Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫК ЖОБА УЛГI ОПиУД тузетилген.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
333 Кб
Скачать
☆

2.2 Кестенің тәуліктік жоспарын құру үшін уақыттың технологиялық нормаларын есептеу

Құрастыру, таратуға уақыт нормаларын маневрлік локомотивтің механикалық қозғалыс санын анықтайтын формулалармен есептейді. Нақты уақытты анықтау үшін алынған нормаға сәйкес операцияларды орындауға жұмсалған уақытты қосу керек: бұрмалы бағыттамаларды бұру, вагондарды қарау және т.б. (1-1,5мин).

Есептеулер бойынша алынған барлық уақыт нормалары үлкен жағына қарай дөңгелектенеді. Жүк ауласына маневрлік локомотивтің бос кіру немесе оның кері қайту уақытын жіберуге (алуға) арналған уақыттан 5 минут кем алады. Берудегі вагондар санын үлкен шамаға дейінгі тапсырмадан алады. Парк сортынан қабылдау жонелту тарту жолы арқылы құраманың орнын ауыстыру уақыты тақ басына ғана есептеледі, жұп басқа сол уақыт қабылданады.

Тарту жолында құраманы таратуға уақыт нормасын есептеу.

ТР = Тс + Тос ,мин (2.1)

ТР = 24 + 4,02 ≈ 28мин

ТС =А · q + Б · mС, мин (2.2)

ТС = 0,41·6 + 0,32 · 67 ≈ 24 мин

мұнда Тс – сұрыптауға арналған технологиялық уақыт:

Тос – вагондарды шегіндіруге арналған технологиялық уақыт;

q – құрамадағы ағытпалар саны;

mс – құрамадағы вагон саны;

А және Б – нормативтік коэффициенттер: А = 0,41; Б = 0,32.

Тос = 0,06 ∙ mС, мин (2.3)

Тос = 0,06 ∙ 64 ≈ 4 мин

Бір топты құраманы құрастыруға уақыт нормасын есептеу.

Тф = Тптэ + Тподт, мин (2.4)

Тф = 7 + 5 ≈ 12 мин

мұнда Тптэ – ПТЭ сәйкес құрамада вагондарды орналастырып қоюға арналған

технологиялық уақыт;

Тподт – сұрыптау жолдарында ағытпалар арасында «терезелерді» жою үшін дөңесті сұрыптау стансаларында тарту жолдары жағынан вагондарды тартуға арналған уақыт.

Тптэ = В + Е · mФ, мин (2.5)

мұнда mФ - құрастырылатын құрамадағы вагондардың саны;

В, Е – нормативтік коэффициенттер: В = 1,28; Е = 0,08.

Тптэ = 1,28 + 0,08 · 67 ≈ 7 мин

Тподт = 0,08 · mС, мин (2.6)

Тподт = 0,08 · 67 = 5,36 ≈ 5 мин

Бір жолда қалыптасатын құрама пойызы құрудың технологиялық уақыты

Тф СБ = ТС + ТСБ, мин (2.7)

Тф СБ = 24 + 32,5 = 56,5мин

мұнда ТС – вагондарды сұрыптауға жұмсалатын уақыт;

Тсб – сұрыптаған соң вагондарды жинау уақыты.

ТСБ = 1,8 ·р + 0,3 · mСБ, мин (2.8)

мұнда ТСБ – құрастыратын құраманы жинау жолына орнын ауыстыруға вагондар

саны;

mСБ - вагондардың құрылатын құрамасына кіретін вагондардың саны.

р – осы вагондар орнын ауыстыратын жолдар саны.

ТСБ = 1,8 · 5 + 0,3 · 83,7 = 32,5мин

р = к – 1 = 6 - 1 = 5 (2.9)

мұнда к – бір пойыздағы топтардың саны.

mСБ = mФ ·(к - 1) / к (2.10)

mСБ = 67 · (6 - 1) / 6 = 84 вагон

Тарту жолына қайта өңдеу паркінің 5,6 жолынан құраманың орнын ауыстыруға уақыт нормасын есептеу.

Объектілердің орналасу сұлбасынан орын ауыстыру уақыты локомотивтің бос кіруінің жартылай рейстерінен, вагондарды тарту, шегіндіруден құралады. Әр жартылай рейстің ұзақтығы мына формуламен есептеледі:

t = a + b·mС, мин (2.11)

t = 1,44 + 0,028·70 = 3,4 мин

мұнда а және b – маневрлік локомотивтің қозғалуына және маневрлік локомотивтің

бір физикалық вагонға келетін, жартылай рейстің ұзақтығын

сипаттайтын уақыт нормативтері;

mС - орташа маневрлік құрама.