Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

Гиалурон қышқылы

Гиалурон қышқылы – жасушаралық заттың ең үлкен гликозамингликаны, оның молекулалық массы 105–107 Да. Гиалурон қышқылы глюкурон қышқылы және N-ацетилглюкозаминнен құралады. Әрбір дисахаридте теріс зарядталған карбоксильдік топ болады, ал мономерде гиалурон қышқылы көп болатындықтан ол полианиондық болып табылады. Полианиондық қасиетіне байланысты гиалурон қышқылы судың өте көп мөлшерін байланыстырады, соның нәтижесінде жасушаралық зат іркілдек матрикс формасына қалыптасады. Гиалурон қышқылы (барлық гликозаминогликандар тәріздес) Na+ және Са2+ ионын байланыстыруға қабілетті. Бұл жасушаралық заттың су-тұз алмасуының реттелуіне қатысатынын айқындайды.

Гиалурон қышқылы бос күйінде де, күрделі агрегаттар құрамында да кездеседі. Бұл ГАГ-тардың сульфаттанбаған бір ғана өкілі.

Хондроитин-сульфаттар буын байламдарында, тіс ұлпаларында кездеседі.

Дерматансульфат шеміршек ұлпасының құрылымдық компоненттерінің бірі болып табылады.

Ұзын полисахаридтік тізбектер глобулаларға жинақталады. Бірақ, бұл глобулалар борпылдақ түрде ықшамдалған (компактілі ықшамдалмаған) және салыстырмалы түрде үлкен көлемді алады. ГАГ гидрофильдік қосылыс болып табылады, құрамында көп мөлшерде гидроксильдік топты және көптеген теріс зарядты топтарды (көптеген карбоксильдік және сульфотоптар) ұстайды. Айқын теріс заряд оларға оң зарядталған катиондар калий, натрий, кальций, магний. Бұл қасиет суды ұстау қабілетін одан да жоғарлатады, сонымен бірге дәнекер ұлпасындағы бұл заттардың молекуласының диссоциациясын қабілеттендіреді.

2блок.2. Қан және дәнекер ұлпасының қабынуға қатысуы : Қабыну- организмнің қорғаныштық-бейімделулік реакциясы. 3 сатыдан тұрады. Альтерация фазасында некроз орын алады, экссудация фазасында венулалар мен капиллярлардан суйықтықтық шығуы жіреді. Осы сатыда қан плазмасы жіне формендік элементтер шығады. Нақтырақ айтқанда нейтрофидер мен моноциттер бөгде агентті жұтып фагоцитоз процесін жүзеге асырады. Пролифирация фазасында – ұлпаның қайта қалпына келі орын алады, осын кезде дәнекер жасушалары қатысады. Олар фибробласттар , одай кейін ол фиброциттерге айналады тыртық қалыптасады, Фибробласттар коллаген талшықтарынан тұрады.

3блок.1. Сүйек ұлпасының менерализациялану этаптары: Минералдену үдерісі негізгі екі этаптан тұрады.

Этап 1. Остеобластар коллагеннің бірінші түрін синтездейді, олар паратгормон рецепторларымен жабдықталған, олардың негізгі қызметі органикалық остеоидты қалыптастыру және оны минералдендіру.

Минералдендіру үдерісіне остеобластардың коллаген емес кальций-байланыстырушы протеиндері де қатысады. Оларға остеокальцин және матрикстік протеиндер қатысады. Минеральдену үдерісіне коллагендік емес кальцийбайланыстырушы протеин – карбоксилқұрамды протеиндер де қатысады. Екі протеиннің де карбоксиглютаминденуі К витаминіне тәуелді болады. Остеокальцин сүйек және тіс үшін уникальді және оның қандағы деңгейі остеогенез жылдамдығын байқатады. Кальций (магний) бекітушілері – остеонектин, остеопонтин, тромбоспондин арқылы паралельді түрде коллагендік матрицаға бекітіледі.

