2.Сұлтан Баймағамбетов
Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы туған. Оның туып-өскен жері- Қостанай облысының Семиозер ауданындағы Қайыңдыағаш ауылы. Армияға дейін өз ауылында ауыл Советінің секретары болып істеді. Колхозшылар оны « біздің Сұлтан» деп атаған. Оны жақсы көрген. Ұрыстарды Сұлтан алты рет жаралы болды. Бірақ тапсырманы орындамай ұрыс даласынан шықпады. Бөлім қорғаныста тұрғанда «аңға шығып» отыз бес фашисті өлтіреді. Баймағамбетовтің даңқы бүкіл әлемге жайылды. Жас солдаттар оның тәжірибесін үйренді. Сұлтан Баймағамбетов өз міндетін орындаумен қатар, ротода үгішті болып істейді. Ұлы ерлік өмірі естен шықпайды. Сұлтан Баймағамбетов қатардағы Матросовтың ерлігін қайталады. Сұлтан Баймағамбетов аты мәңгі даңққа бөленді. КСРО жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 21 ақпандағы жарлығы бойынша оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Билет №23
2.Көксерек.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді дасті. Кішкене Құрмаш Көксеректі деп ат қойып алды. Ертеңді –кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш- итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.Үй ішінен шықпайды.Түн баласына Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында, не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасында жақындаған кез болды. Көксерек үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу емес. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде –бір ит мұны дос көрмеді, маңына жақындатпайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді.
Билет №24
2.Мәтінді аудар. «Қазақты ғалам таныған күн»
Қазақты ғалам таныған күн Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан он миллион қазақтың Отаны оянып, шаңырағы көтеріліп, терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол-Қазақстан Республикасы.
1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүние жүзінің үлкенді –кішілі мемлекеттері қатарларына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың осылғанын, адамзат тарихындағы тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдап,Туркия бас болып, іле –шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыня, Шведция,Норвегия, Египед,Израйль, Куба, сондай –ақ Ақш пен Швейцария таныды. Мұндай мемлекеттер қатары күннен күнге көбейе түсуде
Билет № 25
2.«Өрмекші, құмырсқа, қарлығыш»
Әкесі он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрайды:
-Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр?
-Көремін, әке, ол өрмек тоқып жүр.
-Анау құмырсқаны көремісің?
-Көремін, аузында тістеген бидайы бар, жүгіріп кетіп барады.
-Жоғары қарашы, көкте не көрінеді?
-Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі- саған үлгі. Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр. Ұстап алған соң, оны өзіне азық етеді. Құмырсқа балаларына тамақ тасып жүр. Қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп жиып жүр.Міне, көрдің бе жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Бәрі де жұмыс істеп жүр. Сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытынды бекерге жіберме.еңбек етуге әдеттен «еңбек етсең емерсің,»- деген.
