Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биказак тили билет жауабы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆

4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.

1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.

2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.

3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.

Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады: а) бағдар¬ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайда¬ланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны

Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.

Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.

3.Дауысты дыбыстарды оқыту әдістемесі,фонетикалық сатылай-кешенді талдау.

Дауысты дыбыстарды оқыту әдістемесі. Дауысты дыбыстардан білім беру бастауыш сыныпта алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Ол үшін дауысты дыбыстарды жеке сөзден, сөйлем ішіндегі сөздерден тапқызып, әуелі астын сыздырады да, соңынан дауыстылар тақтаға бөлек топталып жазылады. Дауыстының анықтамасы беріледі, оның дұрыстығына көз жеткізу үшін әр дауысты дыбысты оқушылар жеке де, хормен де айтатын болады. Бұл жолы оның ауыз қуысында кедергісіз еркін шығатындығы, сондықтан да ұзақ айтуға болатындығына тәжірибе жасалады.

Бұдан соң дауыстылардың іштей қанша түрге бөлетіні сұралады. Оқушы жауап береді. Соңынан оларға қосымша мынандай сұрақ қояды. «Дауысты дыбыстар неге әр түрлі болып айтылады?», «Оның себебі неде?», «Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?». Бірінші сұраққа оқушылар жауап бере алмауы мүмкін. Бірақ бұл сұрақ оларды ойландырады, себебін білуге құмартады. Сол кезде мұғалім оның әр түрлі болу себебін өзі түсіндіреді. Бұл үшін сөйлеу мүшелерін естеріне салып, дауысты дыбыстың әр түрлі айтылуына тілдің, еріннің, жақтың қызметтері себеп болатындығын, сондықтан оларды үш топқа бөлетінін хабарлап, терминдерін естеріне түсіреді.

Жуан және жіңішке дауыстыларды оқыту. Бұларға түсінік бергенде, мұғалім жеке дыбыстардың өзін топтап кестеге түсіре салмай, әуелі тақтаға бірнеше сөз жазады немесе көрнекі құралға жазып әкеледі де, қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылып тұрғанын ауызша айтқызады және себебі сұралады. Оқушы бұл сөздердің жуан жіңішке айтылуы дауысты дыбысқа байланысты деп жауап беруі мүмкін. Егер ондай жауап болмаса, мұғалім өзі айтып, дауыстылардың астын сызғызады.

Тақтадағыны оқушылар дәптерлеріне мына түрде жазып алады:

жуан сөздер жіңішке сөздер

қар, құр, саз, сыз, көр, төр, сөз, сіз

тұр, тар, сөз тұр, тер

Бұдан соң дауыстылардың асты сызылып, тек дауыстылар жазылады:

Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар

а, ұ, ы, о ө, і, ү, е

Бұл амал дауысты дыбыстарды табиғи жағдайда (сөз құрамында) тұрғанда, байқату әдісімен жүзеге асады.

Бірақ оқушылар бір дауыстының жуан, екіншісінің жіңішке айтылу себебін білмейді. Оның себебі тілдің қызметіне, қозғалысына байланысты екенін мұғалім айтып түсіндіреді. Бұдан мағлұмат алып болғаннан кейін, әр дауыстыны оқушы әуелі іштей айтып, тілінің қозғалу қалпына бақылау жасайды. Ол үшін жуан-жіңішке дыбыстар салыстырылып айтылу керек. Мысалы: а – ә, о – ө, ұ – ү, ы – і т.б. Бұған біраз уақыт беріледі, содан біртіндеп сұрай бастайды. Оқушы өзінің байқағанын айтуға тиісті. А дыбысын айтқанда, тіл артқа тартылып, соңғы жағы дөңістенеді; ә-ні айтқанда, керісінше, тіл ілгері жылжып, соңғы жағы тегістеледі т.б.

Бұдан соң мұғалім жіңішке дауыстыларды оқушыларға хормен айтқызады. Ол үшін мұғалім: «әр дауыстыны дұрыс әрі ашық айтуға тырысыңдар» деп ескерту жасайды. Бұл оқушының дыбысты анық айтуына мүмкіндік береді.

Ең соңында жуан және жіңішке дауыстыларға арнап, тақтаға кесте сызылады, оны оқушы өзі байқай отырып толтырады. Алғашқы екі дыбысты мұғалім көрсетіп береді.

