- •11.1A бөлімі Қазақстанның қазіргі замаңғы тарихы.
- •11.1B бөлім – Қазақстан өркениеттер мен мәдениеттер жүйесінде
- •11.1C бөлім – Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен идеологиясы
- •2010 Жылы Ел бірлігі доктринасы қабылданды.
- •11.2A бөлім – Қазақстанның түрлі мәдениеттері
- •11.2B бөлім– Қазақстанның әлеуметі: құрылымы және ахуалы
- •11.2C бөлім – Мемлекеттердің саяси классификациясы және Қазақстан
- •11.3A бөлім – Қазақстанның қазіргі заманғы саясаты
- •Мемлекетті басқарудың басты функциялары
- •11.3B бөлім – Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалар
- •1990-Ші жылдардағы саяси реформалар:
- •1995 Жылы 30 тамыз – Конституцияның қабылдануы
- •1995 Жылы 28 қыркүйек – Сайлау туралы Конституциялық Заңның қабылдануы
- •11.3C бөлім – Қазақстан экономикасы
- •Қазақстанның қазіргі замандағы экономикасы
- •11.4 Aбөлім – Қазақстанның экономикалық стратегиялары
- •«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
11.1B бөлім – Қазақстан өркениеттер мен мәдениеттер жүйесінде
Сэмюэл Хантингтон (1927-2008) - америкалық ғалым, саясаттанушы, әлеуметтанушы. Өркениеттердің этномәдени белгілері бойынша бөліну концепциясының авторы. Гарвард университетінде дәріс оқыды.
1993 жылы "Өркениеттер қақтығысы" мақаласы,1996 жылы "Өркениеттер қақтығысы" еңбегі жарық көрді.
Хантингтонның пайымына сәйкес жер бетінде 8 үлкен өркениет бар:
Батыс өркениеті
Үнділік өркениет
Ислам өркениет
Конфуциандық өркениет
Латынамерикалық өркениет
Православиелік-славяндық өркениет
Жапон өркениеті
Африкалық өркениет (қалыптасып келе жатыр)
Сэмюэл Хантингтон болашақта өркениеттердің арасында қақтығыс орын алу ықтималдығын болжаған. Ғалымның болжауы бойынша өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін себептер:
-саяси идеология мен саяси тәртіптер арасындағы айырмашылықтардан гөрі, өркениеттік айырмашылықтар негізгі орынды алуы;
-ұлттық-мемлекеттердің идентификация көзі ретіндегі рөлінің әлсіреуі. Діннің идентификация көзіне айналуы;
-батыстық емес елдердегі элитаның батыстандырудан бас тартуы және олардың өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуы;
Хантингтонның пікірі бойынша өркениеттер қақтығысы алаңына өркениеттер тоғысқан аймақтар айналуы мүмкін, және болашақта "Батыс өркениеті басқа өркениеттерге қарсы" моделінде текетірес орын алу мүмкіндігін келтіреді.
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының арқасында біздің мемлекетімізде Хантингтон болжаған сценарии іске асып отырған жоқ, бірақ әлемнің басқа аймақтарында этномәдени себептерге байланысты қақтығыстар болып жатыр (Таяу Шығыста ИГИЛ, суниттер мен шииттер арасындағы қақтығыстар, Пәкістан мен Үндістан шекарасындағы кикілжіңдер, Қытайдың Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұйғыр сепаратисттерінің әрекеттері, және т.б.)
11.1C бөлім – Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен идеологиясы
Идеология - (грек. idea - ой, түсінік, және logos - ілім, ғылым) - қандай да бір қоғамның немесе оның бір бөлігінің (таптың, топтың, әлеуметтік жіктің, ұлттың, партияның, қозғалыстың және т.б.) мүдделері мен құндылықтарын көрсететін ой-пікірлер мен көзқарастардың, идеалдардың жиынтығы.
Идеология" терминін француз ғаламы А.Дестют де Траси (де Граси) (1754-1836) енгізген.
Идеология - адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін идеялар мен көзқарастар жиынтығы.
Саяси иделогия түрлері - консерватизм, либерализм, коммунизм, фашизм, неоконсерватизм, неолиберализм және т,б.
Құндылық - философиялық-социологиялық ұғым. Құндылықтар өмірге,еңбекке, шығармышылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің обьектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыи беру рөлін атқарады.
1992 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуы», ал 1993 жылы «Қазақстан қоғамы прогресінің шарты ретіндегі идеялық консолидациясы» концепциялары дайындалып, жарияланды. Бұл құжатта төмендегі мақсаттар мен бағыттар бөлініп, қарастырылды:
– тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімдердің реформаны ойдағыдай жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде қамтамасыз етілуі;
– барлық азаматтардың әл-ауқатын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін қоғамның дамуы;
– Қазақстанның этникалық ерекшеліктері мен ұлттық-мәдени көптүрлілігінің сақталуының дамуы;
– демократиялық қайта жаңғыртуларды тереңдету және саясаттағы плюрализмді
қамтамасыз ету.
