Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Samal_agay_tolyk_33.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

16.Әдебиет сабағын оқытуда орыс және шетел әдіскер педагогтардың көзқарасы.

В.Я. Стоюниннің әдебиет пәнін оқыту жөніндегі ойларына қатысты сіздің пікіріңіз. Ұлттық мектептің проблемаларымен айналысқан орыс ғалымы В. Я. Стоюнин 1916 жылы «Орыс мектебі» журналында жарияланған мақаласында: «Білім мен тҽрбиенің негізі міндетті түрде ұлттық болуға тиіс, Өз Отанының алдындағы борышын өтемей, жалпы адамзатқа қызмет істеу мүмкін емес...» деген. К. Д. Ушинский өзінің «Орыс мектебі қылу қажеттілігі туралы» мақаласында күйінішпен былай дейді: «... Неліктен орыс баласын тарихпен танысуын Рюрихпен емес, Наболасардан емес, географиямен танысуды Киев немесе Москвамен емес, қайдағы бір Сиднеймен немесе Вандилен жерімен, неліктен орыс географиясы небҽрі 40 – 50 сағат оқытылады...» Неліктен біздің балалар алдымен орыс тілін біліп алмай, латын, неміс, француз тілінде етістікті жіктеумен, зат есімін септеуді үйренуге кіріседі?. В.Я. Стоюнин ұлттық орыс орыс мектебі туралы «Мектептің жансыз», дҽрменсіз болуының басты себебі – мектептің ұлты мен дербестігінің жоқтығында жҽне оның космополиттік бағытты ұстануында. Мектеп құрғанда... ең басты мектеп басқа халықтың тарихы мен тҽжірибесіне негізделіп, соған байланысты қайта құрылуы керек» деп атап кҿрсетеді. Академик Ш. А. Амоношвили пікірі бойынша «Грузин тілінде сабақ жүретін мектептердің бҽрін бірдей ұлттық мектеп деп айтуға болмайды, бұлардың нағыз ұлттық мектебі болу үшін онда грузин халқының рухы болуы керек»

Стоюнин Владимир Яковлевич [16(28).12.1826, Петербург, — 4(16).11.1888, там же], русский педагог, историк русской литературы. Родился в купеческой семье. Окончив Петербургский университет (1850), преподавал словесность в гимназии. Как видный педагог-просветитель 60-х гг. 19 в. выступал против сословной системы воспитания, за неразрывность обучения и воспитания. Главную задачу школы видел в осуществлении общего образования, в формировании будущих граждан, ратовал за объединение усилий семьи и школы в воспитании. Ұлттық мектеп тағдыры қай уақытта да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлт жанды азаматтарын толғандарып келген өзекті мәселелердің бірі болып саналады.Ұлттық мектептің өз кезегінде ғылыми негізін қалаған белгілі ағартушылар мен ғалым – педагогтер Я.Коменсий, К.Ушинский, В.Стоюнин, П.Каптерев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Гессен, В.Сорока – Россинскийлер болды. Осы аты аталған педагогтер: «Мектеп ұлттық болып аталуы үшін ұлттық психология мен тарихқа негізделуі және "Наше образование есть образование формальное, - писал В.Я. Стоюнин. - У нас говорят, что развитие душевных сил или способностей должно составлять самое главное в средних учебных заведениях; если юноша, оканчивающий курс, выказывает значительное развитие, то воспитательное заведение сделало свое дело; от него больше ничего и не потребуется; развитый юноша с известным запасом разнообразных научных сведений может называться образованным человеком. Это справедливо, но одного развития недостаточно. Можно быть человеком развитым и образованным, но без всякого направления душевных сил; можно даже казаться человеком с убеждениями, но без всякого стремления к деятельности, каковыми и оказываются обыкновенно наши юноши. Если бы все дело образования состояло в одном развитии, тогда не о чем было бы задумываться и спорить, какие взять научные предметы для школьного курса, как распределить их по классам и т.п. Каждый научный предмет может быть хорошим средством для развития в руках порядочного педагога. Кроме развития воспитываемым нужно еще определенное направление, без которого они не будут знать, куда устремить свои силы. Развитые формально силы должны быть наполнены каким-либо содержанием, иначе все развитие будет пустым и человек будет способен направляться столько же ко благу, сколько и ко злу. А направление сил зависит от того, над чем воспитываемым приходилось думать, что давало им материал для размышления в то время, когда их ум и нравственные силы только развивались. Если ум воспитываемых был занят только цифрой да буквой, то, конечно, и при этих условиях он мог развиться; но от такого развитого ума нельзя требовать никакого направления, это будет чисто формальное развитие". 

