Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адилжан курс.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Әр қоғамның келешегі ұлт тәрбиесіне қатысты. Қоғамдағы құрайтын жанұяның бір мүшесі ол – бала. Қызылшақа болып дүниеге келген бала ес біле бастағаннан өзіне таңсық нәрселерді білуге, үйренуге талпынады. Ата-ана болудың зор жауапкершілігі де осы кезде басталады. Ислам дінінде бала – өмірдегі сынақтардың бірі ретінде қаралады. Сол себепті сынақтан сүрінбей өту үшін балаға өмірде жақсы-жаманның, обал-сауаптың не екенін, қалай еткенде жақсы адам болып қалыптасудың жолдарын үйрету, парасатты тәрбие беру – ата-анаға міндеттелген іс.

Парасатты, ізгі тәрбие, тәрбиенің кемелдігі неден басталмақ? Бұл ең әуелгі баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбеққор, кішіпейілдік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіруі. Есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуы, жас кезінен анаша, есірткі, автомат ойындары, сыра, арақ, темекі, зинақорлық секілді теріс қылықтарға үиір болмауы, ешкімнің ала жібін аттамауы. Әдепті болуы, қай кезде де текті тәрбиенің жемісін көрсетуі. Міне, мұндай ұрпақ – Абайша айтсақ, ата-ананың көз қуанышы, қызығы мен сүйініші.

Баланың күтімі, жетілуі мен оқу-тәрбиесінің жемісті болуы әр жанұяның «бала тәрбиесі» мәселесін жіті қолға алып, мейілінше көзқарақтылық танытуларына байланысты. Ата-ананың бұл төңіректе білген-түйгені неғұрлым жан-жақты әрі тереңірек болған сайын, балаға берілер тәрбиенің де соғұрлым жақсырақ болары сөзсіз. Егер ата-ана баласын мейірімге бөлеп, ойы мен жүрегін ізгілікке бағыттап, өздеріне әрі қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелесе, ұлтқа тұлға болатын берік тірек сыйламақ. Керісінше, адамдық қасиеттеріне көңіл бөлмей, тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен шектелсе, онда бала қоғамды ішінен ірітетін зиянкес болып өспек. Ағаштың түрі мен тіршілігі жалғасу үшін оның тұқымы қаншалықты маңызды болса, адамзат тіршілігі мен ұрпақ жалғастығында да баланың рөлі сондай екенін ұмытпаған жөн. Бала тәрбиесіне мән бермеген ұлттың ешқашан көсегесі көгермей, алға басқан қадамы кері кетеді.

Осы орайда, ұлттық негізде әрі мұсылмандық сипаттағы тәрбиемізге көңіл бөлудің орны ерекше. Өмірге жақсы ұрпақ әкелу әуелде көргенді жерден, ары бар, ақылы бар, ұяты бар, иманды жар таңдаудан басталғандығының өзі Ислам тәрбиесінің қаншалықты кеңдігін, ауқымдылығын ұқтырады. Өзара отау тігуге ниеттенген екі жасқа ақ некемен бас қосу міндеттелді. Бұл үлкен тектіліктен, тазалықтан туған. Өйткені, некемен басталған бас қосу берекелі тіршілікке, өмірге дені сау, таза ұрпақ әкелуге жол ашқан. Бұдан әрі жанұяны адал табыспен асырау да Исламдағы үлкен жауапкершілікті аңдатады. Жанұяны адал табыспен асырау, біріншіден, ақыреттік сұрақтан қорқуды еске алса, екіншіден, ұрпағының бойына арам қан жұқтырмауды, тазалықтың ұрпағына ла жалғасқанын қалаудан шыққан. Баланың жас шамасын белгілеу (тәмииз, мураһиқ, балиғат) әрі сол жасқа сай тәрбиенің негіздерін саралауы да Ислам дінінің бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетінін көрсетеді. Бұған қоса, ата-ананың әрдайым балаға іс-әрекетімен үлгі болуы, қызға жынысына сай ананың тәрбие беруі, ұлға жынысына әкенің тәрбие беруі, жақсы көру мен еркелетуді өлшемінен асырмауы, оларды алаламауы, азан шақырып ат қойғаннан бастап, дін негіздерін үиреті, Аллаһ пен пайғамбарды сүйдіруі, ұят пен күнәні үйретуі, баланың жеке құқықтарын ескеруі, адамгершілікті үйрету секілді киелі ұғымдардың өмірде алар мән-маңызы зор.

Ғалымдар Исламдағы бала тәрбиесінің негіздерін анықтауда хазірет Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінде кездескен нақты оқилаларға сүиенген. Өйткені, Құрандағы Аллаһ тағаланың көрсеткен үлгілі тәрбиесі сүннетпен ажарланып толыға түскен. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Ислам тәрбиесін қалыптастыруда балаларды көзден таса қылмаған. Қайта дүниеге келмей жатып, балаға алаңдаушылық білдірген. Бала дүниеге келісімен діни салт-жоралғылар жасалып, мұсылман үмбетінің тағы бір адамға толысқанын қуаныш көрген. Әрі сол мұсылман үмбеті деген атқа сай тәрбие алуын қадалаған. Осы орайда, балаға жақсы, мазмұнды ат қоюға шақыруының өзі қандай тәрбие екені айтпаса да түсінікті.

«Баланың жақсысы қызық, жаманы күиік» демекші, балаға «Аллаһтың аманаты» деп қаралуының өзі Исламда балаға қаншалықты көңіл бөлінгендігін білдіреді. Ислам діні араб қауымының арасында кездескен қыз баланы жек көру, оны тірідей көміп тастау секілді айуандық ірекеттерді тыйғаны мәлім. Осы тұрғыда Ислам діні балаларға деген зор мейірім әкелгенін білуге тиіспіз. Хадистерде де бұның мысалдары көптеп кездеседі.

Сүннеттегі тәрбие кең көлемдігімен, тым ерте қолға алынумен ерекшеленеді. Онда баланы жастайынан имандылыққа тәрбиелеу, үлкендерді құрметтеу, ысырапқа бармау, бұзақылық жасамау, өтірік пен ұрлықтан аулақ жүру секілді адамгершілік қасиеттермен қоса кезінен мәдениеттілікке, әдептілікке, дұрыс сөйлеуге баулу, иман негіздерін сіңіру, Құран, дұға, намаз үйрету, мешітке үйір қылу, дене тәрбиесі, дұрыс киіну, дұрыс тамақтану, тазалық – бәрі қамтылған.

Қорыта келгенде, Исламдағы тәрбие баланы адамгершілікке баулу үшін бүкіл қоғам мәдениетін жетілдіру керектігін аңдатады. Өйткені, бала тәрбиесі ата-анаға да, балабақша, мектеп, ұстаздарға, дос жарандары, ойын түрлері, үйірме, клуб, газет-журнал, теледидар, радио секілді қоғамның басқа да тетіктеріне тікелей қатысты. Осының барлығы қадағаланып, игі мақсатта жұмылғанда ғана тәрбие жақсы нәтиже бермек.

Бүгінгі бала – келешектің тұтқасы. Сондықтан қазіргі ата-аналар Ислам дініндегі мәні терең, мазмұнды тәрбие негіздерімен танысып, иманды, көргенді ұрпақ тәрбиелеп жатса, бұл тектілігімізге қайта оралғандығымыз, ата-бабаларымыздың арманын орындағандығымыз. Артына сауап жолдап тұратын ізгі, иманды ұрпақ қалдыра білген ата-аналардың екі дүниеде де жүздері жарқын болмағы хақ.