- •11Билет.
- •12 Билет.
- •13.Билет.
- •3 Сурак.
- •14 Билет.
- •15Билет.
- •16 Билет.
- •17 Билет.
- •1 Сурак. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда, біраз ерекшеліктері бар:
- •18 Билет.
- •19 Билет .
- •2 Сурак
- •20 Билет .
- •3 Сурак
- •21 Билет.
- •22 Билет.
- •23 Билет .
- •1 Сурак
- •3 Сурак
- •24 Билет .
- •25 Билет .
18 Билет.
1 Сурак. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда, біраз ерекшеліктері бар:
1.Бүгін отбасында еркелетіп ұстап отырған қыз бала күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болады.
2. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
3. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген керемет суреттемелер беріп, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйікімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттері бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен
4. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдемілік, ұялшақтық, мығымдық, өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, махаббат мұратына жетуден талабы, намысы, қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы тән.
5. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын. Басқа ұлтқа қарағанда қазақ қыз-келіншектерінің бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші адам, ол - анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруға, үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қазақ халқы ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген ата-аналар, тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында, мысалы ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан әкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс болған. Керісінше, әкесі мен ағалары қыздарды ерекелетіп «Өрісіңді кеңейтеді» деп әлпештеп өсірген.
7. Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген. Қызды сән мен әсемдіктің нышаны тұтқан. Қыздар пәк махаббаттың иесі деп білген, оған дәлел кешегі өткен Қыз Жібек, Еңлік, Баян сұлулардың сүйіктілеріне деген махаббаты. Қызды құлпырған әдемі гүлдерге теңеген. Гүл қай заманда да екі ғашықтың арасында емеурін білдіретін, тұспал жасайтын, жүректің сөзін сөйлейтін теңдессіз қызмет атқаратын әдемілік ретінде сұлулықтың символы. Құпия сезім түсініктің құралы кім оны білмейді
Ұл тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт- байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі.
2 сурак. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде ана тілінің алатын орны ерекше екенін естен шығармаған жөн. Тіл - ойлау, қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ол ұлттығымызды, елдігімізді көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Ұлттың өзінің ішкі тұтастығын сақтауының негізгі кепілі де тілі болып табылмақ. Сонымен қатар болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудегі маңызды көрсеткіштердің бірі болып қала береді.
Кез келген адамның санасында қай тіл қалыптасады, ол сол тілде сөйлейтін, сол тілде ойлайтын болады. Өмірді де тек сол тіл арқылы қабылдайды. Бұл дәлелденген дүние. Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы Совет‑Хан Ғаббасов осыған қатысты ана тілінің 10 түрлі қасиетін атап өтеді: «Ата-баба зердесімен байланыстыратын тек ана тілі екен. Оны ғылымда филогенетикалық жад дейді, халықтың менталитеті, ділі де, тек қана ана тіл арқылы беріледі. Тілі бұзылған халықтың менталитеті де, рухы да жойылады. Ана тілін білмеген адам, халықтың рухани байлығын жасай алмайды. Имандылық, ар-ұят та тілден пайда болады, таным мен талғамды да тіл қалыптастырады. Ана тілін білмейтін қазақтың талғамы – мүлдем басқа талғам. Мейірім, рақым дейтін қасиеттерді де ана тілі сіңіреді».
Шынында да туғаннан өзге тілді ана тілі деп қабылдаған баланы қанша ұлтжанды қыламын десең де, бәрбір оның түпкі санасын, болмысын ұлтжанды қыла алмайсың. Себебі белгілі бір ұлтқа тән ұлттық болмыс та, ұлтқа тән қасиеттер де ана тілімен бойға сіңуі қажет. Ол сонда ғана нәтижелі болмақ. Ал өзге тіл арқылы сіңген ұлттық сана да бәрбір өзінің «өгейсіп» тұрғанын байқатады. Олай дейтінім, бүгінгі қазақтың көпшілігінің кез келген нәрсеге өзінің көзімен емес, өзгелердің көзімен қарауы, яғни өмірдің мәнін қазақша емес, басқаша ұғатындығы ащы да болса шындық, бүгінгі күннің ақиқаты. Оған дәлелді жүздеп емес, мыңдап келтіруге болады. Ана тіліміздің сырттан келген жағдайларға байланысты емес, өзіміздң немқұрайлығымыздан өркендей алмай жатқанын да мойындайтын кез жетті. Ұлт ретінде бірегейлігімізді, елдігімізді сақтаймыз десек, оны ана тілі арқылы ғана жүзеге асыра алатынымызды ұмытпаған жөн. Жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыта білгенде ең алдымен осы ана тілінен бастау керек.
