Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Dias.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.3 Мейрамханалық бизнес үлгісін басқарудың шетелдік тәжірибесі

Ресейдің мейрамханалық бизнес үлгісінің көлемі мен қатысушылар саны бойынша тең емес үш түрлі нарықта көрініс тапқан. Ол - fast food, орташа бағалар деңгейіндегі мейрамханалар үлгісі және «жоғары аспаздық» мейрамханалар үлгісі. Тез тамақтандыру сегментінде «Макдональдстың» үлесі жоғары. Көпшілік пікірлер бойынша «Макдональдстың» басты бәсекелесі - «Росинтер» компаниясының меншігіндегі «Ростикс» желісі. Ресейде бәсекелес желілер (Sbarro, SubWay және т.б.) болғанымен, олардың нарықтағы үлестері төмен [3].

Қымбат авторлық haute cuisine мейрамханалар үлгісі («жоғары аспаздық»), Ресейде өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы – 90-жылдардың басында пайда бола бастады. Ол мейрамханалар үлгісі Аркадий Новиковтың, Андрей Деллостың және басқа да жұлдыздардың есімдерімен байланысты. Бүгінгі күні аса танымал авторлық мейрамханалар үлгісі — Новиковтың «Пушкин» және «Сыр», Деллостың Le Duc және «Шинок», Олег Бардеевтың «Улей», Антон Табаковтың «Обломов на Пресне», Игорь Бухаровтың «Абсент» мейрамханасы.

Белгілі ресторатор А.Новиковтың алғашқы және сүйікті жобаларының бірі – «Сирена» мейрамхана үлгісі. «Сирена» мейрамханасы Мәскеу үшін ерекше құбылыс. Қызмет етіп келе жатқан он бір жылдың ішінде мейрамхана бизнесі тұрақты қонақтары мен жаңа қонақтарды тартатын өзінің қайталанбас стилі мен атмосферасын сақтаған. Мейрамхана есігін ашқанда колониалды Англия уақытындағы кеме интерьері таң қалдырады.

Қабырғалары қоңырқай ағашпен қапталған залдарда шарбақталған креслолар мен дөңгелек үстелдер сәнді орналасқан. Таңғажайып формасы, түсімен таңқалдыратын теңіз балықтары бар көптеген аквариумдар теңізді елестетеді. Ал келесі залына келетін болсақ, едені тұтастай аквариум болып жасалған.

«Сирена» - Мәскеудің тұңғыш әрі ең үздік балық мейрамханалық үлгінің бір түрі. Қонақтарға керемет тағамдар ұсынылады. Тамаша дәм мен жоғары сапа симбиозын танымал бас аспаз Антонио Баратто бастаған аспаздардың жоғары біліктілігі кепілдейді. «Сиренаның» барлық тағамдары эксклюзивті, наннан бастап десерттерге дейін мейрамхананың өзінде әзірленеді. Қонақтар тек мейрамханада әзірленген тағамға ғана тапсырыс беріп қана қоймай, сонымен қатар 20%-дық жеңілдікпен витринадан кез келген балықты таңдап үйіне алып кете алады. «Сиренаның» шарап картасында Франция, Италия, Испания және Жаңа Әлемнің ақ шараптары кеңінен ұсынылған, сонымен қатар қонақтар қызыл шарапқа да тапсырыс бере алады. Қонақтарға сусын таңдауға сомелье көмек көрсетеді. Ең бастысы «Сиренада» қонақтардың кез келген талап-тілегі көңілсіз қалмайды[4].

