- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологиялар қолданылуда. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. Ойын оқушылар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі Қызықты ойын түрінен кейін оқушы олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын: 1. Ұлттық; 2. Дидактикалық; 3.Логикалық. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: - Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою. - Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру. - Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету. - Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу. - Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу. - Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану. - Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. - Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет. Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады. Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Ұстаздар сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейді. Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.