В.П. Острогорскийдің әдебиетті оқыту туралы пікірлеріне көзқарасыңыз.

В.П. Острогорский жалпы білім беру мне тәрбиелеу туралы былай дейді: «Подбором содержания учебного предмета и методическим его изложением преподаватель может дать пищу уму своих учеников и вызвать работу их уместных сил. Ученики его станут сведущими и развитыми, будут знать и понимать, словом, будут образованы, но образование их может ни к чему не обязывать их, может остатьтся без всякого применения к жизни». Мен Острогорскийдің бұл пікірімен келісемін. Өйткені, кез келген ұстаз оқушысына білімді беріп, жеткізе алады. Бірақ, сол алған білімді қажетіне жарата алмайтын оқушылар өте көп.

Ал әдебиетті оқыту жайында «Педагогические экскурсы в области литературы» еңбегінде кеңінен тоқталады. Мұнда жоғарғы сынып оқушыларына лекция түрінде сабақ өткен дұрыс деп айтылған. Оғын мынадай себептерді атап көрсетеді: 1. Лектордың сөйлеу дағдысын, мәнеріне ден қойып, солай сөйлеуді үйренеді. 2. Оқушыларды тыңдауға, саналы түрде ойлап, сезініп түсінуге насихаттайды. 3. Лектордың көркемдік қолданыстарына мән беруге, оны өз қажеттеріне пайдалануға шақырады.

Көркем әдебиетті оқытуда тек оқып қана қоймай, мәнерлеп оқу да басты назарға алынған. Сонымен қатар, көркемдеп әдеби тілмен жазудың да рөлі зор деп көрсетеді.

17.Ұлттық ойын элементтерін дәстүрлі емес сабақтарда қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? Қазіргі оқытушы, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы басқа технологиялар болып табылады. Педагогикалық технологиялардың негізінде (ойын технологиясы, проблемалық оқыту және т.б.) мұғалімдердің құзырлылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекеттер сұхбаттасу, мәтімен жұмыс жасау барысында, оқу-танымдық әрекеттер барысында, кездескен қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндіктер береді.

Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптас тыруды көздейді. Осыған орай, оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Менің алдыма қойған мақсатым-оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім беру мен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану. Сол себепті сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланыстырып, оқушының қызығуын, білім құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап, баяндай білуге ​​үйретемін. Қазақ тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым. Өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын тексеруде «Бәйге», «Жұлдызды сәт», «Сақина салмақ» ойын түрлерін қолданамын. Ойын технологиясын қолданған кезде оқушылардың ойлау қабілеті өте жақсы дамиды, осыған орай мысал ретінде «Қатесін тап» ойыны. Бұл ойынды өмір талабына сай компьютермен өткізу өте тиімді. Сабақта ойын элементтерін екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі-оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, теңге алу, қыз қуу, аудармақ, жамбы ату, күрес, білектесу, бәйге, жаяу тартыс т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Осындай ойын әлементтерін пайдалана отырып іскерлік, сабақ, дәстүрден тыс сабақ, сайыс сабақ, демонстрациялық сабақтар өткіземін. Халық арасында кең тараған ойынның бірі- «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда пайдаланамын. Алдымен ойын шартын түсіндіремін, оған азғана енгізулер енгіземін. «Түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз «сақиналарды» салып шығамын. «Күн» дегенде, оқушылар «оянып», мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жауаптар әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіріледі. Ақ, қызыл сақиналардың бағасы: 5 (өте жақсы) Сары, ашық көк ашық жасыл түстерінің бағасы: 4 (жақсы) Қоңыр, қою, жасыл, қою көк түстерінің бағасы: 3 (нашар) Қара түстің бағасы: 2 (өте нашар) Бұдан басқа «Орамал тастау», «Хан қандай?», «Көкпар», «Бәйге», «Асық», «Сиқырлы қоржын», т.б. тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіруге, оны қайталап-пысықтауға, бекітіп-қорыту кездерінде жарыс түрінде өткіземін. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Сабақ-мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Әрбір сабақ -оқу үрдісіндегі шешуші буын және ол оқытуды жетілдіру, қажетті технологиялық түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластырып орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамудың керектігін талап ететін, даму үрдісіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Әрбір сабақтың негізгі-оның заңдылықтары. Бірінші кезекте әрбір ұстаз білімін жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. Екіншіден, шәкірттің психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оқытудың педагогикасына талдау жасап, оқыту әдістемесін жоспарлап, оны жүзеге асыруға ақыл-ой елегінен өткізіп «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп» барып кіріскен жөн. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге қол жеткізеді.Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білік , білім және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай - ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психилогиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез - келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.

18. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мектеп оқушыларына қалай жеткізуге болады? Көркем туынды да халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік – ерлік дәстүрлері, тұрмыс – салты, психологиясы жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Осындай талғамы биік оқушы жүрегіне жол табатын шығармалар қатарына Абай туындылары жатады. Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, ағартушы-демократ, шешен, аудармашы, тәрбиеші-ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді. Қазіргі мектеп алдында бүкіл саналы ғұмырының басым бөлігін Абайға арнаған данышпан Әуезов «Тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» деген Абайдың, оның адамгершілік мұраттары таныту кезек күттірмейтін іс, жауапты міндет ретінде қойып отыр. Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог – ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік пікірлеріне сүйену – іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі. Ең алдымен, төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуезді – сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Бұл мәтіндегі сөздерді түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлеңдерді оқытудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. (Мысалы, іштен оқу жоғары сыныптарда басым, т.б.).

Көбінесе Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызу қажет. Бұл ретте өмірден қарапайым мысалдар келтіріп, салыстырып әңгімелеудің мәні ерекше. . Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның көзқарасын оның ой – пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына байланысты.

Осылардың бәрінің түйіні, сайып келгенде, Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге, теңеулерге, т.б оқушы көңілін аударту. Балаларға шығарманың көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған көркем сөздерге тоқталу. Айталық, суреттеп тұр ма, сипаттап тұр ма? т.б. анықтап алған соң, оқушыларға сол сөздерді тапқызу “Ғылым таппай мақтанба” – жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай “адам болам” деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады, тілі де жеңіл түсінікті. Ең ардақты мақсатың – ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.

Дана ұстаз бұл өсиет өлеңін жазарда көп ойланып, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен “не бұлбұл шешен, не дүлдүл көсемдерді” еске алады. Диуани сықылды атақты оқымыстылардың айтқандарын ой елегінен өткізеді (өзі: “Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз”,- дейді ғой). Сөйтіп, “тілеуі мен өмірі алдағы” ұрпағына өлмейтін, ескірмейтін аылын айтады.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

- деген сияқты шексіз сүйіспеншіліктен туған даналық ақыл кеңес беріп, жамандықтан сақтандырады, адамгершілікке жетелейді.

МҰҒАЛІМ Өлеңді оқымас бұрын сөздік жұмыс жүргізілУі тиіс.

Рақым – адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.

Қанағат – барға риза болу.

Бекер мал шашу – қолда бар дүниесін, ақшасын, мал – мүлкін дұрыс пайдалана алмау.

«Ғылым таппай мақтанба,

Білім таппай баптанба...» - дегендегі орын деп отырғаны – алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Ақын ғалым мен адам болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену.

Бес жаман істе адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады.

Өсек – біреуді сыртынан кінәлау, жала жабу, сөз тасығыштық. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Өтірік – бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен, азған адамды жатқызады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Жаман қылықтардың бірі мақтаншақтық, даңғойлық. Ондай адамдар өзін мақтауды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзгеқұмар. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Бекер мал шашу – қолда бар қаржы мен мал мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамды айтады. (Осы арада сұрақ қоя отырып балалардың пікірін білуі тиіс).

