51. «Дос іздеймін» ойыны
Мақсаты: қатысушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналады.
Керекті құрал-ж: қағаз, түрлі-түсті карандаш, қалам. Жүргізуші топқа жаттығудың мағынасын және ойынның шартын түсіндіреді. Кез-келген адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды Біреуінде таныс достары көп болғанымен, бірақ олардың ішінен мақтанышпен айтатын нағыз досын таңдау қиын болады. Ал келесілері ұялшақтық пен тұйықтықтан өзін жалғыз сезеді де, досым жоқ деп есептейді.. Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын «Дос іздеймін» газетінің бас редакторымын. Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің газетке дос іздейтіндеріңіз жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны немесе әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Сіз достар кандидатурасына қоятын талабыңыздың бірнеше тізімін, тіпті оның суретін салуыңызға да болады. Өзіңіз жайында айтуға да болады. Бір сөзбен айтқанда, жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек мына жайтты есте ұстағаныңыз жөн: дос іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан, сіздің жарнамаңыз дос таңдаушылардың назарына ілігудің қамын ойластыруыңыз қажет. Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.Белгіленген уақыттан кейін жүргізуші барлық қағаздарды тақтаға ілулерін сұрайды. Қатысушылар жарнаманы үнсіз оқиды. Әр қатысушы өзіне ұнаған жарнаманы қызыл түспен дөңгелектейді және оны берушімен байланыс жасауға дайындалады. Енді жарнама қағаздарын түсіруге болады. Қараңыз, сіздің жарнамаңыз басқаларға әсер етіп пе? Жарнамаңыздағы қызыл түсті дөңгелектің саны қанша? Әр қызыл түспен қоршалған дөңгелек – сізді таңдаушылардың саны болсын делік. Талқылау Ойынның осы кезеңі ерекше маңызды. Жаттығу адамдардың адамгершілік құндылықтарын, достыққа лайық сапаларды бағалау немесе өзі нағыз дос болуы үшін өзін дамытуы жайында дискуссия түрінде жүргізуге болады. Жүргізуші төмендегідей сұрақтарды талқылауды ұсынады:Көп қызықты жауаптар алынған жарнама несімен сипаталады?Басқаның жарнамасына назар аударуына не кедергі болды
52.Адам кейпі Психологиялық жаттығулар, ойындар (тренинг) адамдар арасындағы қарым-қатынасты, таным процестерін, қасиеттерді корреляциялауда пайдаланылады. Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділігін туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзіңді бақылауға байқағыштықты дамытуға жол ашады. Треннингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың бір қатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір мүшесінің дамып, кез келген іс-әрекеттерін игеруіне өзіндік белсенділік таныту топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу, еркіндік пен субъективті эмоциялыққа жағдай жасау талаптары басты шарт болады. Мұнда ең алдымен өткізудің тәртіптері жасалады. 1. Әрбір жаттығудың жағымды эмоциялық фонда жүргізілуін қамтамасыз ету керек. 2. қатысушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік беру керек Зейінді дамытудың дұрыс жолы - ол өзіңді түрлі жағдайларда жұмыс істей білуге үйрету. Жалпы зейінді аудару үш жолмен жүреді. - Объектіден объектіге зейінді тез аудару қаблеті - Маңызды объектіні бөліп қабылдау - Оптималды маршрутты қабылдауды таңдау қабілеті Сондықтанда біз қарым-қатынаста зейіннің қасиеттерін дамыту мақсатында әр түрлі психотехникалық жаттығулар жүргіземіз.
53
Аутоагенттіжаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»Көздерінжұмып, денелерін бос ұстауықажет, екіқолымен бар күшіміздісалыпитереміз. Жаттығудыүшретқайталайды.Қорытынды: Оқушылар бүгінгі өткен сабақ жайлы өз ойларын «кілм тоқу» әдісімен өтеді (бір-бірлеріне жіп шетін ұстату арқылы) тоқыған кілемді жерге қойып оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз. жаттыгуы Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды. Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз. Эмоционалдық сфераны түзету тренингісі болып табылады.
54, Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius – дос, сеіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосыдысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады.
Социометрия мәліметтерінің пайдалануы еңьектің өнімділігін арттыруға, қақтығыстарды жоюға, топтық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік береді. Социометрия нәтижелерінің сауатты қолданылуы ұжымдарды комплектациялауда, олардың іс-әрекеттерінің тімділігін арттыруда тәжірибелі нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін топтардың қызмет етуі мен дамуы жайлы байсалды теори –ялық қорытындыларды жасауда арқау болады.
