Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_osymsha_emtikhan_2014_11_synyp.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆

2.Жеті қазынаның бірі

Аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысқа ормандағы аңдарды жинауды бұйрыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, әрі ақылды, епті кім екенін білгісі келіпті. Аңдар лезде жинала қалды. Арыстанның сөзін естіген соң, түлкі алға шығып:

О, әлемде теңдігі жоқ, патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті. Басқа аңдар да арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіртеді. Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті көрді. Дереу гүрілдеп итке төне түседі де: Әй, сен оңбаған, мыналардың айтып жатқанын естіп отырсың ба? Неге үндемейсің? – дейді. Ит салмағы қалпын бұзбастан: Ә, сен бе едің. Сонша неге орманды басыңа көтересің. Менің де сені мақтап бас ұруым керек пе? – деп, басын көтерместен тәкаппарлана сөйлейді.

Ал сонда дүниедегі ең қайратты, әрі ақылды , әділ, әрі епті кім? – дейді арыстан. Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек – адамзат! Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа :

Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда бұдан былай оған орын болмауға тиіс. Дереу орманнан аластатыңдар! – депті күндей күркіреп. Бұл сөзден соң, ит мүлде көңілі қалып, олардың арасында біржола құйрық үзіп кете барған екен. Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Кейін «Ит – жеті қазынаның бірі» деген сөз қалыптасыпты.

Билет № 6

2.Әдептілік

Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен оған жол бердің. Сабақтан қолың боста дүкеннен нан , сүт әкеліп, үй шаруасына көмектестің. Автобус не трллейбуспен келе жатқаныңда, егде адамдарға түрегеп орын бердің. Үлкен кісімен қашанда «сіз» деп сөйле,сесіз. Ал өзіңнің құрбы-құрдастарыңмен далаға серуенге немесе доп ойнауға пәлендей уақытта шығамын деп уәде берсең , сөзіңде тұрасың. Міне, мұндай баланы жұрттың бәрі «әдепті бала» деп мақтан етеді.

Сонда әдептілік деген не? Ол- адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара-қарым-қатынасының жалпы ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайлық, көргенділік, инабаттылық, кішіпейілдік және басқа да қылықтар жатады. Бұл қасиеттер халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасынан қоғамның осы заманғы сипатының туады және соны бейнелейді.Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе өз қоғамыңның белсенді құрылысшыларының бірі, ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың.

Билет № 7

2. Жыл басы.

Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Жылқы: -Адам салт мінеді, жазда арбаға жегеді, қыста шанаға жегеді. Сүтімнен қымыз жасайды. Қымыз - пайдалы сусын. Жыл басы мен боламын,-дейді. Түйе:жыл басы мен боламын. Адам маған жүк артады, сүтімнен шұбат жасайды, жүнімнен киім тоқиды,-дейді. Сиыр:- Менің сүтім көп, сүтімнен айран, май, құрт, ірімшік жасайды. Жыл басы болу маған лайық,-дейді. Қой:- Адам менің жүнімнен киіз басады, мата тоқиды. Қымбат койлектер, костюмдер, пальтолар сол маталардан тігіледі. Жыл басы маған болу лайық,- дейді. Ит:- Мен адамның досымын, мал күзетемін. Жыл басы болу маған лайық,- дейді. Жылан,ұлу, қоян,мешін,доңыз жыл басы болғысы келсе де, олар үндемейді. Тышқан:-Босқа таласпандар, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын,-дейді. Бәрі жылды қарап тұрады. Тышқан түйенің өркешіне шығып отырады. Бір кезде тышқан:- Әне жыл, әне жыл, мен бәріңнен бұрын көрдім,- деп шиқылдайды. Сөйтіп, тышқан жыл басы болды, түйе бойына сеңіп жылдан құр қалды.

Билет № 8

2. Екі дос.

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтын екі жауынгері дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасыпты. Тонаған малүлектерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өті, жау жатқан жағаға келеді. Аңталған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынтер өзің қолбасшыларына апарүды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасшысына:

- Мен, қолдарыңа түскен бір – жауынгерге құн толеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол өзімнің өмірім. Досымды босатындар. Ол үшін өзінді өлімге қияр едім,- дейді. Қолбасы ойланып отырып,.оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршынынан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,- дейді.

- Ол не?- дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

- Маған сенің көздерің керек,- дейді қолбасшы,-екі көзіңді ойып аламын.

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды,босат,-дейді. Жігіт бұл сыннан толкусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қойып, күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұңы көрген жаудың қолбасшысы: Мыныдай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдай да болмаса, бетпе-бет ұрыста қиын соғады, - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Билет №9