- •11Билет.
- •12 Билет.
- •13.Билет.
- •3 Сурак.
- •14 Билет.
- •15Билет.
- •16 Билет.
- •17 Билет.
- •1 Сурак. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда, біраз ерекшеліктері бар:
- •18 Билет.
- •19 Билет .
- •2 Сурак
- •20 Билет .
- •3 Сурак
- •21 Билет.
- •22 Билет.
- •23 Билет .
- •1 Сурак
- •3 Сурак
- •24 Билет .
- •25 Билет .
3 Сурак.
14 Билет.
1 сурак. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi.
Ежелгi зергерлiк өнерi бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсiндерде, кейiннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуiрiнде бұл әдiс көп тарамаған. Үйсiн зергерлiк өнерiнде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсiлдерi басым пайдаланылды. 6 — 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi негiзiнде байырғы түрiк өнерi дамыды.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңiнде өзiне тән музыкалық дәстүрi дүниеге келдi; соның нәтижесiнде бай муз. мәдениетi қалыптасты. Бесiк жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегi салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негiзiнен пентатоник. белгiлерi басым жетi тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негiзделдi. Эпостық жырлар речитативтi әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшелiктерiне қарай муз. шығармалардың әуендiк сипаты түрлiше әрi әншiлiк, күйшiлiк, орындаушылық дәстүрiнде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдiң түрлерi: домбыра немесе қобыздың сүйемелiмен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. "жар-жар”, "сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердiң қайырмалары көп дауыспен орындалды.
Қазақ халқының би мәдениетi ежелден-ақ белгiлi болған. Би — ұлттық өнердiң басқа да түрi сияқты халық тұрмысына берiк енiп, олардың әдет-ғұрып ерекшелiгi мен iс-әрекетiн бейнелейтiн өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететiн халық биi "Өрмек би”, аңшылар өмiрiн бейнелейтiн "Қоян би”, әзiл-сықақ пен күлкiге құрылған "Аю биi”, "Насыбайшы”, "Ортеке”, "Қаражорға”, "Тепеңкөк” билерi — ежелгi би мәдениетiнiң куәсi. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгiштiгiн жан-жақты аша түседi.
Ұлттық театр өнерiнiң белгiлерi халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдiк, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шiлдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кiмдi қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнерiне, ақындар айтысы мен шешендiк өнерге саяды. Қазақ театр өнерiнiң тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсiби театрларының ашылуы ықпал жасады;
Қазақ цирк өнерi көшпендi тiршiлiктiң ыңғайымен бiте қайнаса дүниеге келдi. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен бiлдiрiп, түрлi дене қимылдарымен жұртты күлдiру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзiл-ажуа сөздермен көпшiлiктiң көңiлiн көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерiнiң алғашқы нышандары көрiнiс бердi.
Қазақ киносы Қазан төңкерiсiнен кейiн пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшiк кино залы жұмыс iстедi. Олар негiзiнен iрi қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қ-нда бiрiншi киносеанстар 1910 жылдан көрсетiле бастады. Киноның алғашқы белсендi насихатшыларының бiрi — Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерiнде саяхатта болып, Испания, Үндiстан, Қытай, т.б. елдердiң өмiрiнен түсiрiлген этногр., тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келдi. 1925 ж. Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерiнiң 5-съезiн Мәскеу киношежiрешiлерiнiң пленкаға түсiруi Қазақстандағы бiрiншi кино түсiру қадамы болып саналады.
2 сурак. Ұлттық психология философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.
Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі.
Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді.
Үшіншілен, ұлттық психология - ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
3 сурак. Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Қызың көргенді де ибалы, сөз – сынын, ісі – түзік, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана күліп, сызылып жәймен жүріп, айтқаныңды екі етпесе – ажарың. Ал тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауын ашып, көрінгенге көзін тессе, күндіз кетіп, түнде келіп жатса – азабың. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Қыз – қарындас, қыз – апаң, қыз – болашақ жарың. Қыз ертеңгі ана, қыз – ұлтымыздың келешегі.
Сондықтан да қыздарды аялай білейік! Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана, Бәрі де кезінде дара тұлға. Ұрпағымыздың ойласаң болашағын, Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