Жуан а

Жіңішке ә

Ол үшін тақтаның бір жағында дауысты дыбыстар түгел жазылып тұруы керек. Әйтпесе оқушы дауыстыны түгел естеріне түсіре алмай уақыт жіберіп алуы мүмкін. Бұл кестені бір оқушы тақтаға жазады, қалғандары орындарында отырып орындайды. Кесте толтырып біткеннен кейін, жуан дауыстылар бір бөлек, жіңішке дауыстылар бір бөлек айтқызылады. Жаттығу жұмыстарынла бір буынды сөздерді оқушыларға таптыртады.

ЖУАН

1. Ақ-ық-оқ-ұқ; аз-ыс-он-ұл; ай-ыз-оз-ұн; ат-ым-ой; аш-ық-ол; ар-ұр-ор.

_____________________________________________________________

ЖІҢІШКЕ

2. Үн-ін-ен-өн; үк-іс-ем-ор; үш-іш-ең-ес; үз-іл-ес-ел; и(і+й)-еш-ек;

үй-із-ек-өт-өш-өз.

Сонымен дауыстылардың жуан және жіңішке түрлерін меңгертуде мына сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады: байқату; тәжірибе; кітаппен жұмыс істеу; салыстыру; кесте арқылы топтау; жаттығу, мұның өзінде сөздігін дамыту.

Еріндік және езулік дауыстылар. Бұл тақырыпты өткендеғ жуан және жіңішке дауысты жайында алған білімдері баспалдақ болады. Ол үшін бірнеше сөз не сөйлем алынып, дауыстыралы анықталады да, еріндік және езулік жөнінде не білетіндігі сұралады. Сөйлеу мүшелерінің бірі еріннің атқаратын қызметі естеріне түсіріледі. Оқушы жауабын негізге ала отырып, еріннің қатысқан және қатыспағанына тәжірибе жасалады. Оған сол сөздерден алынған дауыстыларды жеке-жеке айтқызып, ерін қалпын байқатады. А – о, ә – ө, ы –ү , и – у.

Бұдан соң қайсысы еріндік, қайсысы езулік дауысты екені ауызша талданып, қорытындысы кестеге түсіріледі.

Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар

қатысқан сөздер қатысқан сөздер

қон жан

көн кен

су жыл

күн тіл

бұл ки

Ең соңында кесте толтырылады.

Еріндік О Ұ

Езулік А Ы

Біраз жаттығу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, жеке дауыстыдарға талдау жасалады:

а жуан ө жуан

езулік еріндік

ұ жіңішке і жіңішке

еріндік езулік

Ол аяқталған соң күрделірек кестенің үлгісі беріледі:

Тілдің қызметіне қарай

Еріннің қызметіне қарай Жуан жіңішке

Еріндік А Ө

Езулік О Ә

Бұл кестені де оқушылардың өздері толтыру қажет. Мұғалім өзі жасаған кесте ең соңында ілінгені дұрыс. Бұл оқушылардың жұмыс істеуіне жағдай туғызып, сапалы орындауына мүмкіндік береді.

Ашық және қысаң дауыстылар. Бұл тақырыпты өткенде, дауыстылардың жуан, жіңішке, еріндік және езулік түрлері нақты мысалдармен талдатылады. Содан соң ашық және қысаң туралы сұралады. Оқушылар дауыстының ашық я қысаң екендігін бірден меңгеруі қиын. Сол үшін тәжірибе жасалады. Әр оқушы иегінің астына қолының сыртын қойып, дауыстыларды айтып көреді. Егер ашық дауысты босла, иек қолды төмен итереді, қысаң болса, қол сырты бір қалыпта қалады. Тұтас сөз: қол, жұл, бар, бір, әл, ыс.

Екі буынды сөздер: 1) бірыңғай ашық: бала, әсем; 2) бірыңғай қысаң; қымыз, кісі, түрлі, тұрмыс; 3) аралас: отын қыран, көмір, сырға, тілек

Ашық дауыстылар қатысқан сөздер Қысаң дауыстылар қатысқан сөздер

Қол Жұл

Бар Бір

Әл ыс

Біраз жаттығу жұмысы жүргізілгеннен кейін кесте үлгісі беріледі:

Ашық дауыстылыр ы

Қысаң дауыстылар ы

А Жуан

О Жуан Айырмасы

езулік-еріндік

Езулік Еріндік

Ашық Ашық

Ә Жіңішке

Ү Жіңішке езулік-еріндік

ашық-қысаң

Езулік Еріндік

Ашық Қысаң

Е Жіңішке

Ұ Жуан үш қасиеті

Езулік Еріндік

Ашық Қысаң

Ең соңында жинақтау кестесі толтырылады.

