Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_bloook_shpor.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

58, З. Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.

Мақсаты: кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

Нұсқау: «Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе бұрыс жақсы немесе жаман жауаптар жоқ. Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңізді және класыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «+», егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.

Сауалнама.

1. Барлық класты бір деңгейде ұстап тұру қиынға соға ма?

2. Егер мұғалім сізден өткен материалдан қаншалықты білетіндігіңізді тексеретінін айтса, сіз толқисыз ба?

3. Класта мұғалімге ұнайтындай жұмыс жасау саған қиындық келтіріме?

4. Сен сабаққа жауап бере алмағаныңа мұғалімнің қатты ашуланған кейіпі түсіңе кіретін кезі бола ма?

5. Класта сені әлде кімнің ұрып соққан кезі болды ма?

6. Сен сабақты түсінбейінше мұғалім жаңа материалды түсіндіруге асықпауын жиі қалайсың ба?

7. Тапсырманы орындауда немесе жауап беруде сен қатты толқисың ба?

8. Қарапйым нәрседен қателесемін бе деп, өз ойыңды айтуға батылың жетпейтін кездер бола ма?

9. Сабақ айтуға шақырғанда сенің тізең қалтырай ма?

10. Түрлі ойындар ойнаған кезде сені кластастарың жиі күлкі қылы ма?

11. Сен күтпеген төмен баға алып қалған кездерің болды ма?

12. Сенде екінші жылға қалдырама деген күдік бар ма?

13. Ойынға іріктеу болғанда, мені алмайды деген оймен ойыннан бас тартуға тырысасың ба?

14. Сабақ айтуға шақырғанда сенің бүкіл денең қалтырайтын кез бола ма?

15. Сенің ұнатқан ісіңді кластастарыңнын бірде-біреуі орындағысы келмейтін кездері болды ма?

16. Тапсырманы орындауды бастар алдында қатты толқисың ба?

17. Ата-анаң ойлаған бағаны алу саған қиынға соға ма?

18. Класта жағымсыз жағдайға түсіп қаламын ба, деп кейде қорқасын ба?

19. Сабаққа жауап беруде қателессең, кластастарың күлкі қылған кездері болды ма?

20. Сен өз кластастарыңа ұнайсың ба?

21. Тапсырманы жақсы орындадым ба деп ұайымдайсың ба?

22. Сен класта жасаған жұмысыңнын бәрін есте жақсы сақтағаныңа сенімдісің бе?

23. Мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрғаның кейде түсіңе жиі ене ме?

24. Сенімен кластағы балалардың көпшілігі дос екені рас па?

25. Сенің жұмысыңнын қортындысы кластастарыңның жұмыс қортындысымен салыстырылатынын білсең, сен ынтамен жұмыс істейсің бе?

26. Сенен бір нәрсе сұрағанда аз толқысам екен деп жиі армандайсың ба?

27. Сыныптастарыммен ерегесіп қаламын ба деп қорқатын кездерің болды ма?

28. Мұғалім сенің сенің сабаққа дайындығыңды тексеретінін айтқанда жүрегіңнің қатты соға бастағанын сезесің бе?

29. Сен жақсы баға алсаң, достарың сені жақсы көрінгісі келеді деп ойлай ма?

30. Кластастарың саған ерекше ынтамен көзқараста болатынын сезесің бе?

31. Сенің көңіліне тиетіндей бірдеңе айтатын кластастарың бар ма?

32. Үлгерімі төмен оқушылар, өзінен достарын алшақтатып алады деп ойлайсың ба?

33. Кластастарыңның көпшілігі саған назар аудармайтынға ұқсай ма?

34. Сырт көзге қызық көрінемін бе деп жиі қысыламысың?

35. Саған деген мұғалімнің көзқарасына ризасың ба?

36. Кластас балалардың аналары сияқты сенің анаң көңілді кеш ұйымдастыруға көмектесе ме?

37. Айналадағы адамдардың сен туралы ойы сені толғандыра ма?

38. Бұрыңғыға қарағанда болашақта жақсы оқитыныңа үміттенесің бе?

39. Өзіңді кластастарың сияқты мектепте жақс ыкиінемін деп санайсың ба?

40. Сабаққа жауап беріп тұрғанда, басқалар мен туралы не ойлайды деп жиі ойланасың ба?