Кез келген адамның туған еліне, өз ұлтына деген құрметі мен сүйіспеншілігі өз ана тілін білуден, оны құрметтеуден, қадірлеуден басталатыны ежелден белгілі. Тіл ана сүтімен бойға дари отырып, тұлғаның бойына ұлттық сана-сезімді қалыптастырады, ұлттық рухты дарытады, ұлтқа тән адамдық қасиеттерге жетелейді. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана рухани-адамгершілік тұрғысынан жоғары болмақ. Қазақ жастарының бойына біз осы қасиеттерді дарытуымыз қажет. Олар ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған, ұлттық құндылықтарын дәріптеген, ана тілінің мүддесін бәрінен жоғары қойған ұрпағы бар ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ.
Тәрбие отбасынан басталады, ал оны адамның бойына дарытатын баға жетпес құрал – тіл. Сондықтан да отбасы тәрбиесіндегі ана тілінің жағдайына көңіл бөліп, жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, тәрбиелік, сыпайылық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді өз ана тілі арқылы сіңдіре білсек, бізге рухани тоқыраушылық та, рухани дағдарыс та қорқынышты емес.
3 сурак. Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын-сауық қана емес ол спорт, ол өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындар бала денесін шынықтырады, рухани жағынан өсіреді, ой-өрісін кеңейтеді. Ұлттық қозғалыс ойындарын дене тәрбиесі сабағының үрдісіне еңгізе отырып, осы пәнге деген қызығушылықты арттыру артқылы студенттер мен оқушылардың жалпы ден саулығының деңгейін жақсарту үшін, қандай әдістерді қолданса, дене дайындығының негізгі физиологиялық көрсеткіштері болып саналатын: қан айналымын, тыныс алу жолдарын, зат алмасу процессін және жүйке жүйелерінің жұмысын нығайтуда маңызыдылығы артатындығы бар бағыттарды дәлелдеу басты мәселе. Қазақтың ұлттық ойындары дененің шынығуын жан-жақты қажет етеді. Сол секілді қозғалыс спорт ойындары да, адамның еңбекке деген қажырлығын және шыдамдылығын талап етеді. Бала жасынан ойнаған ойындарының әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймайды, қозғалыстың арқасында мүсінді, дені сау, қоғамның қиындығына төзімді азамат шығады, - деп атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, дене қозғалыстарын жүйелі қалыптастыру Отанымыздың болашақ азаматтарын жан-жақты үилесімді тәрбиелеуге әсерін тигізеді.Ұлттық ойындарымен шұғылданған ұлдар мен қыздардың қандай іске болсын қабілеттерінің артатындығын, жылдамдық, шыдамдылық сияқты дене дайындығының қасиеттері сапалы өсетіні байқалады. Бұл қасиеттердің дамуы ақыл-ойының өсуі мен денесінің дамуына жәрдемдеседі. Ұлт спортының да, спорттың басқа түрлері сияқты,барлық спорттық ойындармен ұқсастығы бар. Мысалы: доп ойнау, қуыспақ, жасырынбақ,атысу ойындарын барлық ұлттың балалары ойнайды. Осы қозғалыс ойны процесінің барысында, қоғамыздың дамуындағы ең маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын ұлт аралық татулықты тәрбиелеу іс де ескеріледі. Демек, ойындардың да бірыңғай жүйелі негізі және заңдылығы бар. Біріншіден, ойындар барлық дәуірлерде, тарихи кезеңдерде болған, екіншіден, адам алғашқы қауымнан бастап, мәдениеттің жоғарғы даму сатысына дейінгі кезеңде қозғалыс қимылдарымен дене дамуының небір жетістіктерін дәлелдеп келеді. Қазіргі шақта дене қасиеттерін дамытудың ғылыми негізделген жүйесі қалыптасқан.Ендігі мақсат жастарды жалқаулықтан ажыратып,екпінді өмір салтына баулу үшін, дене тәрбиесінде қолданылатын шаралардың ауқымын молайту, яғни жаттығуларды ұлттық ойындармен алмастыра отырып, жүйелі түрде өз беттерінше жан-жақты қозғалыс қимылдарымен бос уақыттарында айналысуды қалыптастыру қажеттілігі аса өзекті мәселе болып саналатынын мойындау.