Этап 2 - минералдену аймағында тотығу үдерістері күшейеді, гликоген ыдырайды, одан бөлінген глюкозадан қажетті мөлшердегі АТФ синтезделеді. Мұнан басқа, остеобластарда аморфты кальций фосфаты синтезіне қажетті цитраттың мөлшері жоғарлайды. Бір мезгілде остеобластардың лизосомаларынан қышқылдық гидролазалар бөлінеді, олар органикалық компоненттің протеиндері әсерлеседі және фосфаттармен байланысқан аммоний мен гидроксид иондардың түзілуіне әкеледі. Осылай кристалдену ядролары қалыптасады. Протеиндік-көмірсулық комплекспен байланысқан кальций және фосфор иондары ерігіш қалыпқа ауысады және гидроксилапатит кристаллдарын қалыптастырады. Өсу барысында гидроксилапатит кристаллдары протеогликандарды және суды да ығыстырып шығарады және оның дәрежесі практикада толық сусызданған тығыз ұлпа болады. Остеобластар өздерін остеоидтармен қоршап остеоциттерге айналады. Олардың цитоплазмасы көршілес остеоциттермен байланысатын өсінділерді түзеді.

Сүйектің ремоделдену бірлігінде негізгі остеолиттік қызметті остеокластар атқарады. Остеокластар резорбцияланатын сүйек бөліктеріне ауысып активті қабатты түзеді. Арнайы адаптер интегрин арқылы остеопонтинге бекітіліп жүргізіледі. Олар өздерінің активті қыртыстанған жиектерінде коллагеназаны және маркерлік фермент – қышқылдық фосфатазаны бөледі. Минералденген остеоидты лизиндейді және гидроксилапатит кристаллдарын ерітеді. Бұл үшін арнайы протондық АТФ-аза насосы және карбоангидразаның ІІ түрі көмектерімен жинақы түрде қышқылдық аймақ рН- 4 жасалынады.

Минералдену үдерісі бұзылған кезде – мысалы, оссифицирлеуші миозитпен ауырған кезде гидроксилапатит кристалдары сіңірлерде, байламдарда, тамырлар қабырғаларында пайда болады. Кальцийдің орнына сүйек ұлпасына басқа да элементтер – стронций, магний, темір, уран және т.б. енгізілуі мүмкін. Гидроксилапатит қалыптасқаннан кейін мұндай қосылулар өтпейтін болады. Кристаллдардың беткейінде натрий цитраты түріндегі натрий көп мөлшерде жиналуы мүмкін.

Сүйек натрийдің лабильді (өзгермелі) депосы қызметін атқарады, ол сүйектен ацидоз кезінде шығарылады және керісінше, тағам құрамында натрий артық мөлшерде болған кезде алкалоз болмас үшін натрий сүйектерде деполанады. Ағзаның өсуі мен дамуы жолында аморфтық кальций фосфатының мөлшері төмендейді, себебі кальций гидроксилапатитпен байланысқан болады.

Сілтілік фосфатаза остеобластарда болады, қышқылдық фосфатаза остеокластарда шоғырланған. Бұл екі ферментте сүйек ұлпасының маркерлері қызметін атқара алады.

Сүйек ұлпасының метаболизмі көптеген гормондардың бақылауында болады. Мысалы, СТГ, пролактин, ин­сулин және андрогендер остеоидтердің синтезін қабілеттендіреді. Глюкокортикоидтар сүйектердегі коллагендердің синтезін төмендетеді, сонымен бірге кальцитриолдың ішектегі әсерін болдырмайды және кальцийдің бүйректік реабсорбциясын төмендетеді, бұл ионның жоғалуын және остеопорозды қабілеттендіреді. Эстрогендер остеоидтардың синтезін және сүйектерде кальцийдің тұнуын қамтамассыз етеді. Бұл кальций алмасуының негізгі реттеушілері арқылы тікелей немесе тікелей емес әсерлесу механизмі болып табылады.

Бірақ реттелудегі шешуші роль кальцитонин, кальцитриол және паратгормон арқылы атқарылады.

3блок.2.Сүйек ұлпасының менерализациялануына Д витаминінің қатысуы. Кальцитриол, басқа да стероидтық гормондар тәріздес холестериннен синтезделеді. Кальциферролдың тікелей алғызаты холекальциферол (витамин D3) болып табылады. Витамин D3 –тің аздаған мөлшері тағам құрамында болады, бірақ кальцитриолдың синтезіне жұмсалатын басым бөлігі теріде 7-дегидрохолестеролдан ферментсіз реакция барысында жарықтың ультракүлгін сәулесі әсерінен түзіледі.

3.3.Сүйек ұлпасының менерализациялануына С витаминінің қатысуы. Коллаген түзілуіне қатысады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]