Фонетикалық материалдарды сатылай кешенді талдаудың әдістемелік жолдары

Сатылай кешенді талдау – оқушылардың тіл білімі салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан талдап, саралап меңгерудің ең қажетті құралы. Практикалық тұрғыдан жетік игерілмеген білім құр жаттандылыққа ұрындырады. Есте ұзақ сақталмайды. Тілдің әр саласынан өтілген материалдарды, ондағы грамматикалық тұлғалардың атқаратын қызметтерін, тыныс белгілердің қолдану ерекшеліктерін талдап, саралап жинақтап меңгерту сатылай комплесті талдау технологиясының бір белгісі болмақ.

Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдауды меңгеру арқылы оқушылар:

  • Тілдің әр саласы бойынша теориялық материалды ғылыми түрде терең меңгереді;

  • Әр сала бойынша сатылай кешенді талдаудың жүйесін басшылыққа ала отырып,

ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады;

  • Тілдік формалардың атқаратын қызметін, беретін грамматикалық мағыналарын

саналы түрде толық ажырата алады;

  • Тілдік талдау жүргізу барысында қажетті білімді еске түсіре отырып, пәнішілік

байланысты жүзеге асырады;

  • Талдау обьектісіне қажетті материал жинау үшін көркем шығармалардан

мысалдар жинап, оны сұрыптауға дағдыланады;

  • Жазба жұмыстарын сауатты жазуға, сөлемдерді стильдік тұрғыдан дұрыс әрі

көркем жазуға машықтанады.

Машықтанудың ерекшелігін Ж. Аймауытовтың мына бір тұжырымы арқылы дәлдесек: «Нағыз ұққан ойын бала жадына тоқып, өз мүлкі қылмақ. Шәкірт білімін еркімен билеп, керекті кезде жадына оңай келтіретін болса, алғашықы уақыттағыдай көп ойланып, қиындық көрмесе – білімді меңгеріп алғандықтың белгісі. Ондай меңгеріп алған білім жандағы бір үйреншікті, дағдылы әрнәрсе болып кетеді, бір мәселені шешкенде ілтифат күшін тілемей, көмегі тиіп отырады. Сондықтан бір істі тез, анық, оңай істеу үшін үрдіс мамандану керек. Әуелде қиын көрінген нәрсе машықтанумен ойланбақ. Машықтанып білім жаттықпайды. Машықтанбай, адам ілгері баса алмайды, жылдам оқуға, жылдам жазуға, есепті жылдам шығаруға, тіл ережесін жылдам қолдануға, сурет салуға, өлең айтуға қысқасы білімге болсын машықтанудың пайдасы күшті. Әрине, бала ұққан нәрсеге тез машықтанады, олай болса, әуелі ұқтыру қажет» . Тілдік талдауды сатылай кешенді түрде жүргізуге машықтанған оқушылар теориялық материалды баяндауға болсын талдау барысында болсын нақты тұжырымды сөйлеуге, сауатты жазып, тілдік тұлғалардың атқаратын қызметін анықтауда ізденімпаздыққа ұмтылады. Ол үшін мұғалім мен оқушыға көмек боларлықтай теориялық материалдардың ең қажеттілерін, бастыларын көрсететін кестелер, талдау жүргізуде негізге алатын сызбалар, талдау жүйесін көрсететін тіл білімінің әр саласы бойынша жасалған талдау үлгілері қажет. Сондықтан жұмыста осы аталған мәселелерді басты назарға алып отырдық. Дәстүрлі оқыту жүйесінде тіл білімі салаларын оқыту – алдымен тілдің ең кіші бөлшегі фонетикадан басталатыны белгілі. Сатылай кешенді талдау технологиясы да осы дәстүрді сақтайды. Бұл – заңды құбылыс. Себебі дыбыс жүйесін, әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикадан берілетін білімнің іргетасы болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгермеген оқушы буын, үндестік заңы, екпін сияқты фонетикалық заңдылықтарды игере алмайды, жазуда қате жібереді, сөйлеуінде де ақаулықтар байқалады. Ол туралы тұңғыш әліппе авторы А. Байтұрсынов былай дейді: «екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол - дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы».