Бұл мейрамхана үлгісі авторлық, европалық, итальяндық, орыс, теңіз, балық, аралас, жерорта теңізі өнімдерінен әзірленген тағамдарды ұсынады. «Сирена» - банкеттерді, іскерлік кездесулерді, кешкі асты, романтикалық кездесулерді, отбасылық демалысты ұйымдастыруға арналған тамаша орын. Мейрамхананың мекен-жайы: Мәскеу, Үлкен Спасск көшесі, 45 үй. Мейрамхана төрт залдан тұрады: 1 зал - 60 орындық, 2 зал – 30 орындық, 3 зал – 6 орынға арналған кабинет, 4 зал – 40 орындық. Сағат күндізгі 12-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Мейрамхана шотының орташа құны 4000 рубльдан бастап, яғни біздің теңге бойынша 20 000 теңгеден бастап. American Express, Diners Club, Eurocard, JSB, Master Card, Master/Eurocard, Visa карталарымен қонақтар шоттарын төлей алады. Жеңілдіктер тұрақты қонақтарына ұсынылған, бірақ белгілі бір уақыт аралығында 12:00-16:30 - 20%. Мейрамхана ұсыныстары: Гриль, Өзімен бірге тамақты алып шығу, Шараптар картасы, Мангал, Ет ас мәзірі, Ораза ас мәзірі, Банкеттер өткізу, Балық ас мәзірі, Сыра. Мейрамхана бизнесінің бұл үлгісі келесідей ерекшеленеді: VIP-зал, VIP-кабиналар, Жазғы веранда. Мейрамхана музыкасы: Тірі музыка, Классика, Лаунж, Фондық. Сонымен қатар мейрамханада 30 адамға дейінгі банкеттер өткізіледі.

«Сирена» мейрамханасында 10-20 наурыз аралығында арнайы әйелдердің ас мәзірі ұсынылады. Тунец, барабулька, сардиналар, аличтар, си-басс, скумбрия, треска, соль-балығы, расскас-балығы түрлі әдіспен әзірленеді. Осылайша бас аспаз Антонио Баратто балықтың ең маңызды қасиетін – нәзік құрылымын, сонысына қарай жеңіл қорытылуын ескере отырып адамзаттың сұлу бөлігіне арнайы ас мәзірін дайындап отырады [5,61б]

«Сирена» мейрамхана бизнесінің кадрлық саясатына келетін болсақ, басшылық персоналды іріктеу және даярлау мәселесіне өте жауапты қарайды. Мейрамхана бизнесінде барлық деңгей қызметкерлеріне тренингтер мен семинарлар жиі өткізіліп отырады. Мейрамхана осы салада тәжірибесі жоқ қызметкерлерді де жұмысқа қабылдайды. Басшылықтың ойынша тәжірибесі жоқ қызметкерлерді үйретіп алу әлде қайда жеңіл. «Сиренада» жаңа қызметкерлерді үйретіп оқыту базасы жақсы ұйымдастырылған. Жаңа қызметкерлер «Қонаққа қызмет көрсету курсын» өтеді. Ол екі бөлімнен тұрады, оның біреуі қызметкерлердің мамандануына арналады.

Мейрамхана бизнесінің бас менеджерінің айтуынша, жаңадан қабылданған қызметкерлер екі бағдарлама бойынша даярланады: «Қош келдің, жаңа әріптес!» және "Yes, I can! – Уәделердің орындалуы". Бірінші бағдарлама 8 сағатқа негізделіп, кәсіпорынның ұйымдық құрылымын, корпоративті мәдениет кодексін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін оқытуға арналған. "Yes, I can! – Уәделердің орындалуы" бағдарламасы мейрамхана бизнес басшылығымен құрастырылып, мейрамхана желісінің барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылады. "Yes, I can!" корпоративті пәлсәпасының негізгі қағидалары мен кәсіби әрекеттердің стандарттарын айқындайды. Сабақ 5 сағатқа арналады – онда бейнефильмді көру және талдау, тәжірибелік жаттығулар, рольдік ойындар өткізіледі. Нақты жағдайлар қарастырылып, «Yes, I can!» қағидалары мен принциптеріне сәйкес оларды шешу жолдары іздестіріледі. Жаңа қызметкерлерді кәсіби оқыту екі жеті уақытттан артық созылмайды. Тренингтер аяқталған соң қызметкер емтихан тапсырып, дербес жұмыс жасай бастайды.

Орта буын менеджерлеріне арнап «Мен басқарушы мен ұстазбын. Менің мықты және әлсіз жақтарым», «Менің сыртқы келбетім, мәнерлер мен басқару стилім – еліктеуге үлгі», «Жауапкершілік. Бақылау. Әрекет салдарлары», «Қызметкерлерді мадақтау. Қолдау көрсету», «Дисциплинарлық шараларды жүзеге асыру» атты тақырыптар бойынша тренингтердің арнайы курсы ұйымдастырылған. Әрбір тренинг 60-90 минутқа қарастырылған, тренингтерді жүргізу әдістемесі интерактивті дискуссияларды, нақты жағдайларды талдауды, рольдік ойындарды қамтиды.

