Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1200_ltty_1179_t_1241_rbie_-_zhauaby.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406 Кб
Скачать
☆
  • 12 Билет.

  • 1 сурак. Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Еңбек ету арқылы адамның көзқарасы, эстетикалық сезімі, ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі. Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ертеден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болған. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан дүниесін, тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сол себептен де баланы ерте бастан еңбекке ертеден тәрбиелеу жанұяның қасиетті борышы. Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселелері ретінде де жырланды. Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнер тамған» нақты кәсіп иесі болуды көздеген.

  • 2 сурак. Маманның ұлттық тәлім-тәрбие беруге даярлығы дегеніміз- Кәсіби парызына сәйкес, ұлттық тәлім-тәрбиені жүргізу бойынша білімдері, біліктілігі және қабілеттері негізінде қалыптасқан кәсіптік парыздылық санасының дайын күйі.

  • Ұлттық тәлім-тәрбие беруге даярлығы бар маман бойында мына қабілеттер болуы керек:

  • - жас өспірімдерді қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің негізгі ұғымдарымен, білімдерімен, дүниетанымдық идеяларымен және әдістерімен таныстыра алатын;

  • - жастарға қазақтың тілін, тарихын, дінін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын таныстыра отырып, сана сезімін, намысын, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастыра алатын

  • - болашақ ұрпақ бойында қазақтың ұлттық құндылықтары негізінде әлеуметтік-психологиялық, құқықтық-экономикалық және логикалық ойлауды дамытудың қажетті дағдылары мен шеберлігін меңгертетін, дұрыс және шешен сөйлеуді, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуді, бәсекеге қабілетті құзыреттілікті қалыптастыра алатын;

  • - ұлтаралық қарым-қатынасты жетілдіру үшін қазақ халқының терең де мағыналы тәлім-тәрбиесін қазақстандағы басқа ұлт өкілдеріне насихаттай алатын.

  • - жас ұрпаққа қоғам мен табиғат ресурстарын өз игілігіне ұқыпты да ұтымды пайдалануға икемдеуге, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзілік жалпы адамзатқа тән құндылықтармен сабақтастыра алуға үйрететін;

  • - жас ұрпақты жат қылықтардан сақ болуға, жан және тән сұлулығын сабақтастыра білуге және оны дамытуға үйрететін;

  • 3 сурак. «Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

  • Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел –  алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.