Ал ғалым С. Мырзабеков «Қазақ тілінің фонетикасы» атты еңбегінде «Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір комплекстен тұратын сөздердің арқасында іске асады. Сондықтан да тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор. Дыбыстық өзгерістерді есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінің, өзгеріп дамуын айқындау мүмкін емес», - десе тіліміздің дыбыстық жүйесінің теориялық негізін, дауысты, дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері, ерекшеліктері, буын, екпін, сөз ішіндегі дыбыстық өзгерістер жайлы «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты оқу құралында жан – жақты мәлімет бере келіп, ғалым К. Бейсенбаева мынандай тұжырым айтады: «Фонетикалық ерекшеліктерді жете танудың тіліміздегі лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерді, оның тарихи өзгеру, даму, қалыптасу заңдылықтарын, диалектік ерекшеліктерін сауатты сөйлеп, сауатты жазуда, тіл мәдениетін көтеруде негізгі қызмет атқарады».Жоғарыдағы ғалымдар пікірін басшылыққа ала отырып, фонетикалық материалдарды сатылай кешенді талдай меңгерту оқушылардың сөз мағынасын ажыратып түсінуіне: орфоэпиялық нормаларды қатан сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне; сөйлеген сөзінің құлаққа жағымды, әсерлі, әуенді болуына; орфографиялық тұрғыда сауатты жазуына мүмкіндік беретіндігін баса айтқымыз келеді.

Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:

а) физологиялық (жасалу), ә) акустикалық (естілу), б) қызметі (сөз жасау). Осы қасиеттерін негізге ала отырып тілдік қатынасының: жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім әрекеттері негізінде фонетикалық талдаудың үлгісін ұсынып отырмыз.

Фонологиялық талдауда басшылыққа алынатын сызба

1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: жуан,

СӨЗ

жіңішке, аралас буынды сөздер

2. Буын:

а) ашық (а.б.)

ә) тұйық (т.б)

б) бітеу (б.б.)

3. Тасымал

4. Екпін

5. Буын үндестігі

6. Дыбыс үндестігі

а) ілгерінді ықпал

ә) кейінді ықпал

б) тоғыспалы ықпал

Дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің толық үлгісі төмендегідей

Берілгені: Халықтармен сөзінде қанша дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?

Берілгені: Халықтармен = қанша дыбыс бар? = =?

Берілгені: Халықтармен=ο= =?

Шешуі: Халықтармен сөзінде он бір дыбыс бар. Оның төртеуі, олар: 2а, ы, е дауысты дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Жетеуі, олар: х, л, қ, т, р, м, н дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

Шешуі: Халықтармен =11 o= ;

- дауысты дыбыстар

А. Тілдің қатысына қарай төрт дауысты дыбыстың үшеуі: 2а , ы тіл арты немесе жуан дауыстылар. Сесебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді. Біреуі – е тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс. Себебі, бұл дауысты дыбысты айтқанда, тілдің ұшы сәл алға қарай созылы, үсті сәл төмендейді.

4 ;

Ә. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай төрт дауысты дыбыстың екеуі, олар: 2а ашық. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. Біреуі – е жартылай ашық. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ жартылай ашылып ауа еркін шығады. Біреуі – ол: ы қысаң. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.

4 ;

Б. Ерін мен езудің қатысына қарай төрт дауысты дыбыстың төртеуі де: 2а, ы, е, еріндік дауыстылар. Себебі, бұл дауыстыларды айтқанда ерін жиырылып, езу екі жаққа қарай тартылады. Сөзде еріндік дауыстылар жоқ.

4 ;

▲- дауыссыз дыбыстар

4-билет 1.Фонетиканың зерттеу нысаны. Тіл дыбыстары.

Фонетика (грекше phonetikos – дыбыстық) – дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Фонетика – зерттейтiн объектiсi жағынан қарастыратын мәселесi жағынан да тiл бiлiмiнiң басқа бөлiмдерiнен ерекшеленiп тұрады.

А.Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесi деп ойлаган. Әрине бұл екеуi синоним түрiнде қолданылатынын ескеру керек. Дыбыс жүйесi карастыратын мәселелер: тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi, сөз iшiнде бiрiне-бiрi ықпал етiп, үйлесетiн, үндесiп, тiркесiп тұрудың тетiгi, буын, екпiн, сөйлеу мен жазудың аракатынасы, орфография, орфоәпия т.б...

Сондықтан да фонетиканың тiл бiлiмiнде алатын орны үлкен. Фонетика тiл дыбыстарын және оның заңдылықтарын тексеруде белгiлi бiр тiлдiк теориялық қағидаларға сүйенедi. Бiз дыбыс дегенде эрбiр қазақ тiлiндегi дыбыстарды күрделi тұлға ретiнде қарастырамыз. Сондықтан да фонетика тiлдегi дыбыстарды фонемалық қасиетiне қарай сұрыптайды. Фонеманың басты объектiсi фонема теориясы болып табылады.Фонема – күрделi дыбыс деген сөз. Сонда фонема дегенiмiз не?Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себi бар тiлдегi ең кiшкене дыбыстық единицаны фонема деп атайды. Фонема туралы ғылым фонология деп аталады.

