Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адилжан курс.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

III Бөлім. Пайғамбарамыз (с.А.С) бала тәрбиесіндегі ұстанымдары

Біріншісі: Ақиқат сенімге тәрбиелеу.

Ақиқат сенім дегеніміз Аллаһтың барлығына және бірлігіне сендіру, Мұхаммед Пайғамбарға (ص ) және өзге де иман негіздерін үйрету.

Жас балаларға иман негіздерін үйретуде сол балалардың деңгейінде айта отырып, даналықтың тәсілдерін ұстанып түсіндірудің маңызы зор.

Пайғамбарымыз (ص ) өз өмірінде әр сәті түскен кезде жас балаларға иман негіздерін түсіндіруге тырысатын.

Екіншісі: Ислам бекіткен құлшылықтарға үйрету.

Діни құлшылықтар мен рәсімдерді, олардың қалай орындалатынын, уақыттарын және ықыласпен орындауды үйрету.

Пайғамбар (ص ) жай үйретіп қана қоймай сонымен қатар өзі де сол құлшылықтарды орындай отыра көркем өнеге бола білген.

Ендеше құлшылықтардың мән - мағынасын терең түсініп және қызығып өскен ұл мен қыз  үлкейгенде Раббысына ықыласты құл және ата- анасына аяулы перзент болары ақиқат.

Пайғамбарымыз (ص ) хадистерінде жас балаларды құлшылықтарға қызықтырып, тәрбиелеп былай деген: «Балам, дәретті толық және жақсылап ал, сонда өмірің ұзақ болады. Сонда періштелер сені жақсы көреді».

«Балам, намаздарды уақытында және тәртібімен оқы. Егер сен осыған тырыссаң сен үшін періштелер де дұғада болады. Үлкендерге құрмет және кішілерге ізет көрсет». (Бухари,» Весая» 25; Абу-Давуд «Адаб» 1; Тирмизи,» Бирр» 69,» Илим» 16).

«Хасан! Намаздарды уақытында оқы. Күмәнді нәрселерден аулақ бол. Расында шындық кеудеге тыныштық береді. Жалған уайым алып келеді». (Тирмизи, «Қиямет» 61).

«Балаларың жеті жасқа толған кезден бастап намаз үйретіңдер». (Абу Давуд» Салат» 25).

Осындай асыл өсиеттермен жастайынан сусындап, құлшылықтың ләззатын сезініп өскен жастар ғана ертеңгі еліміздің адал әрі иманды болашағы емес пе ағайын?!

Үшіншісі: Құран үйрету.

Асыл дініміздің қайнар көзі, ақ пен қараның айырушысы және тақуалар үшін тура жол сілтейтін қасиетті кітабымызды оқуды, жаттауды және мағыналарын түсініп, өмірде амалға асыруды үйрету.

Құран оқуымыз тек 1 рет «Фатиха» және 3 рет «Ықылас» сүрелерін тек тілмен ғана судыратып оқумен емес, сонымен қатар сол сүрелерді және өзге де сүрелердің мағынасын түсініп, амалға асырумен жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болады ағайын!

Төртіншісі: Балалардың бойында негізгі қабілеттерін дамыту және Ислам құндылықтарымен ұштастыру.

Ұйықтау, тамақтану, киім кию, тәртіп, тазалық, кез келген ортада өзін ұстай алу секілді қабілеттерін дамытып, жүйелеп, Ислам әдептерімен ұштастыру.

Мысалы: тамақтану адам өмірінің ажырамас бөлігі және ол бала денсаулығы мен тәртібіне тығыз қатысты. Пайғамбар (ص ) осыған қатысты тамақтан алдын және кейін қол жуу, «бисмилләһ» -пен бастау, оң қолмен жеу, өз алдыңнан жеу, тамақты үрлемеу т.б. әдептерін үйреткен.

Осы секілді өзге де қабілеттерді Пайғамбар (ص ) өсиеттерімен өнегелеу.

Бесіншісі: Баланың жан — жақтылығын дамыту.

Жан – жақтылығы дегеніміз оның тілін, денесін, ақылын, әлеуметтік, сезімдік қасиеттерін т.б. дамыту.

Пайғамбар (ص ) әлеуметтік және рухани дамумен қатар тұлғалық дамуға да мән беретін.

Ендеше ардақты Пайғамбар (ص ) жас балалардың жеке қабілеттерін ескере отырып оларды жан — жақты дамытуға ерекше мән беретін.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған діни, рухани, мәдени — әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Құран Кәрім аяттары, асыл өсиет хадистер, үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер — бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан», — деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының тәртібіне және тәрбиесіне жауапты.