Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жолдас Б. Д «Астана қаласындағы 160 орынды 2...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

3.1.2 Қорғаныш жабулар жасау процесстерінің технологиясы

Үймереттер мен ғимараттарды пайдалану барысында қоршаған ортаның әсеріне ұшырайды, сондықтан үймереттер мен ғимараттардың конструктивтік элементтерін арнайы жабулармен қорғайды.

3.2 Төбе жабындысын жасау процесстерінің технологиясы

3.2.1 Төбе жабындыларының міндеті және түрлері

Шатыр жұмыстры төбе жабындарын жасағанда орындалады, олар жабынның немесе үймереттер мен ғимараттар төбесінің қоршау бөлігі болады және оны атмосфера жауын-шашыны, күн нұрынан және суық әсерінен қорғау үшін қызмет атқарады. Сондықтан төбе жабындысы су өтпейтін, суға, аязға төзімді және берік болу керек.

Шатыр жұмыстарын орындау технологиясы көбінесе қолданылатын материалдар түрімен анықталады. Жабын жасау үшін оралмалы, мастикалы, асбестцементті, болат, қыш тақтайшалы, синтетикалы және басқа материалдар қолданылады. Сайып келгенде жабын түрін таңдау ауа райы жағдайы, сәулеттік талаптары, үймереттің мықтылық дәрежесі және басқалармен анықталады. Төбе жабындысына қолданатын материалдар қазіргі стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай келу керек.

Шатыр жұмыстрына тек төбеде барлық құрылыс және жинақтау жұмыстары аяқталғаннан кейін және жабын асты негізінің жасырын жұмыстарын акты бойынша қабылданған соң кіріседі. Жабынның барлық құрамдарының астыңғы негіздері жобада қабылданған материалдардан жасалу және оған еңіс, беріктік, қаттылық және суағарлар орналасу жайында сәйкес болу керек.

3.2.2. Орамалы жабындар жасалу процесстерінің технологиясы

Ең тиімді және еңбек сіңіру азырақ жұмсақ оралмалы және мастикалы материалдардан жасалған жабындар болады. Бұл жабындар аз салмаққа, су өтпеушілікке, төмен жылу өткізгіштікке ие болады. Олар, әсіресе мастикалы материалдардан жасалған жабындар, процестерді толық механикаландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мастикалы жабындар оралмалыларға қарағанда еңбекті аз сіңіреді және құны төмен болады.

Оралмалы су айырушы жабындылар жасау үшін рубероид, толь, қабық-толь, пергамин, гидрозол, гидрокамды және қарамай-битумды материалдар қолданылады. Сонымен қабық-тольді көп қабатты тольден жасалған, ал пергаминді рубероидтан жасалған жабындардың астыңғы қабаттары ретінде қолданылады. Оралмалы материалдардың түріне байланысты битум немесе қара май мастикалары қолданылады. Битум мастикасымен рубероид және пергамин, ал қара маймен толь және қабық-тольдан жасалған жабындар желімденеді. Қолдану тәсілі бойынша битум мастикалары ыстық, жартылай ыстық және суық, ал қара майлар – ыстық болады.

Өнеркәсіптік үймереттерінің оралмалы төбе жабындарын орындау процесінің құрамына бу және жылу айыру, жабын астының негізін, су айырушы жабын және қорғаныш қабатын жасау кіреді.

Жылытылмайтын үймереттерде бу және жылу айыру, кейбір жағдаыда жабын астына негіз жасамай, оралмалы жабын тікелей темір-бетон тақтасына жапсырылады. Шатыр асты бар үймереттерде оралмалы жабын тақтай төсемі немесе жеңіл тақталар бойынша жасалады.

Бу айыру қабаты бір немесе екі қабатты мастикадан тұратын сылау және мастикамен желімделген оралмалы материалдардан жасалған жапсырмалы болады. Бу айыру қабаты үстіне органикалық емес жылытатын тақталардан тұратын жылылықты шығаратын қабат салынады.

Тегістеуіш цемент-құмды тұтастырғыш маркасы 50-100 ерітіндіден жасалады және бетон үстіне төселсе қалыңдығы 10-15 мм, қатты емес тақталы және тұтас құймалы жылытатындарда- 15-25мм болу керек. Асфальт-бетонды тұтастырғыш тек қатты негіз бойынша жасалады және ол температуралық отыру жіктерімен жақтары 4м-лік шаршыларға кесіледі.

Оралмалы жабындар мастикалармен желімденеді, сонымен битумды мастиканың негізі БН-IV, ол жоқ болғанда БН-III және БН-I маркалытбитумдардың қоспасы, ал қара майлардікі – құм мен тас көмірлі немесе тақта тастық қара май қорытпасы болады.

Мастикалар дағдыдағыдай орталықталған тәртіппен арнайы зауыдтарда немесе тұрақты қондырғыларда дайындалады. Ыстық битумды мастикалар құрылыс алаңына автогудронаторлармен немесе жылытылған ыдыс-термосспен

жеткізіледі. Объектіге әкелінген мастика қазан-термоссқа қотарылады немесе сорғыштармен лезде үйдің төбесіне беріледі. Мастика дәл осындай битум қайнататын қазандардан және қазан-термостарынан сорғыштармен беріледі.