- •3 Сабақ
- •4 Сабақ Желді өлшеу
- •Ауа температурасын өлшеу
- •Ауа ылғалдылығын өлшеу
- •Топырақ беті температурасын өлшеу
- •Бұлттылықты бақылау
- •Жауын-шашынның мөлшерін және қарқындылығын анықтау.
- •Кар жамылғысына бақылау жүргізу
- •12 Сабақ Атмосфералық құбылыстардың жіктелуімен танысу
- •Атмосфералық құбылыстарға бақылау жүргізу
- •13Сабақ Метеорологиялық көріну қашықтығын анықтау.
- •14 Сабақ Автоматтық метеорологиялық станциялар туралы жалпы түсініктер
- •Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станция
- •15 Сабақ Бақылау мәліметтері бойынша синоптикалық жеделхат құрастыру
Топырақ беті температурасын өлшеу
Мақсаты мен міндеті: топырақ беті мен оның терең қабаттарының және ауаның температураларын өлшейтін құрал – аспап түрлерімен танысу.
Төселме беткей – ол жер беті, яғни атмосферамен әрекеттесе отырып, жылу- мен су алмасу процестеріне қатысып, топырақтың жылулық режимін реттейтін, күн мен атмосфера радиацияларын жұтып және өзі сәуле шашатын топырақ, өсімдік жамылғысы, қар және т.б. беткейлері.
Топырақтың жылулық режимі сонымен қатар, топырақтың жылуфизикалық сипаттамаларына, оны механикалық құрамы мен басқа факторларына бағынышты болады. Топырақтың қызу дәрежесі оның беткейінің және төменгі қабаттарының температурасымен сипатталады. Осыған байланысты метеорологиялық станциялар жүйелерінде топырақ температурасын бақылаудың екі әдісі: топырақ бетінің және оның әртүрлі тереңдіктерінің температурасын өлшеу қолданылады.
Осы әдістеме төселме беткей (қар жамылғысы) температурасының келесі сипаттамаларын анықтауды қарастырады:
- бақылау мерзімдегі төселме беткей (қар жамылғысы) температурасын (Цельсий, градусы 0С);
- екі бақылау мерзім аралығындағы 3 сағ уақыттағы максималды төселме беткей (қар жамылғысы) температурасын (Цельсий, градусы 0С);
- екі бақылау мерзім аралығындағы 3 сағ уақыттағы минималды төселме беткей (қар жамылғысы) температурасын (Цельсий, градусы 0С);
- төселме беткейдің (қар жамылғысының) күйін.
Топырақ беткейінің және қар жамылғысының температурасына бақылау метеорологиялық алаңда жыл бойы жүргізіледі. Термометрлерді орналастыру үшін метеорологиялық алаңның оңтүстік жағында көлеңкеленбейтін жерден размері 4х6 м участок таңдалады; егер бақылау тек топырақ беткейінің температурасына жүргізілсе, онда 3х4 м участокты таңдау жеткілікті.
Термометрлер ашық участоктың ортасында бір-бірінен 5-6 см арақашықтықта резервуарлары шығысқа бағытталып, келесі тәртіппен орналасады:
солтүстіктен бастап бірінші - топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасын өлшейтін термометр, қатаң горизонталды түрде орналасады;
екінші – минималды термометр, қатаң горизонталды түрде орналасады;
үшінші – максималды термометр, резервуар жағына кішкене еңкейтіліп орналастырылады.
Топырақ беткейінің (қар жамылғысының) температурасына бақылау барлық бақылау мерзімдерінде жүргізіледі. Өлшеулер үшін термометрлерге төсеніш тақтай арқылы тек солтүстік жағынан бару керек. Өлшеулер жүргізгенде термометрлерді орнынан қозғауға болмайды.
Ең алдымен өлшеу төселме беткейдің температурасын өлшеуге арналған термометр (нақты термометр) бойынша, содан кейін – минималды термометрдің спирті және штифті бойынша, ең соңында максималды термометр бойынша жүргізіледі. Өлшеулер жүргізіліп біткеннен кейін минималды термометрдегі штифт спиртке келтіріледі, ал максималды термометр құрғақ термометрдің көрсеткішіне дейін сілкіленеді де, сілкігеннен кейінгі көрсеткіші жазылады.
Топырақ термометрлерінің көрсеткіштері 0,1 0С дәлдікпен КМ-1 кітапшасының «Топырақ беткейіндегі» бөлімінің жолдарына келесі тәртіппен жазылады:
Есептерге түзетулер енгізілмейді.
Төселме беткейдің күйіне жүргізілетін бақылаулар
Төселме беткейдің күйіне бақылаулар тәулігіне бір рет, 8 сағ белдеулік декреттік уақытқа жуық, визуалды түрде жүргізіледі.
Қар жамылғысы мүлдем болмағанда және станцияның көрінетін төңірегі 0,1-ден аз қармен жамылған жағдайда, бақылаулар топырақ күйіне немесе топырақ беткейінің температурасын өлшеуге арналған термометрлер орналасқан ашық жерде, немесе метеорологиялық алаңға жақын орналасқан орындарда жүргізіледі.
Егер станцияның көрінетін төңірегі 1 балдан жоғары қармен немесе мұзбен жамылса (бұл кезде алаңда қардың болмауы да мүмкін), онда бақылаулар қар жамылғысының күйіне метеорологиялық алаңға жақын орналасқан орындарда жүргізіледі.
Төселме беткейдің қар жамылғысынсыз (қар жамылғысымен) күйі КН-01 кодының кестесіндегі Е (Е') мәндеріне сәйкес бағаланады.
Сонымен қатар бақылау кезінде топырақ бетінің нақты, ең жоғары (max), ең төменгі (min) температуралары және төселме беттің терең қабаттарының (0,2; 0,4; 0,6; 0,8; 1,2; 1,6; 2,4; 3,2 метр) температуралары да өлшенеді. Және жылы кезеңдерде топырақтың 5см, 10см, 15см және 20см тереңдіктеріндегі температуралар да өлшенеді. Нақты, максимальді және минимальді термометрлер ауа температурасын өлшегіш термометрлер сияқты топырақтың (топырақ бетінің) бақылау кезіндегі; бақылау аралығындағы ең жоғары және ең төменгі температураларды көрсетеді.
8-сабақ
