- •I.Бөлім. Бала тәрбиесіндегі басты ұстанымдар...................................................5
- •II. Бөлім. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері ..........................................12
- •III. Бөлім. Пайғамбарамыздың (с.А.С) бала тәрбиесіндегі ұстанымдары.....17
- •I Бөлім. Бала тәрбиесіндегі ұстанымдар
- •II Бөлім. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері.
- •Тәрбиеде маңызды болған нәрселер
- •III Бөлім. Пайғамбарамыз (с.А.С) бала тәрбиесіндегі ұстанымдары
- •Қорытынды
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Тәрбиеде маңызды болған нәрселер
Дін: Аллаһу та’аланың жақсы, еңбекқор және шыншыл адамдарды жақсы көретінін, оларды жаннатқа кіргізетінін, ал жаман адамдарды жек көретінін, оларды жаһаннамда жазаландыратынын үйрету керек.
Сүйіспеншілік: Тәрбиеде өзара сүйіспеншілік, құрметтің маңызды болғаны секілді, салмақтылық, сабырлылық та өте маңызды. Отбасы ішіндегі берекесіздік, ата-ананың ұрыс-керісі, әсіресе ажырасуы бала психологиясында өте ауыр әсерін қалдырады.
Жазалау және ынталандыру: “Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, көшеге шығармаймыз” деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болса да, қандай жағдай болмасын баланы ұруға болмайды. Жаза көңілін қалдыратындай болмауы тиіс. Ешкімнің, өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед алып беру секілді сыйлықтар әперіп марапаттап тұру керек. “Бұл велосипедті әкем маған Құран кәрімді хатым еткенім үшін алып берді” деп айтатындай болуы тиіс.
Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді.
Айнала: Хадис шәрифте: «Адамның діні – досының діні секілді.» делінген. Жақсы ортаға және жақсы достарға қол жеткізуге тырысуы керек.
Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.
Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтерілді. Османдықтар осылай жасаған еді. Қазіргі таңда Америка және Еуропа елдері де (Османдықтардың осы бағытын ұстанып) осылай жасауда.
Үшінші, ата-ана перзентіне жақсы тәрбие беруі ләзім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадисінде былай дейді; "Ешбір әке баласына көркем әдептен артық сыйлық берген емес" (Тирмизи, 33).
Сондықтан ата-ана, ең әуелгі, баланың жүрегіне, санасына Аллаһ тағалаға деген сенімін орнықтыруы қажет. Өйткені, олар Аллаһ тағаланың аманаты. Ең бастысы, олардың жандарын, ішкі дүниелерін пайдалы білімдер мен ақиқат танымдар арқылы тәрбиелеп, оларды мақтаулы мінез-құлықтарға баулып, жаман қылықтардан сақтандыру қажет. Себебі, балаларды көркем әдептерге баулу - оларға бұл дүниеде алтын-күміс тағы басқа сол сияқты түрлі дүниелік бұиымдарды сыйға тартудан әлдеқайда артық. Яғни, көркем әдептер мен мінез-құлықтар олардың мәртебесін көтеріп, бақытқа кенелтеді. Құран Кәрімде айтылғандай Лұқман пайғамбар (ғ.с) баласына мынадай өсиет еткен еді; "Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып;"Әй, ұлым! Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз серік қосу үлкен зұлымдық, - деді. - Әй, ұлым! Тарының салмағындай болса да, бір жартастың ішінде болса да, көктерде не жерде болса да, Аллаһ оны қиямет күні келтіреді. Расында, Аллаһ өте жұмсақ, толық білуші. Әй, ұлым! Намазды толық орында. Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа түскен ауыртпашылыққа сабыр ет. Рас, бұлар маңызды істерден. Адамдарға паңсып қырындама да, жерде көрдеңдеп жүрме. Шынында, Аллаһ бүкіл даңдайсыған мақтанышты жақсы көрмейді. Жүрісіңде орташа бол да. Дауысыңды бәсеңдет. Сөз жоқ дауыстардың ең жаманы есектің дауысы" ("Лұқман" сүресі, 13-19 аяттар)
Ендеше, ертеңгі күні орныңды басушы, бақытыңның нысаны, артыңнан өзіңе дұға қылатын перзенттер қалдыруды назардан тыс қалдырмаған абзал.
Балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Көп ата-аналар «жұмыстан қол тимейді» деп, бала тәрбиесіне көп зейін бөлмей жүргені анық. Қазіргі таңда теледидардан көрсетіп жүрген тәрбиелік еш мәні жоқ сансыз мультфильмдер, атыс-шабыс кинолар, компьютер, неше түрлі ойын-жабдықтары, т.б барлығы кез-келген үйден табылады. Бала сабақтан келе сала теледидар алдына немесе компьютер алдында отырады. Оның өзі қаншалықты зиян екенін біле тұра солай. Әрине, балаларымыз заман талабына сай болуы керек, бірақ шектеулі түрде және орнымен болғаны дұрыс ағайын.
Ендеше осы бала тәрбиесі мәселесіне байланысты ақиқат дініміз Ислам және оны бізге жеткізген ардақты Елшіміздің (ص ) өсиеттері мен іс әрекеттеріне назар аударсақ.
Адамзатқа асыл дінді, жарыққа бастаушы нұрды жеткізген ардақты Пайғамбар (ص ) Ислам дағуаты істерімен қатар тәрбие мәселелерін де қатар алып жүретін. «Расында мен тәрбиеші, ұстаз ретінде жіберілдім» (Муслим, «Талақ» 4) деп бір сөзінде айтқан ардақты Елшіміз (ص ) тәрбие және үйрету жұмыстарына баса мән беретін.
Ардақты Пайғамбарымыздың (ص ) жас балалармен қарым қатынасынан оларға деген үлкен махаббат сезгенін, әрдайым оларды түсінгенін, жас балаларға үлкен мән бергенін, кездессе сәлем беріп, жағдайларын сұрап кейде олармен әзілдегенін де көреміз. Назар аударсақ, бұл мәселелердің бала тәрбиесінде маңызы зор.
