Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Podgotovka_k_ekzamenu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

11.3C бөлім – Қазақстан экономикасы

1991-1994 жылдар – өндіріс деңгейі 50-60% төмендеді, инфляция шарықтады, кедейшілік деңгейі өсті, импорт көлемі экспорттан басым болды.

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу мақсатында жекешелендіру үдерісі өткізілді , ұлттық валюта енгізілуі экономиканы тұрақтандыруға көмектесті ( рубль аймағынан инфляция экспорты тоқтады)

1995-1999жылдар –ЖІӨнің өсуі байқалды

Қазақстан -2030 стратегиясы қабылданып, еліміз экономикалық қарқынды өсуге бет алды.

2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін – экономиканың тұрақты өсуі, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі (ЖІӨ, экспорт пен импорт сальдосы т.б.)

Қазақстанның қазіргі замандағы экономикасы

Қазақстан экономикасының күшті жақтары:

1.Қазақстан экономикасы посткеңестік елдер арасында бірінші болып 1990-шы жылдарға дейінгі өндіріс көрсеткіштерін қалпына келтірді және тұрақты жоғары экономикалық өсім көрсетіп отыр.(Қазақстан экономикасының көрсеткіштері ТМД мемлекеттерінің арасында ең қарқынды өсім көрсетіп отыр)

2.Экономика құрылымында аграрлық, өнеркәсіптік сектормен қатар қызмет көрсету саласы да елеулі орын алып отыр. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес жаңа өндіріс түрлері ашылды (дизелді қозғалтқыштар жасау, мұнай-газ машина жасау, фармацевтика, маталар жасау)

3.Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан, себебі заңнамалық база дайындалған және инвесторлармен тиісті келісімдерге қол жеткізу арқылы елдің осы салада беделі мен имиджі өсті. Қазақстан экономикасына АҚШ, Ресей,Франция,Қытай, Ұлыбритания т.б. елдердің компаниялары инвестиция салған болатын.

4. Қазақстанда тиімді қаржы жүйесі құрылды. Мемлекеттің алтын және валюта қоры қарқынды өсіп келе жатыр. Экономиканың әртүрлі жағдайларда тұрақтылығына Ұлттық Қор оң әсер етіп отыр, себебі экономиканың қаржыны қажет ететін саласына осы қордан қаржы ресурстары бағытталады.

5. Қазақстан салмақты энергетикалық саясат ұстанады. Энергетикалық даму потенциалы жоғары мемлкеттердің қатарына жатады. (мұнай, газ, уран, көмір)

6.Қазақстан ашық экономика құрды және әлемдік экономикаға белсенді интеграциялануда (ЕЭО сияқты аймақтық экономикалық одақтың мүшесі, Дүниежүзілік сауда ұйымымен мүше болу туралы келіссөздер жүргізілу үстінде)

7.Аграрлық сектор саласында тиімді реформалар жүргізілді, жер нарықтық айналымға енгізілген, аграрлық секторда меншік иеленуші лер тобы қалыптасты. Қазақстанда аграрлық потенциалы жоғары жер көлемі үлкен.

8.Шағын және орта бизнестің дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіледі. ("Даму" қоры т.б.)

9.Азаматтардың әлеуметтік жағдайы мемлекеттің басты назарында.

(ауыз сумен қамту бағдарламалары, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы, білім беру саласында "Болашақ" бағдарламасы және т.б.)

Қазақстан экономикасының әлсіз жақтары:

1.Экономиканың шикізатқа және оның бағасына тәуелділігі.

2.Ел аймақтарының экономикалық дамуындағы диспропорция (Астана, Алматы қалалары, Маңғыстау, Атырау , Қарағанды облыстары ЖІӨ - нің 50 пайызын беріп отыр)

3.Экономиканың әртүрлі салаларындағы жалақы көлемінде дисбаланс бар.

4. Шешілмеген инфрақұрылымдық мәселелер логистиканы қиындатады. Темір жолдармен, тас жолдардың көпшілігі мемлекеттің шекаралық аймақтарын бойлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]