Талап – талаптың ішіндегі ең негізгі – бұл бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығару, болашшаққа талпыну.

Еңбек – Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. (Оқушылардың пікірін білемін, сөйлетемін).

Терең ой – адамды барлық жан – жануарлардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалайды. Оның біріншісі - ақыл- ой, екіншісі –сөз.

Нағыз адам өткен- кеткеніне қорытынды жасап, келешекке үмітпен қарайды. Адам үнемі үздіксіз ойлану керек. Өйткені ақыл – ой ғана адамды алға бастайды. Терең ойдың негізі ми мен ақыл.

Қанағат – барға риза болу, місе тұту. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен оқушылар көрініс көрсетеді.

Рақым – адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі. Рақымдылықтың негізі – жүрек пен сезім. Барлық адам баласын өз бауырындай көру, өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге де жасау. (Рақымшылықтың мазмұнына сурет бойынша әңгімелесу).

Жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашақта Отанын сүйер азамат болып шығарымыз сөзсіз. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту. Сабақты қорытындылау сұрақтармен жұмыс жүргізу және жұмбақ шешу ойыны арқылы жүргізіледі.

  1. Адам болуға кері әсер ететін қандай қасиеттерді білесіңдер?

Оқушылар жауап бере отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерді сызбадан атап табады.

2.Ал адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру керек екен?

Осы сұраққа да жауап бере отырып сызбадан адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап табу.

Абай Құнанбаев былай деген:

Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын – ғылым.

Осылай жақсы мен жаман қасиеттерді тізіп көрсету арқылы жеткізуге болады.

19. Пәнаралық байланыстардың дәстүрлі емес сабақтардағы тиімділігі. Мысал келтір.

20. Дәстүрлі емес сабақтардың оқу сапасын көтерудегі мүмкіндіктерін сипаттаңыз.

21 .Б. Соқпақбаевтың «Менің атым ҚОЖА» атты шығармасын дәстүрлі емес сабақ түрінде жүргізудің жоспарын жаз.

22. М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін 8 сыныпта оқытуда қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланар едіңіз.

Әдіс – қажеттіліктен, керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына орай, - деп А.Байтұрсынов айтқандай әдісті де орнымен пайдалана білу керек. Мәселен, М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін түсіндіруде сабақты саяхат сабағы ретінде алып түсіндірсе болады. Алдымен, М.Жұмабаевтың өмірімен (Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938,Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.) таныстырып, одан шығармашылығына да тоқталу қажет ( халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”,“Мен сорлы”). Сабақ саяхат с абағы болғандықтан тақтада түрлі плакаттар, көне тарихи карталар т.б. болуы қажет. Мұғалім жалпы түсінік беріп шығарманы өзі оқи бастайды, содан әр оқушы жалғастырып оқиды. Шығарманы оқып болған соң шығарма мазмұнының, ондағы автордың айтор ойын талқылау керек. Содан «ой қозғау» деген бөлімде оқушылар сол өлеғге жоспар құрастыруы керек. Мәселен: 1. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені. 2. Тұран жері – түркілер елі. 3. Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік. 4. Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.

Шығарманы оқыту барысында шығармада кездесметін тарихи тұлғаларға да түсінік бере кету қажет. Содан өлеңге тілдік талдау жасап, көркемдегіш құралдарды көрсету керек. Қорытындылап, үйге өлеңді жаттауға беру.

23. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың негізгі ерекшелігі. Дәстүрлі емес сабақтың тиімділігін анықтау мақсатында оны дәстүрлі сабақпен салыстырудың көптеген жолдарын қарастырып көрейік: Біріншіден: сабақ үш - төрт оқушыдан үй тапсырмасын сұраудан басталады. Сонымен бірге бір оқушы сабақ уақытының көп бөлігі кететін тапсырманы шешеді немесе үй тапсырмасын оқиды. Екіншіден: мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырма орындайды; Үшіншіден: сабақтың ресми бөлігі – мұнда мұғалім жеке оқушыларға бағаларын айтады, үй тапсырмасын береді. Төртіншіден: үлгірімі нашар оқушылардан сұралмай қалуы да мүмкін, өйткені олардың ойларын толық жеткізуі үшін бағалы минуттар қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді. Бесіншіден: сол сабақта өз ойын айтқысы келген оқушылардың жабулы қазаны жабулы күйінде қала береді. Мүмкін олардың ойын жеткізуіне, сабаққа қатысуына мұғалімнің мақсатқа жетуде жасаған жұмысының аздығы болуы мүмкін. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн. Мына жағдаятты еске түсірсек: анасы мектептен келе жатып баласынан сұрайды: "бүгін сен сабақта нені үйрендің?" Баласы іскерлік түрмен жауап береді: "бүгін ештеңені үйренгенім жоқ. Сабақ бойы тек мұғалім сөйледі". Мұнда сабақ барысында қызметтің белсенді орталықтарын құруға мұғалім еңбек етуде: сөйлейді, жазады, талдайды, пайымдайды, салыстырады, қорытынды жасайды және бағалайды. Ал – оқушылар тыңдап отырған пассивті бақылаушылар түрінде қатысады, бірақ оқу үрдісіне қатыспайды, олардың қатысу белсенділігі тек тыңдаумен ғана шектеледі. Бұл жағдаят біздің дәстүрлі сабақтарымыздың көлеңкелі жері деуге болады. Осындай кемшін тұстар болмауы үшін дәстүрлі емес үлгідегі сабақтарды қолдау, мектеп өміріне енгізу бірден - бір тиімді жол болып отыр. Енді дәстүрлі емес сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталып өтсек: - Оқушы барынша еңбек етеді - Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады. - Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді. - Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасайды. - Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алады. - Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт. - Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы қалыптасатын сабақ. - Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сабақ. - Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа дайындалды). - Заманауи мектептегі дәстүрлі емес сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді. Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады. - дәстүрлі емес сабақ құзыреттеліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді және өз

жұмысын өзі бағалайды. Ал егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімның өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің! - Мұндай сабақтың нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынады. Дәстүрлі емес сабақты оқытудың мақсаты – ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді. Дәстүрлі емес сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет? - Мен әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу. - Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау - Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау. - Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу. - Сабақты Блюмның таксономиясын пайдалана отырып жобалау. - Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену. - Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкіндігінше пайдалану. - Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгіру. - Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау. Сонымен қатар мына нанымды сөздер де мұғалімнің есінде болып, үнемі қолданатын құралы болса: Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық  Дәстүрлі емес сабақ оқушыдан нені талап етеді? - Оқуда жетекшілікті қабылдау - Оқуда жетекшілікті іздеу - Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу - Өздігінен басқара оқуын көрсету - Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау - Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау - Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету - Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету - Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын - Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу - Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындай алу - Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген имерзімде орындап шығу - Өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет - Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну - Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау - сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі

24. Сіз көркем шығармаларды оқытудағы дәстүрлі емес сабақтардың оқушының қызығушылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуде қаншалықты маңызды ролі бар деп түсінесіз? Дәстүрлі емес сабақтар - Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, машық дағдыны қалыптастыру,ізденіске баулу,шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен мақсат міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы қажет. Оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.

25. Топтық жұмыстардың ерекшелігі мен тиімділігі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім. Топтық жұмыста: 1. Адалдық мәдениеті күшейеді. Топтың табысты жұмысы шындыққа негізделеді.Топ мүшелері үшін өздері келіспейтін немесе онымен өмір сүре алмайтын қандай бір нәрсеге шыдау,олар үшін бұл шындықты айтпаумен бірдей болғандықтан, әділ емес деп болжанады. 2. Ұжымдық жауапкершілік белгіленеді. 3. Топтағы жұмысқа барлық мүше атсалысады. 4. Бір-бірін тыңдауға машықтанады. 5. Шығармашылық пен стандартты идеялар бағаланады;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]