Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Podgotovka_k_ekzamenu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

11.3B бөлім – Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалар

Сайлау жүйесінің түрлері:

Мажоритарлық жүйе – сайлаушылардың дауыстарының көпшілігін жинаған үміткер жеңімпаз болып табылады.

Пропорционалды жүйе – сайлауда ұсынған партялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутат мандаты санын иеленетін сайлау жүйесі.

Қазақстанда Президент мажоритиарлық жүйемен, ал Парламент пропорционалды жүйемен сайланады.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1995 жылғы 28 қыркүйекте қабылданды.

1995 жылы қабылданған Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті,

Екі палаталы Парламенттың құрылуына құқықтық негіз жасады.

1990-Ші жылдардағы саяси реформалар:

1995 Жылы 30 тамыз – Конституцияның қабылдануы

1995 Жылы 28 қыркүйек – Сайлау туралы Конституциялық Заңның қабылдануы

Көппартиялық жүйе қалыптасты (Нұротан, Патриоттар партиясы, "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясы, Жалпыұлттық социал демократиялық партия, Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, және т.б).

Екі палаталы Парламент құрылды (Сенат –жоғарғы палата, Мәжіліс – төменгі палата)

Әлеуметтік реформалар

«Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» 2014 жылы бекітілген.

Тұжырымдамаға сәйкес:

Қазақстандық әлеуметтік даму моделі мынадай қағидаттар негізінде дамитын болады:       1) елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер;       2) ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу;       3) әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы болуы немесе оның сараланған тәсілі;       4) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі;       5) тиімді әлеуметтік саясаттың негізі ретіндегі экономикалық өсу.

      Еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер       Әлеуметтік игіліктерге (сапалы медицинаға, таза суға, білім алуға, оның ішінде өмір бойы қажетті өмірлік және кәсіптік дағдыларды алу үшін) қолжетімділікті кеңейту арқылы қоғам барлық азаматтарға олардың жеке әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасауы тиіс.       Әлеуметтік мәртебесіне, жынысына, этникалық тиесілілігіне, туған жеріне қарамастан, өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде әлеуметтік игіліктер алуға азаматтардың тең мүмкіндіктері болуы тиіс.

      Ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу       Азаматтарға өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызметтер көрсетудің – адамның өзін-өзі дамытуы үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ең төменгі қажетті деңгейіне кепілдік берілетін болады.

      Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы болуы немесе оның сараланған тәсілі       Еліміздің азаматтарына тең мүмкіндіктермен қатар ең төменгі әлеуметтік стандарттарды ұсынуда халықтың белгілі бір топтарына әлеуметтік көмек көрсетуде сараланған тәсіл қолданылуы тиіс.       Ол көмектің нысаны мен мөлшерін айқындау кезінде адамның экономикалық іс-әрекет қабілеттілігі деңгейін есепке алуды болжайды. Еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек етуге тең мүмкіндіктерге, ал мүгедектер үшін өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне кепілдік беру қажет. Тұтастай алғанда, мемлекет өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға ғана көмек беруі тиіс. Бұл ретте, қолдау көрсету ең алдымен азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді жұмылдыруға бағдарлануы тиіс.       Сараланған тәсіл әлеуметтік масылдықты болдырмауы тиіс.       Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі.       Бұл қағидат әрбір тарапқа – мемлекетке, жұмыс берушілерге және азаматтарға – белгiлi бір мiндеттемелер мен жақсы өмір сүру сапасына қол жеткізу және әлеуметтiк-экономикалық мүмкіндіктердің барлық көлемін қамтамасыз ету жауапкершiлiгі жүктелетін әлеуметтік серіктестіктің дамуын білдіреді.       Егер мемлекет өмiрде қиын жағдайға тап болған адамға қолдау көрсететін болса, бiрақ адам өз жағдайын жақсартуға күш салмаса, онда мемлекеттiк көмек көрсету тоқтатылуы мүмкін.

Адами капиталды дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық шарттары       Әрбір азаматтың өзін-өзі барынша көрсетуіне мүмкіндік беретін әділ қоғам қалыптастыру мақсатында Қазақстанның әлеуметтік даму моделі өмірлік циклдің әрбір кезеңінде әлеуметік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталатын болады:       1) балалық шағында бастапқы жағдайлардың теңдігін қамтамасыз ету;       2) еңбекке қабілетті азаматтарға тең мүмкіндіктер ортасын қалыптастыру;       3) егде жастағы азаматтарға лайықты өмірді қамтамасыз ету.       Осы тәсіл әлеуметтік бағдарламалармен жаппай қамтуды және әлеуметтік дамудың дәйектілігін қамтамасыз етеді. Әрбір адам өзінің өмір жолында «жас» шектеулерімен және мүмкіндіктермен бетпе-бет келеді. Адамның әрбір өмірлік кезеңді табысты аяқтауы одан арғы тұрақты даму үшін негіз қалайды. Мұндай «жинақтау» әсері барлық қоғамдық институттардың қатысуымен дәйекті және теңгерімделген әлеуметтік саясатты іске асырған кезде қолжетімді.

.Зейнеткерлік жас       Егде жастағы азаматтарға өзін-өзі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.       Бұл ретте әрбір егде адам, бір жағынан өзінің өмірлік жетістіктеріне сенімді болады, ал екінші жағынан кедейшілікке алып келетін табыстардың мұндай төмендеуінен қорғалатын болады.       Табыстарды қорғау. Зейнетақы жүйесi зейнеткерлікке шығу кезінде еңбек жолы процесінде жинаған әлеуметтiк-экономикалық мәртебесін сақтау кепiлі болады. Өз өмiрлiк жетiстiктеріне қарамастан, әрбір адамның зейнетақы жинақтарының есебінен лайықты өмiр сүруге мүмкiндiгi болады.       Қолжетімді медициналық көмек. Егде жастағы барлық азаматтарға жас шектеулері мен созылмалы аурулар ауыртпалығын теңестіруге мүмкiндiк беретiн ұзақ мерзiмдi күтімдi қоса алғанда, медициналық көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ олардың өмiр сүру сапасын арттыруға кепiлдiк берілетін болады..

     Білім беру       Мемлекет тегін орта білімді ұсынады, мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыруға қатысады, кәсіби-техникалық және жоғары білім деңгейінде мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесін дамытады.

      Денсаулық сақтау       Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етеді.      

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]