«Мәртебе» және «әлеуметтік рөл» сөздері негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бдәл осы ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды. Мәртебе бұл – индивидтің топ тіршілік әрекетінің жүйесіндегі, топтық үрдітердің дамуындағы орны. Мәртебе топ мүшесінің жетекші қызметімен анықталады. Ол бір уақытта обьективті түрде индивидке тән бітістерді әрі айналадағылардың адамның өз қызметтерін қабылдауын біріктіреді. Индивидтің әлеуметтік өзі мінез-құлықтың: «көсем», «ұжымның беделдісі», «әділ сот» және т.с.с.сияқты ерекше ережелерімен сипатталған қайсібір сызбаға біріктірілген топтың индивидке жүктеген қызметтерінің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік рөлдер қатаң болмайды: ол орындаушының тұлғасы біршама ықпал ететін динамикалық және көп өлшемді құбылыс.
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын қалаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады. Таңдаудың – біріккен іс-әрекет бөліміндегі және көңіл-көтеру бөліміндегі екі бағыты ұсынылады. Таңдау қалаулылығының дәрежесін нақтылауға жәнетаңдауға ұснылған адамдардың санын шектеуге болады. Таңдаулар енгізілген матрицадан өзара ұнату мен ұнатпаулардың күрделі шиелінісін, социометриялық «жұлдыздарды» (көпшлікпен таңдалғандар), шеттетілгендерді (ешкіммен таңдалынбағандар) және сол полюстердің арасындағы аралық үзбелілердің тұтастай иерархиясын көруге болады.
Сұрауда көбінде дихотомиялық өлшем қолданылады. Ол кіші топтағы өзара қатынастарды неғұрлым нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, адамға жауапты істі кіммен бірге орындағысы келетіні ұсынылып қана қоймай, ол істі кіммен қосылып жасағысы келмейтінін де анықтау мүмкіндігі ұсынылады. Кейде респондент фамилиялады тізбектеумен шектелмей оларды нақты ретпен орналастырса рангілеу әдісі қолданылады. Мәселен, «Туған күніңізге кімді (бірінші, екінші және төртінші кезекте) шақырғыңыз келеді?».
Социометриялық сұрақнамада әрбір сұралушыға социометриялық анкета (немесе социометриялық үлестірме) және топ мүшелерінің тізімі беріледі.Жұмыстың қолайлы болуы үшін, кейінгі өңдеудің қарапайымдылығы үшін топ мүшелерінің фамилиялары шифрленеді немесе топ тізіміндегі нөмірмен белгіленеді. Кез келген социологиялық анкета ретінде социометриялық үлестірме сұраудың мақсаты, оның мәні мен сұрауға қатысу ұсынысы жазылады. Ары қарай үлестірмені қалай толтыруға болатыны жайлы, таңдауға шектеудің бар-жоқтығы, бар болса қандай себеппен екендігі жайлы ақпарат баяндалады.
Социометриялық сұрайдың талдамасы ресми және биресми өлшемдер бойынша бөлек жүргізіледі. Сұраудың нәтижелері топтың әрбір мүшесінің жауаптары бар кесте түрінде берілген социоматрицаларға енгізіледі.
55.Люшер тестісі балалардың психикалық денсаулығының эмоциялық компонентін зерттеу үшін қолданылады. Люшердің түрлі-түсті тестілерінің қысқартылған “Сегіз түсті қатары” сынағы жүргізіледі.Люшер сынағы классикалық нұсқада қолданылады. 73 түс кестесі көмегімен және 8 түс қатарын қолдану арқылы қысқартылған сынақ бойынша өтіледі. Олардың біріншісінде ауқымды сынақ өткізіліп, психодиагностикалық зерттеудегі негізгі құрал болғанда құнды болып табылады.Люшердің түстерді таңдау тесті сыналушының белгілі бір әрекетке, көңіл күйге, функционалдық жағдайға көбірек бейім екенін және тұлғаның барынша тұрақты сипаттарын айқындауға негізделген.Түстердің сипаттамасы 4 негізгі және 4 қосымша түстерден тұрады. Негізгі түстер:
көк –орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;
көк- жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімі;
қызғылтсары-қызыл – ерік күшін агрессивтілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;
ашық сары - белсенділік, қоғамдық қатынасқа ұмтылыс, экспансиялық, көңілділік.