Фонетиканы зерттейтiн салалары мыналар:

Физиологиялық фонетика. Бұл дыбыстың тiл дыбыстарының артикулияциялық және акустикалық қасиеттерiн зерттейдi. Артикулияция дыбыстардың жасалуын тексередi де, акустика дыбыстардың әунiн қарастырады. Сөйтiп, физиологиялық фонетика дыбыстардың жасалуын және оның әуезi мен әуенiн зерттейдi.

2.Экспериментальдық фонетика. Физиологиялық фонетиканың объектiсiн түрлi инструменттер арқалы тексередi. Мұны эксперименттальдық фонетика дейдi. Эксперименттальдық фонетика дауысты жэне дауыссыз дыбыстардың артикулияциялық ерекшелiктерiн лаборатория жолымен түрлi аппараттар арқылы зерттейдi. Екпiнiн, үндестiк заңының түрiн және олардың орфоэпиялық қасиеттерiн түрлi лабораториялық жолмен инструменттер бойынша олардың өзiндiк ерекшелiктерiне жан-жақты бакылау жасайды.

Салыстырмалы фонетика.

Белгiлi бiр тiлдiң дыбыс құрылыстарын өзге тiлдердiң дыбыс жүйесiмен салыстырып зерттеудi салыстырмалы фонетика дейдi.

Тарихи фонетика. Бiр тiлдiң немесе алуан дыбыс құбылыстарының келiп шығу жэне даму жолдарын тексеретiн саланы тарихи фонетика деп жүргiзедi. Сондай-ақ қазiргi қазақ тiлiнiң фонетикасы ғылым ретiнде өзiнiң зерттеу объектiсiне қарай жалпы фонетика және жеке фонетика болып екi салаға бөлiнедi. Жалпы фонетика тiл бiлiмiнiң жеке бiр саласы ретiнде адамның сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкiндiктерiн айқындайды.Тiл дыбыстары классификациясының негiзгi принциптерiн белгiлеп бередi. Жалпы фонетика - ғылымының басқа салаларымен, акустикамен, физиологиямен және психологиямен тығыз байланысты. Академик Щербаның айтқанындай : «Жалпы фонетиканы акустика, физиологиядан да басқаша, лингвистикалық айрықша пән ретiнде бөлiп қарау және оны тiл дыбыстарының, адамдардың тiлдiк қатынас жасау процесiнде атқаратын қызметiне орай әлеуметтiк ғылымдардың қатарында қарау керек» (М.В.Щерба. Таңдамалы шығармалары, Л.Г.У. 1958ж,).Жеке фонетика белгiлi бiр тiлдiң дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейдi. Осы зерттеу негiзiнде сипаттама фонетика пайда болады.Сипаттама фонетика тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық құрамын қарастырады. Фонеманың жүйесiн және олардың өзара iшкi байланысын белгiлеп, айқындайды.

Тіл дыбыстары, олардың жасалуы

Дыбыстың жасалуы. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне – бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.

Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс (француз тілінің resonance – «жаңғырық» деген сөзінен алынған) айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде (үрлеп ойнау аспаптарындағы қуыс, шекті аспаптардың декадасы, ауыз қуысы, мұрын қуысы) пайда болады.

Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің (жасанды және жануарлар тілінен бөлек) ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады.

Мысалы: Сен едің базарым (Абай).

Осы сөйлемде бірінші сөз (сен) үш дыбыстан (с – е – н), екінші сөз (едің) төрт дыбыстан (е – д – і – ң), үшінші сөз (базарым) жеті дыбыстан (б – а – з – а – р – ы – м) құралған.

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет.

Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды.

Тіл дыбыстары тәуелсіз үш: артикуляциялық (физиологиялық), акустикалық (физикалық) және функционалдық (лингвистикалық) тапқа бөлініп, жасалым, айтылым, естілім және қолданылым тұрғыларында қарастырылады.

Кез келген тіл дыбыстарының нышандарын анықтайтын мынадай шарттар бар:

- бірмәнділік - тіл дыбыстарының бірмәнді анықталатындығын талап етеді;

- тұлғалылық – артикуляциялық орында пайда болу сапасының табиғи тұрақтылығын, әрі баламасыз жеке даралығын байқатады;

- тіркесімділік – тіл дыбыстарының тіркесе алатындығын, әрі тіркесе келе үздікті тізбек құрайтындығын көрсетеді;

- ықпалдылық - туынды мәннің пайда болу ықтималдығын қамтамасыз етеді;

- түрлендірімділік – туынды мәннің пайда болуы сөз тұлғасын түрлендіруге ықпал ететіндігін көрсетеді;

- сапалылық – тіл дыбыстарының лингвистикалық қолданбалылығын көрсетеді.

Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді.