- •Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Емтихан сұрақтары Анеля
- •22.Махамбет поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •24.С.Торайғыров романдарында әйел теңдігінің көрініс табуын айқындаңыз.
- •25.Мемлекеттік тілдің қазіргі қолданылу аясын таратып айтыңыз.
- •26.Ж.Баласағұнидің тіл, өнер-білім туралы айтқандарына көңіл бөліңіз.
- •28.Жамбылдың ақындық өнерін сипаттаңыз.
- •30.А.Байтұрсынұлы мысалдарының астарын айқындаңыз.
- •31.Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •32.Ежелгі ғұн, сақ, үйсін дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •33.Махамбеттің азаттық күрес жыршысы екенін дәлелдеңіз..
- •34.М.Шаханов поэзиясының ерекшелігін көрсетіңіз.
- •35. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиетті сипаттаңыз.
- •36.Тілдің жалпыадамзаттық құндылыық екенін түсіндіріңіз.
- •37.Ф.Оңғарсынованың ақындық шеберлігін саралаңыз.
- •38.Оғыз дәуіріндегі әдебиеттің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •40.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының маңызын көрсетіңіз.
- •41,«Оғыз қаған» жырының құрылысын жүйелеңіз.
- •42.Д.Бабатайұлы- хіх ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі екенін дәлелдеңіз.
- •43. Ұлт зиялыларының тіл туралы толғамдарын жжазыңыз.
- •44.Ислам дәуіріндегі әдебиет және әл- Фараби мұрасын сипаттаңыз.
- •45.Шортанбайдың зар заман ақыны екенін сипаттаңыз.
- •46. М.Әуезов шығармашылығының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •47. Йассауидің «Хикметтер» кітабындағы имандылық тақырыбы.
- •48. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің идеясын түсіндіріңіз.
- •49. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларын жинақтап көрсетіңіз.
- •50. Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» кітабындағы өнер-білім мәселелеріне тоқталыңыз.
- •52.Ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев романдарына тән сипаттарды белгілеңіз.,
- •53.Жыраулар поэзиясының тілін сипаттаңыз.
- •54.Ш.Құдайбердиев лирикасындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық
- •55. Қасым Аманжоловтың ақындық шеберлігін ашып беріңіз.
- •56. Қашқаридың «Диуани лұғат ит- түрік» сөздігіндегі әдеби нұсқаларды айқындаңыз.
- •57. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктерін саралаңыз.
- •58. Ғ.Мұстафин шығармашылығындағы басты тақырыптарды жүйелеңіз.
- •59.Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.
- •60.Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасын жүйелеңіз.
- •64. Мемлекеттік тілде өмірбаян жазудың үлгісін көрсетіңіз.
- •77.Асан Қайғы толғауларының мән-маңызын сипаттаңыз.
- •78.А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасын сипаттаңыз.
52.Ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев романдарына тән сипаттарды белгілеңіз.,
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
53.Жыраулар поэзиясының тілін сипаттаңыз.
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. 18 ғасырдағы Жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтікара жырау. Ол кене заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, отаншылдық идеяны насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді. 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам өміріне белсене араласып, ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Оның туындыларының олең олшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң" журналында (1925) жарияланғанымен, ғылымының түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарының үлесіне тиеді. 18 ғасырдағы халық поэзиясының танымал өкілдері - Көтеш (1745- 1819). Котеш шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік таксіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып
54.Ш.Құдайбердиев лирикасындағы Абай дәстүрі және жаңашылдық
Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып.
