді?
Қандай көлік құралдарын салық салудан босатылған?
Көлік құралдары салығын төлеушілер кімдер?
Қандай жағдайларда көлік құралы салығының ставкасына түзету коэффициенті қолданылады?
Көлік құралдарына салық ставкасы қандай көрсеткіштерге байланысты белгіленеді?
Заңды тұлғалар көлік құралдары салығын қашан төлейді?
Жеке тұлғалар көлік құралдары салығын қашан және қалай төлейді?
5-тақырып. Жер салығы
Мақсаты: Жерге салық салудың мәнін ашып, Салық кодексімен белгіленген жер санаттарына салық салудың ерекшеліктерін қарастыру.
Негізгі түсініктер: жер санаты, бонитет балы, кадастр, жер участкесі, ағымдық төлемдер есебі, салық декларациясы
Қарастыратын сұрақтар:
Жер салығының экономикалық мазмұны мен салық салу принциптері
Жер салығын құру негізі
Әр түрлі шаруашылық субъектілері мен халықтың жер салығын төлеу ерекшеліктері
1. Салық жүйесінде салықтар экономикалық белгісі бойынша келесідей 3 топқа сыныпталады: меншікке салық, табысқа салық және тұтынуға салық.
Нарықтық қатынастар жағдайында меншікке салынатын салықтардың мәні барған сайын арттуда. Осы топ салықтарына: жер салығы, мүлік салғы және көлік құралдары салығы.
Бұл салықтарды кейде «санитарлық» деп аталуының себебі, олар жылжитын және жылжымайтын мүлік қаншалықты тиімді қолданылатына байланыссыз түде салық салуға жатқызылады. Мемлекеттің меншікке жоғары ставкаларды белгілеу меншік иелерінің өз мүліктерін күтіп ұстауына және тиімсіз қолданылатын мүліктерден құтылуға итермелейді.
Меншікке салықтар жергілікті бюджеттер табысының негізгі көзі болғандықтан, жергілікті биліктің оған көңілі ерекше. Салық кодексіне сәйкес ҚР-дағы меншікке салық салу механизмінің ерекшелігін қарастырайық. Осындай салықтардың бірі- жер салығы. Жер кодексіне сәйкес республикада жерді иелену мен жерді пайдалану ақылы болып табылады. Жерге ақы жер салығы және жерге жалақы ретінде қолданылады. Жерге төлем жердің барлық санатарына таратылады.
Жерге салық салу келесідей принциптерге негізделеді:
жер салығының мөлшері жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуі мен сапасына байланысты анықталады және жер иеленушінің және жер пайдаланушының шаруашылық немесе басқада қарекетіннің нәтижесіне тәуелді болмайды.
Жер салығы жыл сайын жер ауданының бір бірлігігн теркелген төлем түрінде белгіленеді.
Басқа мемлекеттерге қолданыуға берілген жер учаскелеріне салық салу тәртібі мен шарттары ҚР мен осы мемлекет арасында жасалған келісімшартпен анықталады.
2. Жер салығы кадастрлік әдіспен төленеді. Кадастр - бұл, объектінің сыртқы белгілері бейнеленген реестрі.
