Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык и литература емтихан 21,05 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
247 Кб
Скачать
☆

58. Ғ.Мұстафин шығармашылығындағы басты тақырыптарды жүйелеңіз.

Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 4 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды. 1925 – 1964 жылы Қарағанды шахтасында темір жонушы, “Қарағанды пролетариаты” (қазіргі “Орталық Қазақстан”) газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан “Қызыл ту” газетінің, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953 – 1956, 1962 –1964) қызметтерін атқарды. Алғашқы әңгімесі “Сәрсен мен Боқаш” (1927) “Жыл құсы” альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы “Ер Шойын” (1929) деген атпен шықты. Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді.

59.Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының көркемдігін саралаңыз.

Хорезмидің толық аты-жөні, өмірбаяны белгісіз, Сыр бойынан шыққан ақын. «Махаббатнама» атты поэмасын екі тілде бірдей жазған. Барлығы он бір бөліктен тұратын ғашықтық өлеңдердің үш тарауы парсыша, сегізі түркі тілінде. Дастан 473 бәйіттен тұрады және 58 жол «Хикая» деп аталатын шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек өлең бар. Шығармасында ақын махаббат, адалдық, адамгершілік жайында айтады. Азға қанағат етуді, бұрынғы салт-дәстүрлерден қол үзбеуді өсиет етеді. Хорезми бұл поэмасында нама жанрының өзіне дейін болмаған жаңа мүмкіндіктерін ашты, байытты. Өлеңнің араб-парсы поэзиясы арқылы келген ғазал, қасыда, мәснауи, фард дейтін шағын жанрларын да қолданған. Махаббатнама" - лирикалық дастан (авторы — Хорезми). Кейбір зерттеушілер оны сарай маңында туған одалық шығарма деген пікірде. Шығарманың басында Мұхаммед Хожабекке арналған мадақ бар. Бірақ Махаббатнаманың мазмұны одан көп бөлек. Хорезмидің дастанды түркі жөне парсы тілдерінде жазуына қарағанда, бұл кезеңде жазба әдебиет әлемінде екі тіл қатар дамыған секілді. Ә.Қоңыратбаев оның негізін оғыз-қыпшақ тілі десе, Махаббатнама Жармұхамедов Алтын Орда жағдайында қалыптаса бастаған Дешті- Қыпшақ тілінің жаңа үлгісі ретінде бағалаған. А.Қыраубаева да осы пікірді мақұлдаған. Дастан 754 жылы жазылған, ал арабша көшірмесінде 914 жылы көрсетілген. 14 ғ-да Сыр бойында мәдени өмір жанданып, Көк орданың шаңырақ көтергенін ескерер болсақ, Махаббатнама Сығанақта жазылды деп болжауға болады. Сүйіспеншілік сезіміне кұрылған сырлы саз — "Махаббатнама" өз дәуіріндегі түркі поэзиясының көркем бір үлгісі. Сол себепті қазақ әдебиетінің тарихы пан да көрнекті орын алады. Белгілі әдебиет зерттеушісі, проффессор А.Қыраубаева "Махаббатнама" туралы зерттеу еңбек жазған, қазақша көркем аудармасын жасаған.«Мұхаббат-наме» дастаны он бір бәйіттен тұрады. Шығарма желісі сұлу қызға өлердей ғашық болған жас жігіттің жүрек жарды сырлары ретінде берілген. Ғашық болған қызының сұлулығын сипаттау үшін жігіт байқұс оның көркін мына дүниедегі барлық әсемдік атаулыға шендестіруге әзір.Дастанда қыздың пікірлері яки жігітке қайтарған жауабы берілмейді. Оны тек жігіттің толғауларынан ғана аңғаруға болады.