Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык и литература емтихан 21,05 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
247 Кб
Скачать
☆

42.Д.Бабатайұлы- хіх ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі екенін дәлелдеңіз.

Д.Бабатайұлы- ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі екенін дәлелдеңіз.

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады.

43. Ұлт зиялыларының тіл туралы толғамдарын жжазыңыз.

Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзілік тарихи және саяси үрдісте орны айқындалып жатқан кезде ХХ ғасыр бас кезіндегі саяси процес лидерлерінің қазақ халқының бостандығы жолында күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеуді қажет етіп отыр. Өйткені ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлерінің саяси қызметі, әлеуметтік саяси көз қарастары, жетекшілік рөлі жүйелі әрі саралана зерттелмеуде. Президентіміз 1997 жылды «Татулық пен еске алу» жылы деп жариялауы ХХ ғасырдағы тарихымызды тың тұрғыдан қарастыруға жүріп өткен жолымызға жаңаша баға беруге мүмкіңндік жасады,ал 1998 жылы Ел басының жарлығымен халықтың тұтастығы мен ұлттық тарих жылы деп жарияланып «жинақталып тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да, санадан әрі сырыла қойылмаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсем», деп көрсетті.1991 жылы тәуелсіздігіміз жариялап, Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас тұрғысынан М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә.Бөкейхановтың, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған35.[№16,110б.] М.Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты.»36.[№30,17-20б.] Т.Омарбековтың, М.Қойгелдиевтің «Тарих тағлымы не дейді?»,С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер.» монагрфиялық зерттеулері, т.б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды37.[31,108б] М.Шоқай, М.Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М.Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағыжәне Ә.Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық қазіргі кезде баспадан шыққан. А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р.Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады. Е.Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді.