2) «Экстраверсия-интроверсия» елшемі:
3) «Эмоциялық тепе-тендік — нейротизм» өлшемі:
Төменде көрсетілгендей график жасалынады:
Бір-біріне перпендикуляр жүргізілген сызықтарға (өлшемдерге) қолдағы бар нәтижелер жазылады - Э және Н. Сызық шетіндегі нүктелер бір-біріне қосылады. Пайда болған (үшбұрыш, сызық, нүкте) фигура сынаққа түскен адамның классикалық қай темперамент түріне жататынын көрсетеді. 1-холерик, 2-сангвиник, 3-флегматик, 4-меланхолик.
Г.Айзенктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып, әр типтің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:
1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.
2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.
3. Флеглштик — сак, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.
4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с.
Темперамент типінің (түрінін) салыстырмалы тұрақтылық, қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен оқытушылардың мінез ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор.
44 .16фактор Жеке бастық көп факторлы Р.Б. Кеттел сұрақтамасы 1949 жылы басылып шықты, содан бергі психодиогоностикалық пратикада кеңінен қолданылып келеді. Бұл тест әмбебап тиімді және даралық туралы көптеген мәліметтер береді. Қойылатын сұрақтар күнделіктік өмірлік жағдайларды көрсететін жай сұрақтардан құрастырылған. Қазіргі кезде осы сұрақтаманың әр түрлі формалары жеке басты зерттеуде экспресдиогоностикалары әдіс. Бұл тест адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін білу керек болғанда, барлық жағдайда қолданылады. Бұл тесте Кеттел сұрақтамасының қысқартылған түрі ұсынылған. Ол 105 сұрақтан тұрады. Зерттеу уақыты 20 минуттан 50 минутқа дейін сұрақтамасымен жұмыс істеу нұсқауда берілген. Жауаптар арнайы жауаптар бланкісіне тіркеледі. Содан соң арнайы «кілт» арқылы есептеленеді. «а» және «с» кілттері бойынша жауап сәйкес келсе онда ол 2 ұпайменесептеленеді «в» кілтімен тура келсе - 1 ұпай. Әр бөлігінен топ бойынша берілген сұрақтардың жауаптарының қосындысы белгілі факторды береді. Фактор в – да кез келген жауап - 1 ұпайға тең. Сонымен ең жоғарғы ұпай әр фактор бойынша - 12 ұпай, ал фактор в бойынша - 8 балл, ең төменгі – 0 ұпай. клиент алдында бір қатар сұрақтар, олар сіздің жеке бастық қасиеттеріңізді анықтайды. Мұңда «дұрыс» немесе «қате» жауаптар болмайды. Адамдар әр түрлі және әркім өз пікірін айта алады. Шыншыл және дәл жауап беруге тырысыңыз.
45. К.ТОМАСТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАУ- ЖАНЖАЛДЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ К.Томастың айтуынша екі жақты модельді дау-жанжалды бір арнаға келтіру болып табылады. Осы екі ӛлшемге байланысты К.Томас дау-жанжалды бір арнаға келтіру үшін келесі тәсілдерді ұсынды: 1) Бақталастық; 2) бейімделушілік; 3) мәміле; 4) қашқақтау; 5) ынтымақтастық. К. Томастың айтуынша дау-жанжалдан қашқақтау кезінде бірде-бір жақ та жетістікке жетпейді, осындай жағдайда мінез- құлық бақталастық сияқты мәміле құралы немесе бір қатысушы жеңіске жетеді, ал екінші жеңіледі немесе екеуі де жеңіледі немесе мәмілеге келеді. Ынтымақтастық жағдайда ғана екі жақ та жеңіске жетеді. Ӛзінің сауалнамасында мінез-құлықтың типтік формасын анықтауда К.Томас кӛрсеткендей 5 оқылған нұсқа- лардың әр біреуін индивидтің дау-жанжалды ситуациясындағы мінез-құлық туралы 12 түрлі ойлармен бейнелейді. Әр түрлі сәкестіктерде олар 30 жұпқа біріктірілген, әр біреуінде респондентке оның қалыпты мінез-құлығына сай ойды таңдап алу ұсынылады. Басқа тесттер сияқты бұл тестіні топта да, жекелей де ӛткізуге болады. Жүргізілу уақыты – 15-20 минуттан аспауы керек. Индивидтің әр шкала бойынша жинаған ұпайлары, дау- жанжалдық жағдайда мінез-құлықтың сәйкес форма тенденцияларының ерекшелігі туралы кӛрініс береді. КІЛТ аркылы Бақталас- тық Ынтымақтастық Ымыра Қашқақ- тау Бейімде- лушілік аныкталады
