Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_osymsha_emtikhan_2014_11_synyp.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆

2. Жері байдың-елі бай.

Жері байдың-елі бай,- дейді халық. Қазақстан Республикасы жерінде көмір, мұнай, темір, алтын, мыс мол. Біздің елімізде қазір сәулетті қалалар, зауыттар орнады. Олар көмір мен темірге бай. Қарағанды, Теміртау, мыс алыбы-Балқаш, ең ірі канал-Арыс-Түркістан.

Алматының алмасы, оңтүстіктің ақ мақтасы, Қызылорданың күріші мақтан етіледі. Республиканың солтүстігі астықты өлке.Қостанай облысында да бидай, қара бидай, сұлы, жүгері т.б. пайдалы дәндер өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады. Қазіргі кезде де Қазақстан Республикасының байлықтары өсіп, өркендеп, дамып жатыр.

Билет № 14

2. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Көне Түркістанды әлемге әйгілі ететін нәрсе-бүкіл әлемдегі мұсылмандардың қасиетті орны боп есептелетін Қожа Ахмет Йассауи кесенесі. Қожа Ахмет әулиені мұсылмандар Әзірет Сұлтан деп атайды және Мұхаммед Пайғамбардың рухани мұрагері деп таниды. Күмбезі-орта ғасырдағы сәулет өнерінің ғажайып үлгісі. Оның сондай қайталанбас ғаламат күмбез болуы-әлемді тітіренткен Ақсақ Темірдің әмірі мен сәулеткер-шебер Мәулен Ұбайдолла Садырдың керемет таланты. Біздің заманымызға келіп жеткен деректерге қарағанда, күмбездің жобасын жасауға Ақсақ Темірдің өзі тікілей басшылық етіп, оны салу кезінде де басында жүріп қадағалап отырған. Бірақ ұлы әмірші 1405 жылы ақпанда Отырар шаһарында қайтыс болады да, кесене құрылысы біраз уақыт кідіріп қалады.Ақсақ Темірдің өзі басы-қасында болмаса да, күмбездің әсемдігіне оны салушылар титтей де нұқсан келтірмеген.Ұлы әміршінің қатынасқан бастапқы жобасындағы сәулет тұтастай сақталған.

Билет № 17

2.Елбасының жолдауы

ХХ ғасырдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл еліміздің 2030 жылға дейінгі даму бағытын анықтайтын бағдарлама. Елбесы халқымызға елімізде атқарылатын жұмыстардың зор екенін ескертеді. Бағдарламада Қазақстанның Табиғат байлықтарын сақтау талап етілген. Президент жолдауында: «Қазақстан барысы» өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, табиғаттың жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады»,-деген. Елбасы әрбір азаматтан салауатты өмір салтын күтеді.

Билет № 18

2.Қонақ күту.

Ертеден келе жатқан аңыздар бойынша қазақ халқы жомартты, қонақ жайлы көңілді халық еді. Қонақ күту-жеке бір дәстүр болған. Үйге келген қонақты төрге отырғызады, хәл-жағдайын сұрайды. Мал сойып, ет асады, қазақша ет пісіреді. Еттен кейін қонақтарға сорпа әкеледі. Содан кейін шай ішкізеді. Дастарханға әр түрлі тағамдарды-бауырсақ, құрт, жент, ірімшік, кәмпит қояды. Тамақтан кейін ас қайырады, бата береді.

Билет № 19

2.Тоғызқұмалақ

Спорттың түрі көп. Бірі-күшті болуға, екіншісі-жылдамдыққа, үшіншісі-табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі-ойлауға үйретеді. Оларға: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.

Тоғызқұмалақ - қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ-жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойы сайыс өткізіп отырған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет Республика чемпионы болған. Ол-тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы.

Билет № 20