- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Қазақ тіліне тән дауысыз дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз.
Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.
5. Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
- тіл ортасы: г, к;
- тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.
8. Діріл дауыссыз
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз.
Ол р дыбысы болып табылады.
5-билет. 1.Буын. Буынның түрлері. Тасымал. Екпін.
Буын — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі.
Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң — үндестік заңы (сингармонизм). Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
Буын— бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады: дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; дененің кеңістіктегі орын алмастыру (локомоция) мүшесі болып табылады. Әрбір буында буындасатын сүйектердің буын беттері; буын қылшықтары және буын қуыстары болады. Буын қапшықтарын 2 қабат қоршап тұрады. Оның ішкі қабатынан буын сары суы бөлініп шығады да, ол Буын аралығын сылап, қозғалуын жеңілдетеді. Буын қапшығының сыртында болатын сіңірлер сүйектерді берік жалғастырып тұрады әрі мүшені белгілі бір бағытпен қозғалтады. Пішіні жағынан Буын беттерін геометириялық айналу денелері ретінде (мысалы, бір осьті айнала қозғалатын цилиндр, екі осьті эллипс, үш және одан көп осьті айнала қозғалатын шар) қарастыруға болады. Осының нәтижесінде осьтер арқылы Буындарда көптеген қозғалыс түрлері орындалады. Мысалы, бүгілу, жазылу, жақындату, қашықтату, айналу, т.б. Адам денесіндегі Буынды және буын ауруларын зерттейтін медицина салаларын артрология, синдесмология деп атайды.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т. б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б.
Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.
Екпін 1) сөз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпіні болып бөлінеді.
Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.
Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.
Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар - ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т. б.
Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.
Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама - ша - а, жара - а - йсың, т. б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр - р - р, тоқт - тат, ж - жап есікті, т. б.
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – ғылыми пән ретінде. Оның басқа ғылымдармен байланысы. Мақсат, міндеттері.
Қазақ тілі әдістемесі - ғылыми пән
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып қалыптасады.Ғылымның алуан түрі бар.Соның бірі-қазақ тілін оқыту әдістемесі. Қазақ тілі әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен ,оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады?- деген мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ, қазақ тілінің оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады.Отанына шын берілген патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білім,тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды,қазақ тілін тиімді оқыта отырып,өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген,мектеп тәжірбиесінен сыналған ең тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруіне көмектеседі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика,логика,педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты объектісі оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені, мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар-әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме жетіліп,байып отырады.Мектепте оқылатын қазақ тілі курсы лингвистика ғылымына жаңадан енген теориялар және тілдік фактілер арқылы дамуда.Мысалы;соңғы кездерде қазақ тілі бағдарламасына да,соған лайық оқулықтарға да елеулі жаңалықтар енді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдына үлкен міндеттер қойылды.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Қазіргі педагогика,психология,логика ғылымдарының соңғы жаңалықтарына шолу жасай келіп,қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты ерекшеліктерін мына мәселелердің төңірегінде қарастыруға болады; әдістемелік зерттеу жұмыстары жетілдіріліп,олар кең өріс алуда, эксперименттік,бақылау жұмыстары көптеп жүргізілуде,мектеп тәжірибесі жан-жақты зерттелініп, жаңа факті, дәлелдермен байытылуда,сондай-ақ , жалпы әдістеме ғылымындағы жетістіктерді, іс-тәжірибелерді пайдаланып келеміз,атап айтқанда,оқушылар үлгеріміндегі басты кемшіліктер,оны жоюдың нақты жолдары қарастырылуда.Сондай-ақ мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін мұқият бақылай, зерттей отырып, әдістеме ғылымының жаңалықтарынан,әсіресе қазіргі сабаққа қойылатын талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болып, өсіп отыруын негізгі мәселелердің бірі деп санау керек. Яғни,қазақ тілі білімі мен оның әдістемесін тығыз байланыста қарау мұғалімдердің жан-жақты шығармашылық ізденістерін дамыту,ой туғызу,көмектесіп, бағыт беру қазіргі заманауи мектеп талаптарына сай негізгі мәселелердің бірі болып есептеледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру процесі әлі жалғасып келеді. Өйткені, әдістеме озат мұғалімдер тәжірибелерімен толығып кеңейіп,байып отырады.Әдістемедегі қолданылып келген кейбір ереже, анықтама, түсініктер,терминдер нақтыланып,жетілдіріліп,дамытылып отырылады.
