Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология тест.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Кб
Скачать
☆

2.Балалардың қабылдауын дамыту.

Балалық шақ –бұл баланың айналадағы қоршаған дүниеден алған әсерінің үлкен қорын жинау кезеңі. Балалар көрген заттарын қадағалай қарап,қолына ұстауға құштар болып. Үлкендердің әңгімесін ықыласпен тыңдағанына қарамастан,айналадағы заттар мен құбылыстардағы көптеген нәрселерді ескермейді. Мұның себебі –бала қабылдауының ерекшелігі.

Мектепте жүретін барлық сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше рөлін ескере келіп, әрбір мұғалім мына төмендегі шарттарды орындап отыруы тиіс:

  1. Көрнекті құралдарды пайдалануда балалардың жас ерекшелігін мұқият ескерген жөн.

  2. Оқушы байқаудың, қабылдаудың мақсатына айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісін қалай да түсінгені мақұл.

  3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір –бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдерімен үнемі байланыстырып отыруға, әр түрлі обьектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға. Көздеген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуға да қатты зер салу қажет.

  4. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда оқу материалының түрі, көлемі, ауыр –қиындығы еске алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.

3. Қарым‒қатынас туралы түсінік.

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым –қатынас жасайды. Бұл адаммен қызмет немесе оқу орнындағы, сондай –ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтар да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы щәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым –қатынасқа түседі.

Шартты және байланысты топтар –әлеуметтік-психологиялық топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мәселен, жас ерекшеліктеріне , жынысына , ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Дегенмен , олар белгілі бір ерекшеліктеріне қарай осы топтық қатынаста тұрады. Байланысты топ –белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат –мүдделерің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен ,бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы –мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтының ерекше атап көрсетіп, оларды мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратыңдығына мән береді.

А) дифорузиялық топ –бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым –қатынас топтың негізгі іс –әрекетіне байланыссыз –ақ жүзеге асады;

Б) ассоциация –бұл күрделі топ, топтың іс –әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым –қатынас жандана бермек;

В) корпорация, мұнда жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізінде дами бермек;

Г) ұжым –топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұңда топ ішіндегі қарым –қатынас жалпы мақсатты іс –әрекеттер арқылы жүзеге асып. Әрбір адамның қоғамдық мақсат мүддесімен ұштасып жатады.