- •1. Көркем шығармаларды дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқытудың тиімділігі.
- •3.Дәстүрлі емес сабақтардың тақырыпты ашуда тиімсіз тұстарын анықтаңыз.
- •8. Дәріс концерт сабақтарының ерекшеліктері. Концерт сабағын өткізу тақырыптары қандай болу керек деп ойлайсыз.
- •9. Сіз оқытушы ретінде әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін қалай ұйымдастырар едіңіз?
- •10. Қалай ойлайсыз, оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін арттыруда сот сабағының тиімділігі бар ма? т Әбдіков Қонақтар бойынша сабақ жоспарын дайындау жолдарын көрсетіңіз.
- •13. Ойын сабақтарының тиімділігі неде деп ойлайсыз?
- •14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
- •16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.
- •26. Оқушы шығармашылығын әдеби жаттығулар арқылы дамыту жолдарын анықтаңыз.
- •28. Төмендегі сөздерден әлеуметтік проблеманы көрсететін шағын әңгімені жазыңыз: ауыл, еңбек, табиғат, қарт, дихан, егіс алқабы, Ғазиз.
- •29. Ә.Қоңыратбаевтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектері мен тұжырымдары
- •30. Т.Ақшолақовтың әдебиет сабағын жүргізудегі әдістемелік еңбектерінің негізгі идеяларын ашыңыз.
- •34. “С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы” атты тақырыптың жоспарын жасаңыз.
- •III Жаңа материалды түсіндіру. «Көкшетау» поэмасын талдау.
- •V. Үйге тапсырма
- •35. Сіз қандай тақырыптарды дәстүолі емес сабақтар арқылы тиімсіз деп есептейсіз?
- •36.Жыраулар поэзиясын дәс. Емес сабақтар арқылы өткізу тиімді деп есептейсіз бе? Дәлелдеңіз.
- •37. Оқушының тұлғалық қабілетін дамытудағы пресс-конференция сабақтарының маңызы.
- •40. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарына дәстүрлі емес сабақ түріне жоспар құрыныз.
- •46. Дәстүрлі емес сабақтардағы "Әдебиет салоны" ойының тиімділігін саралаңыз.
- •47. Дәстүрлі емес сабақтарды жарнамалау ойындарын сипаттау.
- •48.Дәстүрлі емес сабақтардағы «поэтикалық сұрақтар» ойынының орны мен ролін ашыңыз.
- •49. Берілген сөзді пайдалана отырып кейіпкердің ішкі психологиялық конфликтісін көрсететін шағын әңгіме құрастырыңыз:
- •50. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарының үлгісін көрсетіңіз.
- •51.Ә.Тәжібаевтың “Толағай” аңыз-ертегісін оқытудың дәс.Емес, саб арқылы өткізудің жоспарын құрыңыз.
- •53. Ертегілерді дәстүрлі емес сабақтар арқылы оқыту жолдарын ашыңыз.
- •55. Дәстүрлі емес әдістерді сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •57. М. Жұмабаевтың педагогика еңбегінің маңыздылығы:
14.Табиғат келбетін (пейзаж ) оқушыларға таныту, түсіндіру үшін пән мұғалімі ретінде қандай әдеби жаттығулар жасатар едіңіз?
Пейзаж – дегеніміз қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету. Оқушыларға пейзажды түсіндіру үшін түрлі жаттығуларды қолдануға болады. Мысалы, шығармашылығы пейзажға толы қазақтың бас ақыны Абайды алайық.
Ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі түсті бояулардан жасалған күйлі де келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.
Ал енді балалар, осы көріністі қағаз бетіне салып көрсек қайтеді. (Жұмыстың орындалу тәртібімен таныстырып өту)
Оқушылар сурет салуға кіріседі.
Оқушыларды аралап отырып, жұмыстарына баға беріп отыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыру ретінде Абайдың өлеңдеріне еркін тандау бойынша сурет салуы. (Осы тұста Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі айтылып тұрады ).