Кез келген мейрамхана бизнесінің саясатының жоғарғы буын басшыларын оқыту және біліктілігін жоғарылату ерекше орын алады. «Сирена» мейрамхана бизнесінің үлгісі жоғарғы буын басшыларын, әсіресе бас даяшыны шет ел мемлекеттерінің мейрамханаларына тәжірибе алмасуға жіберіп отырады.

Ресейдің басты рестораторы Аркадий Новиковтың алғашқы туындысы «Сирена» мейрамхана үлгісі 1992 жылы ашылып, өзінің еден-аквариумы мен керемет балық тағамдарымен таң қалдырды. Сол уақыттан бері көптеген балық мейрамханалар үлгісі ашылғанымен «Сиренада» аншлагтар тоқтаған емес.

Мейрамханалық бизнес өте жақсы дамыған ел – ол міндетті түрде АҚШ. Онда барсаңыз мейрамханалық бизнес концепциялардың түр-түрін кездестіруге болады: тез қызмет көрсету мейрамханаларынан бастап фешенебельді мейрамханалардың сан алуан түрі дамыған.

АҚШ-та мейрамханалық бизнес үлгісі 18-ғасырда пайда болып тез қарқынмен дами бастайды. 1776 жылы АҚШ-тың ірі қалаларында «Буллз Хед», «Фронсез Таверн», «У мистера Литтла» тәрізді мейрамханалар ашылады. Әрине екі ғасыр уақыт аралығында бұл мейрамханалар үлгісі өз түрін өзгертіп әлдеқайда дамыған, мыңдаған мейрамханалар өмірге келіп, мейрамхана бизнес желілері тез қарқынмен дамуда. Алғашқы тез қызмет көрсету мейрамханалары, көліктен шықпай тамақтануға болатын, яғни drive-in мейрамханалар үлгісі осы Америка құрлығында пайда болған. Сондай drive-in мейрамхана үлгісінің бірі - “Varsity”.

Атлантаның түпкілікті тұрғындары “Varsity” мейрамханасын CNN, “Peachtree” іскерлік орталығы, “Braves” спорт командасы сияқты мақтаныш деп санайды. Бұл мейрамхана бизнесінің үлгісі қалада Атлантаны танымал еткен Маргарет Митчел өзінің “Унесенные ветром” романын жазып бітірмей тұрып, Coca-Cola ең үздік алкогольсыз сусын беделін алмай тұрып пайда болды. “Varsity” - drive-in түріндегі мейрамхана үлгісі: клиенттер өз көліктерінен шықпастан тамақтана алатын орын. Бұл мейрамхана үлгісінің ашылу сәтінде – 1928 жылы Америка мұндай қызмет түрін білмейтін. “Varsity”-дың 600 машиналық тұрағы, сонымен қатар 200 адамдық сауда залы бар.

Мейрамхана бизнесінің иегерінің бірі, мейрамхана бизнесінің негізін қалаушының немересі, қазіргі президент – Нэнси Симздің ұлы 37 жастағы Гордон Мюирдың айтуынша мейрамхана ас үйінде феноменалды көлемде тағамдар әзірленеді: бір күнде 6000 шабдалы және алмадан жасалған таба нан және чили соусының 360 галлоны әзірленеді екен. “Varsity”-дан соң иегерлер Атлантаның сыртында көлемі кішігірім болатын бес кәсіпорын ашқан. “Atlanta Business Chronicle”-да жарияланған мәліметтер бойынша 1996 жылы негізгі кәсіпорынның сату көлемі $9 миллионға таяу болған. Ол уақыттан бері бұл сомма әлдеқайда өскен. 78 жыл бұрын ашылған мейрамханадан бері басшылық алтыншы мейрамхананы ашпақшы, бесінші мейрамхана бизнесі 1999 жылдан бері қызмет етуде. Осы жылдар аралығында “Varsity” мейрамханасы үлгісінің осылайша дамуы, тіпті мейрамхана бизнес желісін құруы – бұл білікті басшылықтың көрінісі. Бұл жылдар уақытында бизнесті басқару технологиясы, баға мониторингі, қызмет көрсету жүйесі өзгергенімен, әзірленетін тағамдар, олардың рецептері сол қалпында қалған [6].

