Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жолдас Б. Д «Астана қаласындағы 160 орынды 2...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

4.4.17 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру мен әдістері

Аражабынды жөндеу кезінде 6 адамдық бригада құрылады:

— монтажшы (4 санат) – 1;

— монтажшы (3 санат) – 1;

— монтажшы (2 санат) – 1;

— бетоншы (4 санат) – 1;

— бетоншы (2 санат) – 1;

— темірші (3 санат) – 1.

Жұмыс уақыты кезінде бригададағы жұмысшылардың бөлінуі: монтажшы (2 санат) платформадағы итарқаны кранның ілмегіне іліп келесі бөлікке өткізеді. Жұмыстың орындалу барысында монтажшы(2-санат) техника қауіпсіздігін сақтауын қамтамасыз ету керек . Монтажшы(3,4санат) келесі бөліктен итарқаларды қабылдап алады.

Сурет 4.4 – Аражабынды орнату.

Кранның жүргізушісі орнату орнына аражабынды орналастырады. Монтажшы(4-санат) аражабынды қабылдап алады.. Монтажшы(3,4санат) аражабынды қабылдап керекті жерге орнатады.

Аражабынның каркасын теміршілер (3,4 санат) тоқып бетонға дайындайды. Осыдан кейін ерітіндіні бетоншылар құйып бастайды (3 санат)

4.4.18 Техника қауіпсіздігі

Құрылыс алаңында аражабынды орнату кезінде жазатайым жағдайлар болған кезде белгілі сигнал беру керек.

Аражабынды орнату уақытында жұмысшылардың кран астында тұруына қатаң тыйым салынады.

Тыйым салу аймағынды құрылымдар мен құрылыс жабдықтарын көтеруге болмайды.

Олардың бекіткеннен кейін ұзақ мерзімде және тұрақты өндіру үшін элементтер мен конструкцияларын орнату керек

Орнату және темір бетон бұйымдарын еден плиталарды түсуру кезінде, құрылымдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуге тиіс.

5. Экономикалық бөлім

5.1 Құрылыстың сметалық құның анықтау.

Құрылыстың құның анықтау бүгінгі күні экономикадағы өзекті мәселе болып тұр. Бұл бағытта әлі де болса сметалық нормалардың негізінде есептеу кең көлемде қолдануда. Жалпы бюджеттік қаржыландыруда бұл формамен есептеп шығару жалпыға бірдей міндеттелінеді. Ал жекеменшік формадағы құрылыс нысандарына сметалық есепті пайдалану міндеттелінбейді. Бірақ сметалық нормативтер және оның негізінде есептелінген құрылыстың құның шығарудың басқаруда, жоспарлауда және ұйымдастыруда орны ерекше.

Құрылыстың смета құның анықтау үшін негіз болып мыналар табылады:

  1. қолданыстағы заңдар;

  2. қолданыстағы смета нормативтері;

  3. жобалау құжаттамасы.

Құрылыстың смета құны – сомасы жобалау материалдарының негізінде анықталған ақша қаражаттары. Құрылыс құны қазіргі тәжірибеде әртүрлі әдістермен анықталады. Жеке меншік құрылыс нысандарында оның құны нарық сұраныстарына сай келісім шарт негізінде анықталады. Ал бюджеттік қаржыландыруға қатысы бар құрылыс нысандары сметалық мөлшерлердің негізінде есептелінген сметалық құжаттамалармен анықталады.

Қазақстан Республикасында құрылыстың смета құның анықтау тәртібі ҚР ҚН 8.02-02-2002 құжаттық мөлшерлермен тәртіптелінген. Дипломдық жобада нысандық сметалық құнды анықтауда іріленген сметалық мөлшерлер қолданылды.

Құрылыстың смета құны, құрылысқа арналған инвестициялық қаражаттардың, құрылыс өнімінің бағаларды қалыптастырудың мөлшерін анықтау үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар ол мердігерлік шарт жасасу, орындалған мердігерлік жұмыстардың есеп айырысу мақсатымен тпсырысшымен мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алу кезінде бағдар болып табылады.

Құрылыстың смета құның анықтау үшін негіз болып мыналар табылады:

  1. қолданыстағы заңдар;

  2. қолданыстағы смета нормативтері (номалар мен бағалар);

  3. жобалау құжаттамасы.

Дипломдық жұмыста сметаның үш түрі жасалынды:

  1. жалпы құрылыс жұмыстарына жергілікті сметалар (локальная смета на общестроительные работы);

  2. нысандық смета;

  3. шығындардың жиынтығы.

Жергілікті сметалар бастапқы смета құжаттары болып табылады және нысан бойынша бөлек жұмыс және шығын түрлеріне немесе жобалау құжаттамасымен анықталатын көлемдердің негізінде жалпы алаңдық жұмыстар бойынша жасалады.

Смета құжаттамасын жасаған кезде, құрылыс жұмысшыларының еңбегін төлеуге шығындар, материалды-техникалық ресурстар мен қызметтердің бағалары мен құндары Қазақстан Республикасында 2001 жылы белгіленген инвестициялық құрылыс саласында бекітілген күйі бойынша қабылданған, смета-нормативтік база қолданыфлады.

Смета құжаттамасындағы құрылыстың смета құны базисті әріпсан әдісімен анықталады. Құрылыстың смета құның анықтаудың базисті-әріпсан әдісі 2001 жылдың бағалардың базисті деңгейінде анықталған құнға қатысты қолданыстағы әріпсандарды пайдалануға негізделген. 2001 жылдың базалық деңгейінде құрылыстың смета құнының қолданыстағы деңгейіне ауысу, бюджет санына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің өзгеру әріпсаны АЕК 2001 – 775 тенге, ал 2015 жылға 1982 тенге қабылданған. Нәтижесінде айлық есеп көрсеткіштің өзгеру әріпсаны 1982 : 775 = 2,56 қабылданды.

Сметалық есептер АВС – 4 компьютерлік кешендік бағдарламаның негізінде жасақталынып шықты және жалпы құны 208434,759мың тенгені құрады.

Тікелей шығындардың, үстеме шығындардың және әлеуметтік салықтың сомасына 6% мөлшерінде нормаланбайтын және жоспарланбаған шығындар есептеледі.

Қолданыстағы бағалар деңгейіндегі смета құны, қолданыстағы заңмен белгіленген салықтарды, алымдарды, міндетті төлемдерді ескеретін 1,02 коэффициентің ескеріп анықталады.

Қосымша құн салығы (ҚҚС) қолданыстағы бағалар деңгейіндегі смета құнынан Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мөлшерде қабылданады, 2013 жылға ҚҚС 12% мөлшерінде қабылданған.

Нысандық смета іріленген есептік мөлшерлер бойынша анықталды, ол мөлшерлер Гаевой А.Ф., Усин С.А. Курсовое и дипломное проектирование. –Л.: Стройиздат, 1987. әдебиеті нұсқаулары бойынша нысанның 1м көлемі есебіне жасалынды. Нысан көлемі 6143 м мөлшерін құрайды.