41. Класта ерекше қабілеті жоқ балаларға қарағанда, ерекше қабілеті бар балалар қандай да бір құқықа ие бола ма?

42. Сенің ісің алға басқан кезде кластастарыңның кейбірі сені қызғана ма?

43. Кластастарыңның саған деген көзқарасына ризасың ба?

44. Мұғаліммен жеке қалғанда өзіңді жақсы сезінесің бе?

45. Сенің сыртқы тұлғаңа және жүріс-тұрысыңа кластастарыңның күлкі қылған кезі болды ма?

46. Мектептегі өз жұмысыңды орындауда, басқа балаларға қарағанда мазасызданамын деп ойлайсың ба?

47. Сен сабаққа жауап бере алмаған кезде жылағың келіп тұрғанын сезесің бе?

48. Сен кешке ұйқыға жатқанда ертең мектепте не болады екен деп мазасызданған кезің бола ма?

49. Қиын тапсырманы орындау үстінде бұрын жақсы білетін нәрсеңді мүлдем ұмытатыныңды кей-кезде сезінесің бе?

50. Тапсырманы орындау үстінде қолың қалтырай ма?

51. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен өзіңнің күйгелектене бастағаныңды сезінесің бе?

52. Мектепте сенің біліміңді тексеремін деп қорқыта ма?

53. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен оны дұрыс орындай алмайтын шығармын деген үрей қорқынышыңды сезінесің бе?

54. Сен орындай алмаған нәрсені кластастарың орындағанын түсіңде көретін кез болды ма?

55. Мұғалім сабақты түсіндіріп жатқанда сенің ойыңша кластастарың саған қарағанда жақсы түсінетін сияқты ма?

56. Мектепке келе жатқан жолда мұғалім бақылау жұмысын беретін айтса қатты мазасызданасың ба?

57. Сен тапсырманы нашар орындаған шығармын деп сезінесің бе?

58. Мұғалім тақтаға тапсырма орындауға шақырғанда сенің қолың ақырын қалтырай ма?

Қортындылау және өңдеу.

Тест кілтіне сәйкес жауаптар өңдеуге бөлінеді. Мысалы сұраққа бала «иә» деп жауап берсе, кілтте бұл сұрақта «-» белгісіне байланысты, баланың жауабы жоқ болады. Кілтке сәйкес келмеген жауаптардан мазасыздықтың бар екені көрінеді.

Өндеуі төменгідей:

1) Тестің барлық түріне сәйкес емес жалпы сандар егер олар 50% -дан жоғары болса, онда баланың мазасыздық қалпы «жоғары» деп алуға болады, егер тест сұрақтарының жалпы саны 75% -дан көп болса, онда «ең жоғары» мазасыздық күй болғаны.

2) Сәйкес келген сандардың әрқайсысын мазасыздықтың тобына бөлеміз.

Мазасыздықтың деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады.

Мектептегі ішкі эмоционалдық жағдай мазасыздықтың синдромдары (факторлар) мен санына байланысты талданады.

Қортынды:

1) Сәйкес емес сандар белгісі ( «+» - «иә», «-» - «жоқ») әр факторда (абсолютті сәйкес емес сандар пайызы <50%, >50%, >75%).

2) Бұл мәліметті жеке диаграмма түрінде көрсетеді.

3) Барлық сандар үшін әр сәйкес емес сандар өлшемінің абсолютті мағанасын (<50%, >50%, >75%)

4) Мұндай мәліметтерді диаграмма түрінде береді.