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНДЕГІ «VERDI» МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ ҮЛГІ РЕТІНДЕ ТАЛДАНУЫ

2.1 «Verdi» мейрамханасына жалпы сипаттама

«Verdi» мейрамханалар кешені Қазақстанның танымал мейрамханалардың біріне айналып отыр. «Verdi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астана қаласы бойынша 2 мейрамханасы бар. «Verdi» мейрамханалар кешенінің танымал кәсіпорындарының бірі - «Rabiya» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл мейрамхана Астана қаласының орталығында тиімді орналасқан. Қала орталығында орналасқандықтан мейрамханаға келушілер көп, сондықтан жылуын әр келушіге сыйлайды. Қыста ыстық оты лаулаған камин, ағаш элементтері басым жиһаз бен интерьер, жылы түстерге боялған қабырғалар, сондай-ақ аталғанның бәрін керемет толықтырушы суреттер ұмытылмас естелік қалдырады. Әр қонақтың қалауына жеке назар салып қарау, максималды ыңғайлылық пен сапалы қызмет көрсету – мейрамхана дамуын алға итермелеуші күш. «Verdi» мейрамханасының қызметтерін еліміздің жастары және бизнестің танымал тұлғалары көп тұтынады. Сонымен қатар, мейрамхана шетелдік қонақтар мен эстрада әртістерін жиі күтеді. «Verdi» мейрамханасы тамақтану қызметі нарығының белсенді кәсіпорны ғана емес, тұтынушылардың сүйікті демалыс орны мәртебесін иеленіп үлгерген бірден-бір орын.

«Verdi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылдан бастап заңды түрде құрылды болып есептелінеді. «Verdi» ЖШС өз қызметін 27.12.1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлімі), 22.04.1998 жылы қабылданған «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 31.01.2006 жылы қабылданған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады[10].

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шағын кәсіпкерлік субьектісі болып табылады, себебі оның жылдық активтерінің бағасы 40 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен және жұмысшыларының саны 50-ден аспайды. Еселік айлық есептік көрсеткіш осы қаржы жылының Республикалық бюджетіне сәйкес есептеледі.

Серіктестіктің қатысушысы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы «Rabiya» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 56571-1910-ЖШС 07.07.2013ж. Астана қаласының Әділет Департаментімен берілген. СТН 600900521960 БСН 030740008441.

Банктік деректемелері: ИИК KZ 848 560 000 000 495 800, БИК KCJBKZKX, Астана қаласы АГФ АО «БанкЦентрКредит».Серіктестіктің толық фирмалық атауы: «Verdi». «Verdi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  • орыс тілінде: товарищество с ограниченной ответственностью «Verdi».

Мейрамхананың «Verdi» аталуы 2 себепке байланысты:

  • «Verdi» сөзі италияндық дирижер, композитордың Джузеппе Фортунино Франческо Верди атымен аталған. Ол Италияның атақты дарынды адамдарының бірі, 2-шіден мейрамхана интерьері италияндық дизайн бойынша жасалған.

Серіктестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 5 үй, .

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты таза табыс табу болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін кәсіпорын тұтынушыларға келесі қызмет түрлерін ұсынумен айналысады:

  • түрлі тамақтарды ұсыну (европалық, орыс, қазақ, итальяндық, жапондық, өзбек, ұйғыр ұлттық тағамдарды ұсыну);

  • қосымша мейрамханалық қызметті пайдалануға клиенттерді тарту;

  • қонақжайлылықтың заңдарын жүзеге асыра отырып қызметтерді ұсынуы қажет.

Осы қызметтерді жүзеге асыру барысында мейрамхана төмендегі принциптерге жүгінеді:

  • тамақтану деңгейі мен шарттарының қаржылық шығындарға сәйкестігі;

  • клиенттерге қызмет көрсету үшін база құру;

  • тұтынушылардың жайғасуы және күш жинауы үшін жағдайларды қалыптастыру;

  • нормативті талаптарға сәйкес тапсырыстарды орындау.

Серіктестіктің жарғылық капиталы: 100 000 (жүз мың) теңгеден құралады. Жарғылық капитал серіктестікті тіркеу мерзімінде қатысушымен толық құрылған.

