- •1.Жас ерекшелік психологиясының пәні ,ерекшелігі.
- •2.Балалардың қабылдауын дамыту.
- •3. Қарым‒қатынас туралы түсінік.
- •4.Психология пәнінің маңызы мен міндеттері.
- •5.Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары .
- •6.Қабілет ,оның түрлері және дамыту жолдары .
- •10.Темперамент,балалар темпераментінің түрлері.
- •7.Эмоциялар мен сезімдер, оларды дамыту.
- •8.Іс‒әрекет және жеке адам.
- •9.Түйсік ,оның түрлері .Балалардың түйсігін дамыту.
4.Психология пәнінің маңызы мен міндеттері.
Ғылым ретінде психологияның міндеті –психикалық өмірдің негізгі зандарың зерттеу. Бұл заңдарды білу әр бір адамға қажет. Психологияны зер салып зерттеген адамның қай –қайсысы болса да өзінің күшті және осал жақтарын көре біледі, өзін –өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерің жетілдіруге, кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады. Психологияны уйреніп білу –адамға еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой –әрекетін жақсы түсінуге, еске сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және басқа қоғамдық ғылымдарды зерттеп білуде психологияның манызы зор. Балалардың психикалық ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымның жеке салаларыда болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, бала және педагогикалық психологияны білудің маңызы зор. Педагогикалық психология оқу –тәрбие жұмысы процесінде балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады. Ол оқушыларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын зерттейді.
5.Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары .
Бала тілінің шығуы ,осының нәтижесінде оның айналасындағылармен пікірлесе алуы мінез бітістерінің іргетасын қалауында ерекше маңыз алады.Мәселен ,бала біртіндеп «жаман», «болады», «болмайды» деген ұғымдардың мәнің түсіне бастайды.Осы ұғымдардың ішкі мәнің түсіну арқылы балада мінез құлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік,ұстамдылық) алғашқы нышаны қалыптасады.Балалардың мінез ‒құлқын тәрбиелеуде отбасы мен мектептің алатын орны ерекше .Баланы кішкентай кезінен алға қойған міндеттерін жүзеге асыра алатын кішіпейіл т.б жақсы қасиеттерге тәрбиелеп ,өзін басөадан жоғары ұстайтын ,мақтаншақ ,бұзақы т.б жаман мінездерден жиірендіріп отырған жөн.
Мектеп ‒бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын.Мектептік өмір балалардың мінез құлқының қалыптасуында шешуші рол атқарады.Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет‒олардың жан жақты болып өсуін қадағалау ,дамыту.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді.Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету ,яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады.Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатыңдығы ,бұларды қалайша тәрбиелеу қажеті түсіндіріледі.Бала мінезін тәрбиелеуде жанұяның ,ұжымның ,ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны ерекше .Балалардың мінезін тәрбиелеуде оларды мектептен тыс өткізілетін жұмыстарға және әр түрлі ғылыми үйірмелерге қатыстыру айтарлықтай жәрдем береді.
6.Қабілет ,оның түрлері және дамыту жолдары .
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы , сезім мүшелермен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес , дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан , адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып , байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен , қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен – қарқынды не бәсен қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалығынан , уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және тағы басқа яғни Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді. Мидің қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой , зейін шоғырландыру , жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруінің , сана жұмысымен шаршамай , мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Қабілеттілік – адамдардағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Адамның ақыл ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.
Арнаулы қабілет іс әрекеттің жеке салаларында ғана көрінетін қабілет.
Қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік нышан.
Нышанның табиғи негізі жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы милиардтаған жасушаның қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы.
Қабілеттіліктің жоғары деңгейде көрінуін талант деп атайды.
Таланат бір әрекетті шығармашылықпен орындау.
Дарындылық адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілеті жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жүргізетін жұмыстардың бірі оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру.
