Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биказак тили билет жауабы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.

Дауысты дыбыстарды оқыту әдістемесі. Дауысты дыбыстардан білім беру бастауыш сыныпта алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Ол үшін дауысты дыбыстарды жеке сөзден, сөйлем ішіндегі сөздерден тапқызып, әуелі астын сыздырады да, соңынан дауыстылар тақтаға бөлек топталып жазылады. Дауыстының анықтамасы беріледі, оның дұрыстығына көз жеткізу үшін әр дауысты дыбысты оқушылар жеке де, хормен де айтатын болады. Бұл жолы оның ауыз қуысында кедергісіз еркін шығатындығы, сондықтан да ұзақ айтуға болатындығына тәжірибе жасалады.

Бұдан соң дауыстылардың іштей қанша түрге бөлетіні сұралады. Оқушы жауап береді. Соңынан оларға қосымша мынандай сұрақ қояды. «Дауысты дыбыстар неге әр түрлі болып айтылады?», «Оның себебі неде?», «Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?». Бірінші сұраққа оқушылар жауап бере алмауы мүмкін. Бірақ бұл сұрақ оларды ойландырады, себебін білуге құмартады. Сол кезде мұғалім оның әр түрлі болу себебін өзі түсіндіреді. Бұл үшін сөйлеу мүшелерін естеріне салып, дауысты дыбыстың әр түрлі айтылуына тілдің, еріннің, жақтың қызметтері себеп болатындығын, сондықтан оларды үш топқа бөлетінін хабарлап, терминдерін естеріне түсіреді.

Жуан және жіңішке дауыстыларды оқыту. Бұларға түсінік бергенде, мұғалім жеке дыбыстардың өзін топтап кестеге түсіре салмай, әуелі тақтаға бірнеше сөз жазады немесе көрнекі құралға жазып әкеледі де, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылып тұрғанын ауызша айтқызады және себебі сұралады. Оқушы бұл сөздердің жуан жіңішке айтылуы дауысты дыбысқа байланысты деп жауап беруі мүмкін. Егер ондай жауап болмаса, мұғалім өзі айтып, дауыстылардың астын сызғызады.

Тақтадағыны оқушылар дәптерлеріне мына түрде жазып алады:

жуан сөздер жіңішке сөздер

қар, құр, саз, сыз, көр, төр, сөз, сіз

тұр, тар, сөз тұр, тер

Бұдан соң дауыстылардың асты сызылып, тек дауыстылар жазылады:

Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар

а, ұ, ы, о ө, і, ү, е

Бұл амал дауысты дыбыстарды табиғи жағдайда (сөз құрамында) тұрғанда, байқату әдісімен жүзеге асады.

Бірақ оқушылар бір дауыстының жуан, екіншісінің жіңішке айтылу себебін білмейді. Оның себебі тілдің қызметіне, қозғалысына байланысты екенін мұғалім айтып түсіндіреді. Бұдан мағлұмат алып болғаннан кейін, әр дауыстыны оқушы әуелі іштей айтып, тілінің қозғалу қалпына бақылау жасайды. Ол үшін жуан-жіңішке дыбыстар салыстырылып айтылу керек. Мысалы: а – ә, о – ө, ұ – ү, ы – і т.б. Бұған біраз уақыт беріледі, содан біртіндеп сұрай бастайды. Оқушы өзінің байқағанын айтуға тиісті. А дыбысын айтқанда, тіл артқа тартылып, соңғы жағы дөңістенеді; ә-ні айтқанда, керісінше, тіл ілгері жылжып, соңғы жағы тегістеледі т.б.

Бұдан соң мұғалім жіңішке дауыстыларды оқушыларға хормен айтқызады. Ол үшін мұғалім: «әр дауыстыны дұрыс әрі ашық айтуға тырысыңдар» деп ескерту жасайды. Бұл оқушының дыбысты анық айтуына мүмкіндік береді.

Ең соңында жуан және жіңішке дауыстыларға арнап, тақтаға кесте сызылады, оны оқушы өзі байқай отырып толтырады. Алғашқы екі дыбысты мұғалім көрсетіп береді.

Жуан

А

Жіңішке

Ә

Ол үшін тақтаның бір жағында дауысты дыбыстар түгел жазылып тұруы керек. Әйтпесе оқушы дауыстыны түгел естеріне түсіре алмай уақыт жіберіп алуы мүмкін. Бұл кестені бір оқушы тақтаға жазады, қалғандары орындарында отырып орындайды. Кесте толтырып біткеннен кейін, жуан дауыстылар бір бөлек, жіңішке дауыстылар бір бөлек айтқызылады. Жаттығу жұмыстарынла бір буынды сөздерді оқушыларға таптыртады.

ЖУАН

  1. Ақ-ық-оқ-ұқ; аз-ыс-он-ұл; ай-ыз-оз-ұн; ат-ым-ой; аш-ық-ол; ар-ұр-ор.

_____________________________________________________________

ЖІҢІШКЕ

  1. Үн-ін-ен-өн; үк-іс-ем-ор; үш-іш-ең-ес; үз-іл-ес-ел; и(і+й)-еш-ек;

үй-із-ек-өт-өш-өз.

Сонымен дауыстылардың жуан және жіңішке түрлерін меңгертуде мына сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады: байқату; тәжірибе; кітаппен жұмыс істеу; салыстыру; кесте арқылы топтау; жаттығу, мұның өзінде сөздігін дамыту.

Еріндік және езулік дауыстылар. Бұл тақырыпты өткендеғ жуан және жіңішке дауысты жайында алған білімдері баспалдақ болады. Ол үшін бірнеше сөз не сөйлем алынып, дауыстыралы анықталады да, еріндік және езулік жөнінде не білетіндігі сұралады. Сөйлеу мүшелерінің бірі еріннің атқаратын қызметі естеріне түсіріледі. Оқушы жауабын негізге ала отырып, еріннің қатысқан және қатыспағанына тәжірибе жасалады. Оған сол сөздерден алынған дауыстыларды жеке-жеке айтқызып, ерін қалпын байқатады. А – о, ә – ө, ы –ү , и – у.

Бұдан соң қайсысы еріндік, қайсысы езулік дауысты екені ауызша талданып, қорытындысы кестеге түсіріледі.

Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар

қатысқан сөздер қатысқан сөздер

қон жан

көн кен

су жыл

күн тіл

бұл ки

Ең соңында кесте толтырылады.

Еріндік

О

Ұ

Езулік

А

Ы

Біраз жаттығу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, жеке дауыстыдарға талдау жасалады:

а жуан ө жуан

езулік еріндік

ұ жіңішке і жіңішке

еріндік езулік

Ол аяқталған соң күрделірек кестенің үлгісі беріледі:

Тілдің қызметіне қарай

Еріннің қызметіне қарай

Жуан

жіңішке

Еріндік

А

Ө

Езулік

О

Ә

Бұл кестені де оқушылардың өздері толтыру қажет. Мұғалім өзі жасаған кесте ең соңында ілінгені дұрыс. Бұл оқушылардың жұмыс істеуіне жағдай туғызып, сапалы орындауына мүмкіндік береді.

Ашық және қысаң дауыстылар. Бұл тақырыпты өткенде, дауыстылардың жуан, жіңішке, еріндік және езулік түрлері нақты мысалдармен талдатылады. Содан соң ашық және қысаң туралы сұралады. Оқушылар дауыстының ашық я қысаң екендігін бірден меңгеруі қиын. Сол үшін тәжірибе жасалады. Әр оқушы иегінің астына қолының сыртын қойып, дауыстыларды айтып көреді. Егер ашық дауысты босла, иек қолды төмен итереді, қысаң болса, қол сырты бір қалыпта қалады. Тұтас сөз: қол, жұл, бар, бір, әл, ыс.

Екі буынды сөздер: 1) бірыңғай ашық: бала, әсем; 2) бірыңғай қысаң; қымыз, кісі, түрлі, тұрмыс; 3) аралас: отын қыран, көмір, сырға, тілек

Ашық дауыстылар қатысқан сөздер

Қысаң дауыстылар қатысқан сөздер

Қол

Жұл

Бар

Бір

Әл

ыс

Біраз жаттығу жұмысы жүргізілгеннен кейін кесте үлгісі беріледі:

Ашық дауыстылыр

ы

Қысаң дауыстылар

ы

А

Жуан

О

Жуан

Айырмасы

езулік-еріндік

Езулік

Еріндік

Ашық

Ашық

Ә

Жіңішке

Ү

Жіңішке

езулік-еріндік

ашық-қысаң

Езулік

Еріндік

Ашық

Қысаң

Е

Жіңішке

Ұ

Жуан

үш қасиеті

Езулік

Еріндік

Ашық

Қысаң

Ең соңында жинақтау кестесі толтырылады.

2-билет. 1. Жай сөйлемнің грамматикалық белгілері,түрлері.

Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;

Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:

Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;

Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.

Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;

сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;

сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;

сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: “Студент оқып жүр”. “Марат — студент”. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы — сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: “Біздің ауыл”. “Қала көшесі”. “Таң атып келеді”. “Күн батып бара жатыр”. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, атаулы.

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

1.Болымды, болымсыз сөйлемдер.

2.Жақты және жақсыз сөйлемдер.

3.Толымды және толымсыз сөйлемдер.

4.Атаулы сөйлемдер.

5.Бір негізді, екі негізді сөйлемдер.

6.Күрделенген сөйлемдер.

7.Қыстырынды сөйлемдер.

Байтұрсынов А.: Болымды сөйлемдер. Не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп аталады. Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар.

Не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз сөйлем деп аталады. Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды.

Тұрлаулы мүшелері бар сөйлем толымды деп аталады. Өлген келмес, өшкен жанбас. Тұрлаулы мүшесінің біреу не екеуі де жоқ болса, сөйлем толымсыз деп аталады. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деп аталады. Ел қонды.

Тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма деп аталады. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

Ж а қ т ы сөйлемдер. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады. Олардың бастауыштары баяндауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

1. Ұзақ ойға қатысты болып, өзара мағыналық байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде қайталанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады. Мысалы: Сүйіндіктерге қарсы Құнанбай бар тобымен келген жоқ. Жылқыдан бері қарай біраз шыққан соң, өз қасындағы көп аттыны кейін қайтарып жіберді. (М.Ә) Құнанбай - ортақ бастауыш.

2.Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштыө тұлғадан айқын болып тұрғанда, әсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды. Қыстауымызға келе жатыр ек. (М.Ә). Біз бастауышын баяндауыш арқылы тауып алуға болады.

Ж а л п ы л а м а жақты сөйлем. Бас мүшесі белгілі бір жақтық тұлғада тұрғанымен, сөйлем семантикасы жалпыланған жақтық мәнді білдіретін, соған сай іс-әрекет үш жаққа тән боп көрінетін бір негізді сөйлем түрін жалпылама жақты сөйлем дейміз. Олар мынадай жолдармен жасалады:

1. 2-жақтық жіктік жалғауы арқылы: Не үшін келдің, не ұшін кеттің, не бітіріп кеттің. Тұңғиық.

2. Жалпылама жақты сөйлем 1-жақта да жасалады деп есептейтін ғалымдардың пікірінше, мақал-мәтелдер, афоризмдер 1-жақтық жекелік тұлғасында және ауыспалы мәндегі кқптік тұлғада жалпылық мәнге ие болады. Мұнан да жаман кезімде тойға барғанмын.

3.Жалпылама жақты сөйлем мақал-мәтелдердің, афоризмдердің 3-жақтық тұлғаларында да байқалады. Көре-көре көсем болады…

Б е л г і с і з жақты сөйлем. Бас мүшесі 3-жақтық тұлғада келіп, іс-әрекеттің иесі белгісіз жақ болатын, тек іс-әрекеттің орындалуы жайында хабар білдіру мақсатын көздейтін бір құрамды сөйлем түрін белгісіз жақты сөйлем дейміз. Жиылыста Омбы мен Қызылжарды большевик билеп алғанын хабарлады. Ол жақта жылқының етін жемейді. Сөйлемдегі іс-әрекеттің иесі болатын жақ тек логикалық ыңғайда ғана бөгде бір белгісіз жақ болып түсініледі. (Мүс.)

Ж а қ с ы з с ө й л е м. Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлемдер деп аталады. Олардың баяндауыштары былай жасалады:

1. –у, мақ жұрнақты тұйық райлы қимыл есімі мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлем жақсыз болады: Бұл жұмысты тез қолға алу керек.

2. 2. Барыс септікті тұйық райлы етістікке, есімше, көсемше тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады. Мұндай жағдайларды көп кездестіруге болады. Қамарға кінә қойып болмайды.

3. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін, мүмкін емес сөзі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады: Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді.

4. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің негізгі сөзі келер шақтық есімше (р, ар, ер) болып, одан кейін сұрайлы –ма, ме шылауы мен көмекші –е, ді етістігі айтылып та жақсыз сөйлем жасалады. Па, шіркін! Мына атқа мінер ме еді?

5. Кұрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық райлы тұлғалы етістіктен кейін тура келу көмекшісі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады: Сендермен хош айтысуға тура келіп тұр.

6. Менің инженер болғым келеді дегенде ілік жалғаулы сөздер мен болғым келеді көмекші етістіктері арқылы да жасалады.

Қазақ грамматикасында жақсыз сөйлемді жанама жақты сөйлемдер деп атайды.

Т о л ы м д ы сөйлемдер. Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып, кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. Сүйіндік сөзінен соң ұйлығып қалған Бөкенші, Борсақтар үндемеді. Мұнда ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылған. Сондықтан мұндай сөйлемдер толымды деп аталады.

Т о л ы м с ы з сөйлемдер. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады. Бұл сөз одан әрі өрбіген жоқ. Қай сөз екені белгісіз….

С.Аманжолов: “Біреулер сөйлемде сөйлемнің бес мүшелері болса, толымды болады дейді. Ал егер сол бес мүшенің біреуі жоқ болса, толымсыз болады деген пікірлер бар. Кейбіреулер бастауыш, баяндауыштың біреуі жоқ болса, толымсыз дейді. Бұл – ең тиянақты пікір. Шынында, негізгі критерий тұрлаусыз мүшенің болмауына байланысты емес. Негізгі критерий мүшенің біреуінің көрінеуде жоқ болуына байланысты. Бірақ олардың орны даяр тұрып, тек айтылмай қалып, сұрау қойғанда, шыға келетін болу керек.”

А т а у л ы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелер жоқ. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады. Жаз. Тымырсық ыстық. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады.

С.Аманжолов атаулы сөйлемді мағынасына, құрылысына қарай 3-ке бөледі: 1. Жай зат атауы. Қазақстан. Алматы. 2. Меншікті атау. (көбінесе газет, журнал, кітап аттары). “Қазақ әдебиеті”. 3. Әліптемелі атау (суреттеу, зат атауы). Егіс даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.

Әмір: 1.Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған ай. 2. Эмоция атаулы сөйлемдер Күлуін! 3.Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Өркенің өскір!

Б і р н е г і з д і жай сөйлемдер. Сөйлемнің басты белгілерінің бірі – предикативтік қатынас сөйлемдегі бас мүшелердің өзара қатынасына негізделетіні белгілі. Сөйлем үнемі екі бас мүшенің грамматикалық қатынасна құрала бермей, предикативтік мағынаны логикалық ыңғайда тұтастай білдіретін бір ғана бас мүшелік құрылым арқылы да беріле алады. Атпа! Тарт былай!

Бір негізді сөйлемдер деп грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүше құрылымда келіп, субъектілік бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз. Бір негізді жай сөйлемдер ондағы субъекті мәнінің берілісіне қарай: 1) белгілі жақты, 2) жалпылама жақты, 3) белгісіз жақты, 4) жанама (жақсыз) жақты деп бөлінеді. Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемді құрушы негіз мүшелер болғандықтан, олар екі негізді жай сөйлем деп аталады. Күн суытты. Асқар келді.

К ү р д е л е н г е н жай сөйлемдер. Сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан да күрделі ой туғызады. Бұлар бір-бірінен синтаксистік тәсілдері және іштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Ауылдан бүгін ертелеп келген Асқар Ботакөзбен жолығу үшін оның үйіне кетті.

Көсемше оралым – бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым. Оралым құрамындағы көсемше екі түрлы қызмет атқарады. Біріншіден, есімді, етістікті сөздерді өзіне бағындырып, ұйымдастырушы тірек сөз орнында тұрса, екіншіден, тиянақсыз формасы арқылы оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып тұрады. Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолаға аттанбақ. Көсемше амал пысықтауыштық қызметінде жұмсалған.

Сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай есімше бірде атрибуттық мәнге ие болса, бірде жай сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалады. Есімше оралым – күрделенген сөйлемнің тәуелді бөлшегі.Әйгерім Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз жылауда еді. Мезгілдік мәнде құрылған.

Қ ы с т ы р м а сөйлемдер. Қыстырма арқылы сөйлемде берілген ойға сөйлеушінің қатынасы беріледі, олар модальдықтың лексика-грамматикалық тәсілі болып табылады. Ол қатынас әр қилы болады: сөйлеуші өз айтқанына күмәнданатындығын немесе сенетіндігін білдіре алады немесе айтқан ойына байланысты өкінішін, ренішін, қуанышын т.б. білдіреді.

Қыстырма құрылымдар сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі бола алмайды.

Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін мағыналарына қарай мынадай топтарға бөлеміз:

1. Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырмалар: бақытымызға қарай, өкінішке қарай, бір ғажабы т.б.

2. Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін қыстырмалар: әрине, шынында, рас, сөз жоқ, мүмкін, кім біледі т.б.

3. Айтылған ойға басұаның не айтушының пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырмалар: біздіңше, сіздіңше, біреудің сөзіне қарағанда (қарттардың айтуына қарағанда).

4. Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіретін қыстырмалар: сөйтіп, не дегенмен, сонымен, біріншіден, бір жағынан т.б.

Қыстырмалар сөйлем тұлғалас та болып келеді.

1. Айтылған пікірге тірек, дәлел, әсерлілік өң беретін қыстырма сөйлемдер негізгі сөйлемге дегендей сөзі арқылы телінеді. Мұндай қыстырма ретінде көбінесе мақао-мәтелдер. Елеулі кісінің сөзі енгізіледі. Ер ді намыс өлтіреді дегендей…

2. Қыстырма сөйлемдердің бір тобы баяндалған оқиға барысындағы қимылдың қалайша болудағы себебінің жорамалын білдіріп тұрады. Бұлар ма, ме демеуліктері етістік не есім сөздермен тіркесе қолданылады. Кітаптың қызығына түскендіктен бе, немесе әкесін күткендіктен бе, оның отырысы бұл жолы ұзаққы созылды.

Айтушының көзқарасындағы топшылау. Жорамалдау кім біледі, ойлады білем, неге екені белгісіз тәріздес модаль сөздері бар қыстырмалар арқылы білінеді. Неге екені белгісіз, Әлібекті үлкен үйге ас алдында ғана шақырды.

3. Енді бір қыстырмалар айтушы адамның не басқа біреудің өзіндің ой-пікірін, бір нәрсе жайындағы көзқарасын аңғартып тұрады. Шоқанның да бала жастан байқауынша, Бутковский – орыс армиясының мундиріне жан жүрегімен берілген кісі.

Қыстырынды құрылымдар. Бқлар кұрделенген сөйлемнің бір түрі ретінде танылады. Олар түсіндірмелі, нақтылаушы, сілтемелік, толықтырушы болып бөлінеді.

Түсіндірмелі қыстырынды құрылымдар негізгі ойға қосымша түсініктеме беріп тұрады. Ендігі жерде әр азамат өзі тұрған жерде тіркеуде (регистрация) болады.

Нақтылаушы қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемді нақтылай түсетін, талдаушы мәнді орындайды. Мағжан қазақтың бұрынғы ақындарының (Абай, Ахмет, Міржақыптың) ізін қуып, халықты өнер-білімге шақырды.

Сілтемелік түріне еңбектің авторын, оның атын, шыққан жылын көрсететін құрылымдар жатады. Толықтырушы қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемге қосымша хабарлама береді. Бұл кісінің баяндамасында сүйсінерлік жердер болды (ол есімше және көсемше ертеде УІІ-ХУШ ғасырлардың өзінде қалыптасқан тарихи әрі грамматикалық категория дер, тарихи тұрғыда дәлелдейді).

(Қосымша ретінде)

Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты жәнежақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4)атаулы сөйлем.

 Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.

 Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.

Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен

жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.

 2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауыш болады.

 Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем

жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

 Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы:

Баланың білген үстіне біле түскісі келді.

 2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

 3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмайайтып беруі мүмкін.

 4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оның мінезін түсініп болмайды.

 5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

 Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем

жалаң және жайылма болып бөлінеді.

 Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш

пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатыр. Жағасы – бал-құрақ. Аты жүйрік екен.

 Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

 Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлемтолымды және толымсыз болып бөлінеді.

 Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

 Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

 Атыңды сатамысың? – Сатамын.

–Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауынбілдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы:Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.