- •3 Сабақ
- •4 Сабақ Желді өлшеу
- •Ауа температурасын өлшеу
- •Ауа ылғалдылығын өлшеу
- •Топырақ беті температурасын өлшеу
- •Бұлттылықты бақылау
- •Жауын-шашынның мөлшерін және қарқындылығын анықтау.
- •Кар жамылғысына бақылау жүргізу
- •12 Сабақ Атмосфералық құбылыстардың жіктелуімен танысу
- •Атмосфералық құбылыстарға бақылау жүргізу
- •13Сабақ Метеорологиялық көріну қашықтығын анықтау.
- •14 Сабақ Автоматтық метеорологиялық станциялар туралы жалпы түсініктер
- •Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станция
- •15 Сабақ Бақылау мәліметтері бойынша синоптикалық жеделхат құрастыру
Атмосфералық құбылыстарға бақылау жүргізу
Мақсаты мен міндеті:Атмосфералық құбылыстардың түріне, ұзақтығына, қарқындылығына, сонымен қатар мерзімдегі және мерзім аралығындағы ауа райына бақылау жүргізу.
Бақылаулар метеорологиялық станцияда, оның жақын маңында (метеорологиялық алаңнан 200 м радиуста) және көрінетін қоршаған маңайда тәулік бойы үздіксіз келесі түрде жүргізіледі:
атмосфералық құбылыс пайда болған кезде бақылаушы оның басталу уақытын ОГУ сағаты және минутымен(минуттық дәлдікпен) белгілейді және оның пайда болған кезіндегі қарқындылығын жазады.
құбылыс пайда болғаннан кейін бақылаушы оның қарқындылығын көз мөлшермен бағалайды және қарқындылығының өзгеру уақытын белгілей отырып, құбылыстың ары қарай жүрісін мұқият бақылайды.
Атмосфералық құбылыстың қарқындылығы әлсіз, орташа және күшті болып ажыратылады
Бақылау мерзіміндегі және мерзім аралығындағы ауа райының күйі
Бақылау мерзіміндегі және мерзім аралығындағы ауа райының күйі сипаттамасы атмосфералық құбылыстарды үздіксіз бақылау негізінде, аспан күйі мен бұлттылықтың дамуын ескеру арқылы беріледі.
КН-01 кодының талаптарына сәйкес бақылау мерзіміндегі ww және мерзім аралығындағы ауа райының күйі сипаттамасы W1W2анықталады.
Бақылау мерзіміндегі ауа райының күйі сипаттамасы кезінде (болып жатқан ауа райы) ОГУ бойынша 0,3,6,9,12,15,18,21 сағаттарға дейінгі 10 минут және соңғы 1 сағ ішінде болған атмосфералық құбылыстар мен бұлттылық ескеріледі.
Мерзімнің соңғы сағаты деп ОГУ бойынша 0,3,6,9,12,15,18,21 сағаттарға соңғы 1 сағат қалғаннан бастап, 10 мин қалғанға дейінгі уақыт аралығын айтады. Соңғы сағаттағы құбылыстар бақылау мерзіміндегі ауа райы сияқты кодталады.
Бақылау мерзімі деп ОГУ бойынша 0,3,6,9,12,15,18,21 сағаттарға 10 мин қалғаннан бастап, тура сол мерзімде аяқталатын уақыт аралығын айтады.
Бақылау мерзіміндегі немесе соңғы сағаты кезіндегі ауа райының күйі 100 түрлі сипаттамалары болады.
Өтіп кеткен (мерзім аралығындағы) ауа райын сипаттағанда негізгі синоптикалық мерзімдерге сәйкес келетін ОГУ бойынша 0,6,12,15 және 18 сағ мерзімдері үшін алты сағат ішіндегі атмосфералық құбылыстар мен бұлттылық ескеріледі.
Өтпелі синоптикалық мерзімдерге сәйкес келетін ОГУ бойынша 3,9,15,15 және 21 сағ мерзімдері үшін үш сағат ішіндегі ауа райы ескеріледі.
Өтіп кеткен (мерзім аралығындағы) ауа райы КН-01 кодының кестесіне сәйкес W1 және W2 сипаттамаларымен кодталады.
Бақылау мерзіміндегі және мерзім аралығындағы ауа райының күйі сипаттамалары КМ-1 кітапшасының сәйкес графаларына ww және W1W2 код сандарымен жазылады; сонымен қатар сөзбен қысқаша сипаттама беріледі.
12 Сабақ Атмосфералық құбылыстардың жіктелуімен танысу
Мақсаты мен міндеті:Атмосфералық құбылыстардың түрлерімен,оларды таптастырылуымен және көркемдеп жазылуымен таныстыру.
Метеорологиялық станцияларда жүргізілетін атмосфералық құбылыстарды таптастыру және бейнелеп жазу келесі топтар бойынша жүргізіледі:
- гидрометеорлар - атмосферадан түсетін (жер бетіне түсетін жауын-шашындар), онда қалқып тұратын (тұмандар), жер бетінде, заттар бетінде пайда болатын немесе атмосферада (беткейлерде пайда болатын жауындар) немесе жербетінен желмен көтерілетін (қарлы борандар) судың сұйық және қатты бөлшектерінің жинағы;
- литометеорлар - жер бетінен желмен көтеріліп ауада қалқып тұратын немесе белгілі қашықтыққа тасымалданатын қатты бөлшектердің (сулы емес) жинағы;
- электрлік құбылыстар - атмосферадағы электр өрісінің әсерінен пайда болатын көрінетін немесе естілетін (дыбыстық) құбылыстар;
-оптикалық құбылыстар-күн немесе ай сәулесінің атмосферада шағылуы, сынуы немесе дифракциясы нәтижесінде байқалатын құбылыстар;
- жіктелмейтін құбылыстар- жоғарыда көрсетілген топтарға жатпайтын әр түрлі атмосфералық құбылыстар.
Өз кезегінде әр топтағы құбылыстар бірнеше түрлерге бөлінеді.