3. 3. Фонетикалық талдау әдістемесі
V. Фонетикалық талдау жасау.
Оқулықта берілген фонетикалық талдауды негізге ала отырып, оқушылар берілген сөздерге фонетикалық талдау жасайды. Әр топқа әр түрлі сөздер беріледі. Дайындыққа 4 минут уақыт. Содан кейін оқушылар жауап үлгісі бойынша бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
1-топ: мамандық; 2-топ: заңгер; 3-топ: шөбере.
Жауап үлгісі
1-топ
Ма-ман-дық – үш буынды, 1-ашық, 2,3-бітеу буындар
м – дауыссыз, үнді;
а – дауысты, езулік, ашық, жуан;
н – дауыссыз, үнді;
д – дауыссыз, ұяң;
ы – дауысты, езулік, қысаң, жуан;
қ – дауыссыз, қатаң.
Жауап үлгісі
2-топ
Заң-гер – екі буынды, 2,3-бітеу буындар
з – дауыссыз, ұяң;
а – дауысты, езулік, ашық, жуан;
ң – дауыссыз, үнді;
г – дауыссыз, ұяң;
е – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р – дауыссыз, үнді.
Жауап үлгісі
1-топ
Шө-бе-ре – үш буынды, 1, 2,3-ашық буындар
ш – дауыссыз, қатаң;
ө – дауысты, еріндік, ашық, жіңішке;
б – дауыссыз, ұяң;
е – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р – дауыссыз, үнді.
№6 билет. 1. Фонетика нені зерттейді. Фонетиканың қарастыратын нысандарына қысқаша шолу. Дауысты дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі.
Фонетика - (грек. дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады. Қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан. Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді. 1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі – оның құрамында 12 дыбыс бар. 2) дауыссыз дыбыстар тобы – оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар. Дауысты дыбыстар (Вокализм) — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады.Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жіңішкеболып бөлінеді.
• Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.
• Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.
• Ашық дауыстылар— тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
• Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
• Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, у, у, (у).
• Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и.
2. Оқу жұмысын ұйымдастыру формасы-сабақ, сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар,себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты,мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді,оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі «орташа» оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
3.Сабақ түрлері мен типтерін талдау.
Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Қазақ тілінен өтілетін сабақтарды төмендегідей жіктеуге болады:
Теориялық білімді меңгерту сабақтары:
а) Жаңа сабақ-Оқушыларға жаңа теориялық білім береді.Жаңа құбылыстарды тану арқылы оқушылардың ой-өрісі,білім аясы,дүниеге көзқарасы және жалпы білім дәрежесі кеңейеді.
ә) Біріккен сабақ-Сабақта жаңа білім беру элементі мен өткен сабақты бекіту элементі болады.Біріккен сабақ жаңа материалдарға да байланысты жаттығу жұмыстар жүргізіледі,осылар арқылы қайталап пысықталады.
б) Лекция сабағы-теорияны меңгерту үшін сабаққа пайдаланады.
Лекция-мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсінуі,оқушы алдында баяндама жасауы арнайы тақырыпқа хабарлама беру дегенді білдіреді.
Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары:
а) Бекіту сабағы-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауға үлкен қызмет атқарады.
ә) Семинар сабағы-оқушылар білімін тереңдету мақсатында жүргізіледі.Білім мен біліктілікті және дағдыны толықтыра түсуі мақсатында жүргізілетін жұмыс түрі.
б)Пресс-конференция сабағы- оқушылардың іскерлігін танымдық белсенділігін арттыратын жұмыс түрі.
в)Тексеру сабағы-оқушылардың қазақ тілінен өткен тақырып қаншалықты меңгергендігі байқалады.Оқушылардың дағдыларын тексеру үшін өткізіледі.
г) Талдау сабағы- Оқушылардың ауызекі тіліндегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателіктерін арнайы талқылау үшін өткізіледі.
ғ) Сынақ сабақ-оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын тексерудің тиімді әрі қолайлы түрі.Біріншіден, оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен дағдысын тексеру мақсатында өткізілсе, екіншіден, өтілген тілдік материалдарды қайталау,жинақтау және қорыту бағытында жүргізіледі.
д) Қайталау сабағы- қазақ тілінен өткен материалдарын оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыс түрі.
№ 7 билет 1. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбір сөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіп жалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңының екі түрі бар: 1) буын үндестігі; 2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
1. Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)
2. Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)
3. Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)
-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)
-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)
-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)
