Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология тест.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Кб
Скачать
☆

7.Эмоциялар мен сезімдер, оларды дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциаларының басты ерекшелігі тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары аса сезімтал, эмоциалы болып келеді.

Интелектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырмаса, оның эмоциасы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін.

Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі балаларды өз эмоциаларын басқара алуға, өзінің аффектерін тежей білуге дағдыландыру.

Балада отанды, туған елін сүю сезімдері көріне бастайды. Балада сыныптан сыныпқа көшкен сайын адамгершілік шеңбер кеңейе түседі.

Ұжым балаларда борыш, жауапкершілік, ар ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені ұжым мүддесіне бағындыра алу ең тамаша қасиет.

Бастауыш сынып оқушыларында ұялу сезімдері де одан ірә жетіле түседі. Ұялу баланы жағымсыз іс әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім.

Баланың интелектік сезімдері бір сабақты басқасынан жақсы көріп, көбірек қызығып оқиды да, мұндағы өзінің табысына рахаттанады.

Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуға сурет сабағына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланған дұрыс. Бала құбылыстар мен заттардың өзіне тән типтік белгілерін: пішінін, көлемін, түсін нендей материалдан істелгенін білу арқылы өмір әсемдігін көре біледі.

8.Іс‒әрекет және жеке адам.

Адам жеке бір қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысады. Оның азды көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән өзгешеліктері болады.

Адамның қоғамдық және саналы сипатта болатын іс әрекетерінің нәтижесі белгілі бір өнім болып табылады. Адам өзінің өндіргенінің үлкен бөлігін өзі үшін өндірмейді, қоғам үшін өндіреді.

Адамның жеке басының қасиеттері іс әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді; ол өзіне пайдалы немесе зиянды сапалар көрсетеді.

Ойлау әрекеті жеке адамның ақыл қасиеттерін сипаттайды

9.Түйсік ,оның түрлері .Балалардың түйсігін дамыту.

Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп,оның миымызда бейнелеуін түйсік деп аталады.Түйсік біздің айналамызда,ішкі жан дүниемізде не болып жатқаның хабарлап отыратын қарапайым психикалық процес.Түйсік басқа психикалық процестерге,қабылдауға,есте сақтауға ,ойлауға ,қиялға материал береді.Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.

Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады.:

1.Біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар) жатады.Бұл латын тілінен шыққан «сыртқы қабылдаушы».Бұған көру,есту,иіс сезу,дәм,тері және сипап сезу түйсіктері жатады.

2.Рецепторларды ішкі ағзалардағы сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер(интероцепторлар)кіреді.Ішкі қабылдаушы

10.Темперамент,балалар темпераментінің түрлері.

Темперамент дегеніміз жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.

Темперамент ағзаның физологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттері мен шарттас психикалық құбылыс.

Темперамент жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі.

Түрлері: Хлорик ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, ерекшелігі күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, белсенді.

Сангвиник ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең. Ерекшелігі ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, оптимист.

Флегматик жүйке жүйесі күшті, тежелу басым, қозғалысы баяу. Ерекшелігі өте сақ, байсалды, жақсылық тілейді, бір қалыпты.

Меланхолик жүйке жүйесі әлсіз адамдар. Ерекшелігі өкпелегіш, пессимист, тұйыұ, сөзге сараң, баяу.

Темперамент тәрбиелеуде баланың ерік жігерін, мінез бітістерін, мінез эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс.

Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерден әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отырғанын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәрбиесіне, тәлім тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгертулерге түсетіндігін ылғи да есте ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет.