Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб. работы 2015(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

Бұлттылықты бақылау

Мақсаты мен міндеті:Бұлттарға бақылау жүргізу, мөлшерін, төменгі қабаты шекарасының биіктігін, сонымен қатар бұлттар атласын қолдана отырып, бұлт түрлерін анықтау және көз мөлшерімен баға беріп үйрену. Бұлттардың морфологиялық классификациясын жаттау.

Бұлт деп атмосферада белгілі бір биіктікте орналасқан, көзге көрінетін, конденсация немесе сублимация өнімдерінің жиынтығын айтамыз. Метеорологиялық стансаларда бақылаушы негізгі бақылау мерзімдерінде бұлттың мөлшерін, пішіні мен түрін және орналасу биіктігін анықтап, арнайы (КМ – 1) кітапшаға тіркеп отырады.

Бұлттардың мөлшері, яғни бұлттың аспанды торлау (жабу) дәрежесі он балдық шкала бойынша бақылаушының көз мөлшерімен анықталады. Бұлттардың арасындағы кішігірім ашық жерлер де қоса есептеліп, аспанның қанша пайызын бұлт жауып тұрғаны анықталады. Бұлт жоқ болса – 0 балл, аспанның 20% – ын бұлт жапса 2 балл, 50% – 5 балл, ал аспан әлемін түгелдей бұлт торласа – 10 балл беріледі. Егер бұлт жамылғысында 0.5 балға дейін ашық саңылаулар болса, 10 саны ұяшық ішінде жазылады.

Бақылау кезінде алдымен аспан күмбезіндегі жалпы бұлттылық: жоғарғы қабат бұлттары, ортаңғы, төменгі және тігінен дамыған бұлттар бағаланады. Мысалы: 8/3 немесе 10/9. бөліндінің үстіне (8 және 10 ) – жалпы бұлттылық саны, астына (3 және 9) – төменгі қабат бұлттарының балдық саны жазылады. Егер бұлттылық 0.5 балға жетпесе, мөлшері 0/0 балл деп бағаланады да бұлттың пішіні көрсетіліп оның жанына «із» деп жазылады. Мысалы: 0/0 Ci (із). Сонымен қатар, бақылау кезінде күн немесе ай сәулесінің қарқындылығы да белгілінеді.

Бұлттардың пішіні «Бұлттар атласындағы» суреттермен салыстыру арқылы анықталады. Ал бұлт аттары – латын әріптерімен қысқартылып белгіленеді. Алдымен аспанның басым бөлігін алып жатқан бұлт пішін, одан кейін азаю тәртібімен басқалары белгіленеді. Бұлттардың пішін, түрі олардың мөлшері 0.5 балдан кем болмаған жағдайда ғана көрсетіледі. Көкжиектен 5 – 60 биіктікке дейінгі бұлттарды (будақ бұлттардан басқа) белгілемесе де болады.

Бұлттардың биіктігін анықтау үшін арнайы импульстік аспап қолданылады. Ал ол аспап болмаған жағдайда «Ұшқыш – шар», ал түнде прожекторлық қондырғы қолданылады. Сонымен қатар, бұлт биіктігін бақылаушы көз мөлшерімен де анықтауға болады.

9-сабақ

Жауын-шашынның мөлшерін және қарқындылығын анықтау.

Мақсаты мен міндеті: атмосфералық жауын-шашынның мөлшерін және қарқындылығын анықтау, өлшеу құралдарымен танысу.

Жалпы, атмосфералық жауын– шашын деп жер бетіне атмосферадан түсетін су тамшылары мен мұз кристалдарын жатқызады. Олардың өзі екі топқа бөлінеді:

  • атмосфералық жауын–шашындар

  • жер бетінде пайда болатын жауын–шашындар.

Метеорологияда жауын мөлшерін миллиметр су қабатымен (мм) өлшейді. Ауданы 1 м2 беткейге жауған 1 мм су қабатының салмағы 1 кг-ға тең. Катты күйдегі жауын – шашындар ерітіліп барып өлшенеді. Жауын-шашынның екінші маңызды сипаттамасы - оның карқындылығы. яғни бірлік уақыт аралығында жауған жауын мөлшері (мм/мин). Жауын-шашын карқындылығына байланысты саябыр, орташа және қарқынды болып бөлінеді. Жалпы, картада қандай да бір уақыт аралығындағы (мысалы, айлық, жылдық) жауын – шашынның бірдей мәндерін қосатын сызықтарды изогиеталар деп атаймыз.

Метеорологияда жауған жауын- шашын мөлшерін өлшейтін әртүрлі құрал-аспаптар бар. Соның ішінде метеорологиялық стансада негізінен "Третьяков жауынөлшегіші 0-1" (сурет-14) және "Плювиограф П-2" қолданьлады. Сонымен қатар шалғай таулы және шөлді аудандарда "Жиынтық жауынөлшегіш арқылы маусымдық немесе жылдык, жауын мөлшері жиналып өлшенеді. Агрометеорологиялық және басқа да экспедициялық зерттеулерде Ф.Ф.Давитайдың дажаңбырөлшегіші" қолданылады.

Жауын мөлшері тәулігіне екі рет (біздің аймақта) 800 және 2000 сағатқа жақын бақылау мерзімдерінде өлшенеді. Стансадағы жауынжинағыш ыдыс қақпақпен жабылып метеоалаңға апарылады да, ондағы ыдыспен ауыстырылады. Ауыстырылған ыдысқа қақпақ кигізіліп метоекабинетке әкелінеді де, ішіндегі жауын мөлшері өлшегіш стақанға құйылып өлшенеді.

10-сабақ