Оқушылардың үлгілі жұмыстарын жинап алып оларды талдап, сын – ескертпелер айтып, кемшіліктерін түзеу жолдарын үйрету арқылы сабақты қорытындылау.
15. Драматургиялық сабақтарды оқыту ерекшеліктерін қалай түсіндірер едіңіз.(Д.Исабеков, Ә.Тарази, Р.Мұқанова шығармалары бойынша) Қазіргі драматургиялық сабақтарды 11 сағатқа бөліп өтеді. Негізгі тақырыбы: Драма жанрының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ драматургиясының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қысқаша шолу. 60-90-жылдарға дейін драматургия саласында қалам тартып келген қаламгерлер (Қ.Мұхамеджанов, Қ.Шаңғытбаев, О.Бөкеев, А.Сүлейменов, т.б.). Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының жай-күйі. Драматургияда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды баяндайтын пьесалар Ә.Кекілбаев «Абылай хан», И.Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?». Тәуелсіздік жылдарында жазылған драмалық шығармалардың тақырыптық ерекшеліктері (Д.Исабеков, О.Бодықов, Н.Оразалин, И.Сапарбаев, Б.Мұқаи, Р.Мұқанова, Е.Аманшаев). Комедиялық жанрда жазылған драмалық шығармалар. С. Балғабаев («Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар»). Көркемдік-идеялық деңгейі. Трагедия табиғаты. Конфликт пен характер мәселесі. Драма жанрының қазақ әдебиеттануында зерттелуі). Драматургияның негізгі ерекшеліктері пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Дулат Исабеков драматургиясына келсек «Жаужүрек», «Ескерткіш», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Актриса», «Тор», «Мұрагерлер», «Әпке», «Құстар фестивалі» пьесалары көрерменнің назарына ұсынылған. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген. Әкім Тарази әдебиетке өз соқпағын сала келді: не бір терең ойлы, тағылымды әңгіме, хикаят, роман, пьесалар жазды; ешкімге ұқсамайтын, қайта-ланбайтын өз стилін, өз мінезін қалыптастырды; өзі өмір сүріп отырған дәуір адамдарымен де, өзінен кейінгі ұрпақпен де сырласа алатын, ұғыныса алатын кесек характерлер сомдады. Әкім Тарази өнердің үш саласына бірдей үлкен үлес қосты: прозаик, драматург, киносценарист. «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Кен», «Жаза», «Шер», «Қорқау жұлдыз», «Махаббат жыры», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай» романдары қазақ романын байытты. Романға бергісіз «Құйрықты жұлдыз», «Үлкен ауыл», «Асу-асу», «Көкжиек» секілді повестері осы жанрдың мәртебесін көтерді. «Күлмейтін комедиясы», «Жақсы кісісі», «Жолы болғыш жігіті», «Қос боздағы» қазақ драматургиясының табысына айналды. «Тұлпардың ізі», «Қараш-қараш оқиғасы» «Мұстафа Шоқай» фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорына қосылды. Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан «Мәңгілік бала бейне» пьесасы бүл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде-кем шығар.1996 жылы пьеса алғаш рет Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді. Қойылымды бір емес, бірнеше мәрте тамашалаған жанның өзі спектакль соңында көзіне жас ала отырып, тәубесіне келеді. «Жарық дүние» (1994, «Жалын»), «Дүние кезек» (1997, «Жазушы») әңгімелер жинағы, «Қүдірет-Кие» ( 2001, «Сөздік-Словарь») әңгімелері мен драмалық хикаяттары, ІІ-томдық шығармалар жинағы (2007, «Қазығұрт»), жарық көрді. 2001 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді. Халықаралық кинофестивальдарының бірнеше рет лауреаты атанған. «Мысықтар патшалығы» пьесасы «Самсунг» компаниясының «Қазіргі заман драматургиясы» жүлдесіне ие болды.Драматургияның негізгі ерекшеліктері пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді.