59. Жоғарғы мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын зерттеу үшін «Әлемде жоқ жануар» проективті тесті қолданылады. Бұл жұмыс үшін бір бет қағаз,қарандаш, кетіргіш қажет болады. Қаламмен, фламастермен салуға болмайды. Барысы: «Әлемде жоқ жануарды» салып, оған әлемде жоқ есімді тағайындайды. Суреттің қағаз бетінде орналасуы : Қалыпты жағдайда сурет стандартты көлденең беттің орта сызығында орналасады. Егер сурет қағаз бетінің жоғары жағында орналасса,онда өзіндік бағалау жоғары және социумдағы өзіндік орнына көңілінің толмауын, қоршаған орта тарапынан мойындаудың жетіспеушілігін көрсетеді Суреттің төмен бөлігінде орналасуы кері көрсеткіштер: өз-өзіне сенімсіздік, өзін бағалауы төмен, қажу, шешімсіздік.Өзіне-өзі сендіру тенденциясының жоқтығы. Оң жаққа бұралған бас әрекетке тұрақтылық тенденциясы,. Солға бұрылған бас-рефлексивті тенденция, ойлану Адамға негізделген қорқыныштың символы кірпіктің бар – жоғына көңіл бөлу керек. Кірпік - сыртқы көзге көрінетін инстинкті қылық. Құлақ - детальдың мағынасына тура: ақпаратқа деген қызығушылық.Ауыз - былайша бағалауға болады.Тілмен жартылай ашық ауыз-сөзшең; ерінмен бірге бейнеленуі - сезімталдықты білдіреді. Аяқтың болмауы-шешім қабылдау кезіндегі қызбалық. Құйрық-іс-әрекетке, қылықтарына, шешеімдеріне деген қарым-қатынас.Тікен, сауыт, ине қорқыныштық. Егер сурет өткір түстермен боялса-мазасыздық, қорқыныштық, күмәндану белгілерін көрсетеді. Шығыңқы жердің жоғары бағытталуы - үлкендерден қорғану жағдайын көрсетеді. Ал, төменге бағытталуы - мойындамау және күлкі болудан қорғану шартын, төменгі бағалу, беделінің жоқтығын білдіреді. 60. "Үй, Терек, Адам" әдістемесіБұл әдістемені алғаш рет Дж. Буко 1948 жылы ұсынды. Тест ересектерге, балаларға және топ адамдарына арналған.Бұл методиканы жүргізгенде зерттеушілерге "үй, терек, адамның суретін сал" деп тапсырма беріледі. Сосын жоспар бойынша сұрақ қойылады.Адамның суреттерін бір бетке салуды сұраймыз. Егерде салынған суреттегі іс-қимылға зер салып қараса, онда өмірде не болып жатқанын көруге болады.Тест шешімін білу үшін қайсысының бірінші салынғанын білу керек. Егер бірінші ағашты салса, онда ол қауіптенбеу, жетістік не керісінше.Ескі, қираған үй - жеке тұлғаның өз-өзіне деген қарым-қатынасын білдіреді.Алыстағы үй - алшақты сезім.Жақындағы үй - алшақ, жылы сезім, қонақ жайлық.Әртүрлі құбылыстар - мәдениет не өнерге деген қарсылық немесе үй несіне деген агрессия.Жабық қақпа- жеке түлға басқа адамдармен қарым-қатынасқа тез түседі.Үйреншіксіз орналасқан артқы қабырға - өзін-өзі басқаруға деген ұмтылыс, бірақ келіспеушілік жағдайға деген үмтылыс.Негізі салынбаған қабырға - өмірмен әлсіз қарым-қатынас (егер сурет төменге орналасса).Есіктің болмауы - жеке тұлға басқалармен ашылып сойлесуге қиналады (әсіресе жанұя мүшелерімен).Артық немесе жанындағы есік (бір немесе бірнеше) - шегінушілік, қашу, шешім қабылдай алмаушылық.Өте қою түтін - ішкі қобалжу (түтіннің қоюлығына қарай).Жіңішке сызық бойымен шыққан түтін - үйдегі эмоциялық жылылықтың жетіспеуі.Бірінші этаждың соңында салынған - тұлға аралық қарым-қатынастан айналу. Шындық дүниеден алшақтау.Жабық терезе (жаппа тағылған) - айналадағылармен қарым-қатынасқа (дайындығын) түсерде қиналу (егер ол жеке түлғаға қатысты болса).Төбе - фантазия аймағы. Төбе мен мұржа желмен ұшырылған болса, жеке түлға өз еркінен тыс біреуге тәуелді.Мұржаның болмауы - жеке түлға үйдегі психологиялық жағдайдың жеткіліксіздігін сезінеді.Су тұратын мұржа - үндемеу, аса сақ болу.Ағаштар - әр түрлі адамдық қасиеттерді білдіреді. Өте ұзын жол - ұғыну ептілігі қажеттілікте көп мөмшерде ілесіп жүреді.Күн - беделді, үнемі жылылық пен күштіліктің бұлағы.Егер жайсыз ауа райы салынса, онда жеке түлға адамдарды қарсылас ретінде қабылдау.