Серіктестіктің жарғылық капиталының ұлғайтылуы:

  • серіктестіктің барлық қатысушылары қосатын қосымша бара-бар салымдары;

  • сарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің сақтық капиталының есебінен ұлғайту;

  • серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдаған жағдайларда іске асырылады.

Серіктестіктің атқарушы органы – Бас директор, ол қатысушыға есеп береді және оның шешімінің орындалуын ұйымдастырады. Бас директорды тағайындаған кезде олардың оның еңбек қатынасы еңбек заңына сәйкес келісім-шарт негізінде реттеледі.

Қатысушының ерекше құзыретіне жататын мәселелерден басқа сұрақтарға Бас директор құзыретті болады, солардың ішінде:

  • күнделікті және перспективалық жұмысын іске асырады;

  • қатысушылар шешімінің орындалуын ұйымдастырады және орындалуы туралы оларға есеп береді;

  • серіктестіктің мүлкіне, қаражатына қатысушылардың көрсеткен шегімен билік жүргізеді;

  • сенімхатсыз келісімдерге (шарттарға), міндеттемелерге серіктестік атынан жасайды және орындалуына бақылау жүргізеді;

  • банктерде есеп және басқа да шоттарды ашады;

  • серіктестіктің еңбек ұжымы орындауға міндетті бұйрықтар және нұсқаулар береді;

  • серіктестіктің қызметкерлерін жұмысқа қабылдауын және жұмыстан босатылуын жүзеге асырады;

  • серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;

  • серіктестіктің жарғысымен қатысушының құзыретіне жатқызылмаған өзгедей және қатысушымен берілген уәкілдіктерін жүзеге асырады.

Бас директор жұмысқа алу жайлы жеке еңбек шартқа және басқа еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нысандар негізінде қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа алады.

Серіктестік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Заңымен анықталатын барлық әлеуметтік-экономикалық құқылармен қамтамасыз етуге кепіл береді.

Әр қызметкердің еңбек ақысы оның жеке еңбекке қосқан үлесі мен жұмыстың соңғы қорытындыларымен максималды мөлшермен шектелмейді және бекітілген заңдарға сәйкес салықпен салынады.

Серіктестік еңбек ақысының төлену жүйесін және түрін өз бетінше еңбек келісімдерге тарифтік еңбек ақы және ставкаларды қарастырады, сонымен бірге қызметкерлердің және сапалы мамандығына сәйкес мемлекеттік тарифтердің еңбекақысының төленуінің минималды гарантиясы ретінде қарастырылады. Қызметкерлер міндетті түрде әлеуметтік сақтандырылуы тиіс[8,9].

Кәсіпорын барлық қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге тиісті және денсаулығына, еңбекке жарамдылығына тигізілген зияны үшін заңда қойылған тәртіпке қарай жауапкершілікте болады.

Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады. Кәсіпорын табысы материалдық шығынның және оған теңестірілген шығындардың, еңбек ақысын төлеуге жұмсалған шығындардың орны толтырылғаннан кейін, шаруашылық қызметтен түскен түсімнен қалыптасады. Серіктестік қызметінің соңғы нәтижесі пайда табу болып табылады. Серіктестіктің салық, еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төленгеннен кейін, қалған табыс серіктестіктің меншігі болып саналады және ол серіктестік ары қарай жұмыс жасауы және дамуы үшін бөлінеді. Серіктестік өндірісін дамытуға және жалпы қажеттіліктері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестік қатысушысының шешімімен бөлінеді.

Еліміздің экономикасының дамуы салалардың жылдам диверсификациялық дамуына және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты. Осының ішінде қоғамдық тамақтандыру саласының дамуы тиімді үрдіс болып отыр. Себебі ол біріншіден, халықты жұмыспен қамтамасыз етсе, екіншіден, экономикалық өсу үшін белгілі бір мөлшердегі үлесін қосады. Жалпы қоғамдық тамақтану саласы саудалық қызметке жатады. Бұл саланың қаланың сауда қызметінде алатын үлесі 2013 жылғы көрсеткіш бойынша 4,2%. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары бір қалыпты дамуда. Сонымен қатар, Астана қаласының басқа мейрамханаларымен салыстырғанда динамикалық өсуі байқалады. Статистикалық берілгендер бойынша қоғамдық тамақтану саласынан түсетін орташа пайда жылына шамамен 1млн жуық АҚШ долларын құрайды. Кейінгі жылдары бәсекенің артуы және соңғы дағдарысқа байланысты оның өсімі 3-4% (сурет 2) дейін азайған.