Қосымша түстер: 5) күлгін; 6) қоңыр; 7) қара 8) нөлдік (0). Бұлар: алаңдаушылық, стресс, қорқыныштан мазасыздану, жабығу секілді жағымсыз сипаттарды білдіреді
56. К.ЛЕОНГАРДТЫҢ «АКЦЕНТУАЦИЯ «Сіздің мінезіңізге байланысты нұсқау беріледі. Егер сіз осы нұсқаумен келіссеңіз, оның номерінің жанына «ия», яғни «+» деген белгі, ал егер келіспесеңіз «жоқ», яғни - деген белгі қоясыз. Сұрақтарға ұзақ ойланбаңыз. «Дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген жауаптар жоқ». Жеке тұлғаны бағалау деңгейі кілтті кесте арқылы кӛрсетіліп, нәтижесін график арқылы бейнелейді. Бір сұрақтын "ия", "+" жауаптарын қосып және басқа сұрақтың "жоқ", "-" жауаптарын қосып, содан соң жауаптардың санын берілген шкаладағы сандарға кӛбейтеміз. Ең жоғары кӛрсеткіш әр акцентуация түрі 24 ұпайға тең. Акцентуация белгілері, яғникүшті бейнеленген белгі қасиеттер 12 ұпайдан жоғары кӛрсеткіш деп саналады. Егер ешбір қасиет кӛрсеткіші 12 ұпайдан аспаса, онда орташа кӛрсеткішті әрбір қасиеттер бойынша қосып және осы қасиеттерге кӛңіл бӛліп, осы орташадан жоғары кӛрсеткіш болып есептеледі. Әдістеменің кілті бойынша; 1. Демонстративті тип. Шерушілік тип, Бұндай типке жататындар адамдар топ арасында, пікірталастарда, кӛпшілік ортада ӛзінің не істеп, не айтып отырғанына мән бермейді, тіптен есінен шығаруы да мүмкін. Демонстративті типке әлеуметтік қорғауға тәуелділік, ӛзін-ӛзі сендірушілік тән. 2. Қозғыш тип. Мұндай типті адамдардың импульстік қасиеті жоғары, тартылуы мен талқылануы контролінің әлсізденуі. 3. Эмоциялы тип. Бұл типке әсершіл және сезімтал адамдар жатады. 4. Педант тип. Жоғары бағалар регидтылық,психикалық процестері инертті, зақымдылық оқиғаларды ұзақ ойлайды. 5. Үрейленгіш тип. Негізінен қорқақ тип деп аталады. Негізгі белгісі нәзіктілік, қорқақтық алаңдаушылық деңгейі жоғары. 6. Циклотивті тип. Бұл шкала бойынша жоғарға бағасы бар адамдарға гипертимиялық және дистимиялық фазаның ауысуы келеді.. 7. Гипертимді тип. Жоғарғы бағалар күнделікті кӛтеріңкі кӛңіл-күй іс-әрекетпен бірге жоғарғы активтілік тән. 8. Тұрақсыз тип. Бұл типке әсершіл және жершіл адамдар жатады. 9. Дистимді тип. Бұл типке тән адамдар тӛмен кӛңіл-күймен мінезделеді.. 10. Экзальтивті тип. Мұндай типті адамдарға үлкен эмоциялық диапазон жағдайына тән, олар қуанышты жағдайда қуанады, ал жаман жағдайда уайымға туседі.
57.Сьюзен Деллингер әдісі арқылы сыныпты топқа бөліп аламын Мақсаты: Психогеометрия – жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі"1978".Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады. Жүргізілу барысы: Мына төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл-МЕН!» деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз, онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны таңдап белгілеуге болады.квадрат – ұйымдастырғыш, дәлелдік бақылауға қатал, қадағалайтын ойлаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршы, жазбаша, сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, рационалист, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, маманданған эрудициясы басым, бас саясаткер, достары және таныстары шағын, еңбекқор адам.Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш, сезімі күшті, батыл, энергиясы жеткілікті, қауіп қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.Төртбұрыш – көңіл-күйі өзгермелі, өзін-өзі қадағаламайды, анықталмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.Шеңбер – қарым қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш. Тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары көп, мейірімді адам.Зиг-заг көңіл-күйін өзгертуге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеалдарына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды,