Сурет 2. «Verdi» мейрамханасына ішкі көрінісі

Ескерту - [10] мәліметтері негізінде құрастырылған.

Аталып отырған салаға салынған инвестиция орташа 3-4 жылда қайтарылады.

Қоғамдық тамақтану жүйесінде мейрамхана ерекше орын алады. Мейрамхана бизнесі – тұтынушының жақсы демалуына жағдай жасай отырып, сонымен қатар, оның эмоционалды және эстетикалық қажеттілігін қанағаттандырады, тұтынушыларға жоғары сапалы тағамдар мен қызметтер түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған қызмет түрі. Қазақстандағы мейрамханалар қызметі нарықтық экономикаға көшкеннен бастап белгілі өзгерістерге ие болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарылаған сайын әлеуметтік мәдени және мәдени демалатын орындарға сұраныс та арта түсті (кафе, мейрамхана, клуб). Қоғамдық тамақтандыру нарығында ұсынылатын өнім, қызмет, олардың бағасы, бәсекелестігі тұтынушылар сегментіне байланысты икемделеді. Ол үшін маркетингтік қызмет қолданылады.

Қоғамдық тамақтандыру саласының маркетингтік ерекшеліктері 7 өзара тығыз байланысты элементтерден тұрады. Олар:

  • тауар немесе қызмет көрсету;

  • баға;

  • өндіру;

  • коммуникация;

  • қызмет көрсету үрдісі;

  • персонал;

  • физикалық қоршаған орта.

Жоғарыда аталған элементтердің барлығы өз бетінше маңызды және олардың біреуінің назардан тыс қалуы қоғамдық тамақтану орнын ауқымды пайдадан айырып қана қоймай, сонымен қатар, шығынға алып келіп соқтыруы мүмкін.

Кесте 1

Астана қаласындағы тамақтандыру орындарының даму динамикасы

Қоғамдық тамақтану орындарының түрлері

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

2012-2014жж. ауытқуы

Мейрамханалар (бірлік)

193

206

226

33

Мейрамханалар. Орналастыру орындары (бірлік)

22550

25400

26208

3658

Кафе, барлар(бірлік)

302

320

332

30

Кафе, барлар орналастыру орындары(бірлік)

20478

24500

27810

7332

Қоғамдық тамақтандыру орындарының жалпы саны (бірлік)

300

312

324

24

Ақпарат көзі: [11] мәліметтері негізінде құрастырылған.

Жоғарыда көрсетілген кестеден Астана қаласындағы қоғамдық тамақтандыру саласында бәсекелестік өсіп жатқанын байқауға болады. «Verdi» мейрамханалар желісі өз стратегиясының арқасында осы ушыққан бәсекелестік нарықта қалып қана қоймай, сонымен қатар, өз филиалдарын ашып, кеңеюде жұмыс жасап жатыр. Стратегиялық жоспарға нақты тоқталып өтсем, стратегиялық жоспар 2020 жылға бағытталған және 4 бөлімнен тұрады:

  • Астана қаласындағы нарықтың 6%-ын жаулап алу, қазіргі таңда «Verdi» мейрамханалар желісі қоғамдық тамақтандыру нарығының 3 % алып отыр.

  • тұрақты жабдықтаушылармен ұзақ мерзімге келісім-шарт жасасу;

  • шетелмен тәжірибе алмасқан мамандарды көптеп тарту;

  • тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуді жалғастыру;

  • бизнес рентабельділігін арттыру;

  • инновациялық технологияларды өндіріс процесіне ендіру.

Осы стратегияны жүзеге асыру үшін «Verdi» мейрамханалар желісі қатаң тәртіппен тиімді қызмет көрсетіп жатыр, соның ішінде «Verdi» мейрамханасының орны ерекше болып отыр. «Verdi» мейрамханалар желісі ішінде аталмыш мейрамхана пайда көлемі жағынан 15 орынды иеленеді [8,10].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]