- •1 Мicrosoft Excel 2003 кестелік процессоры
- •1.1.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері
- •1.1.2 Кестеге мәліметтер жазып өңдеу тәсілдері
- •1.1.3 Автотолтыру
- •1.2.1 Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау
- •1.2.2 Excel 2003 программасының функциялары
- •2 Excel 2003 программасында диаграмма құру
- •2.1 Диаграммалар шеберінің жұмысы
- •2.3 Excel функцияларын пайдаланып тест құру жолдары
1.1.3 Автотолтыру
Электрондық кестеде торларды мәліметпен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі бар. Ұяшықтарға ай аттарын, сандарды т.б. автоматты түрде енгізуге болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай атын теріп жазған соң, кестелік курсорды сол ұяшыққа орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру әрекетін орындасак, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып, ұяшықтарды белгілі бір зандалықпен реттелген санмен де толтыруға болады. Ұяшықтарды санмен толтыру үшін, міндетті түрде екі сан енгізілуі керек. Excel программасы сандар енгізілген мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы, қадамды анықтайды да, толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып, сан мәндерін есептеп енгізеді. Ұяшықтарға сандарды, белгілі қадаммен кему немесе арту реті бойынша автоматты түрде жазу үшін, екі сан енгізілген ұяшықты бірге белгілеп алып, толтыру әрекетін орындау қажет [10].
Ұяшықтарды автоматты түрде толтыруға болатын мәліметтер тізімін Сервис, Параметрлер командасын орындағанда ашылған сұхбат терезедегі Тізімдер (Списки) ішкі бетінде оқи аламыз (8-сурет). Осы сұхбат терезедегі тізімге өзіміз көп қолданатын сөздерді тізім ретінде енгізуге болады.
Сурет 8. Сервис, Параметрлер командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Тізімдер (Списки) ішкі беті
Тізімге жаңа мәліметтер қосу үшін, Тізімдер (Списки) ішкі бетінде Жаңа тізім (Новый список) қатарын тандаймыз да, Тізімдер элементтері өрісінде мәліметтерді үтір арқылы терген соң, ОК батырмасын шертеміз.
Тізімдердің ішіндегі мәліметтерді өшіру үшін Тізімдер (Списки) ішкі бетінде оны белгілеген соң, Өшіру (Удалить) батырмасын шерту жеткілікті.
Сондай-ақ, мәліметтерді кестеге теріп жазып қойған соң оларды тізімге қосу ойыңызға келсе, Тізімдер ішкі бетінде қайтадан терудің қажеті жоқ. Кестедегі мәліметтер тізімін белгілегеннен кейін, Тізімдер (Сервис, Параметрлер)ішкі бетін ашамыз. Ұяшықтардан тізім алу (Импорт списка из ячеек) өрісінде кестедегі тізім жазылған ұяшықтардың аралығы көрініп тұруы керек. Егер Бұл аралық көрінбей тұрса, мәліметтер жазылған ұяшықтардың адрестерін осы өрісте керсетеміз де Импорт, одан кейін ОК батырмасын шертеміз [11].
Ұяшықтардағы мәліметтерді өшіру және тазарту. Егер ұяшықты немесе блокты мәліметтерден тазарту, яғни ондағы мәліметтерді өшіру қажет болса, оларды белгілеп алған соң [Del] пернесін басу жеткілікті.
Ұяшықты немесе блокты оған енгізілген мәліметтерден қажетті
аймақты белгілеп алған соң, Түзету, Тазарту (Правка, Очистить) командаларын орындау арқылы да тазалауға болады.
Excel кестесінде адрестерді көрсету әдістері Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу
Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, А1:Н9 т.с.с сілтемелерді қолдануға болады. Адрестердің мұндай түрде көрсетілуі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы. Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына =D1+D2 формуласын енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы "екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек" деп қабылдайды. Егер D4 ұяшығын, яғни =D1+D2 формуласын С4 ұяшығына көшірсек, С4 ұяшығына =С1+С2 формуласы, ал D5 ұяшығына =D2+D3 формуласы автоматты түрде енгізіледі.
Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет болса, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы, $С$15 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде тек С15 ұяшығындағы мән пайдаланылады.
Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, мысалы $С15 немесе C$15. Егер абсалютті адрес белгісі ұяшық адресінің алдында ғана жазылса ($С15), бағана мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (C$15) түрінде жазылады.
Символдар.Кез келген ұяшықтағы немесе блоктағы символдардың қаріптерін әртүрлі сызылымға, биіктікке өзгерту және т.б. безендіру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Безендіру үшін алдымен қажетті ұяшықты немесе блокты белгілеп алғаннан кейін Форматтау саймандар тақтасындағы батырмаларды, меню немесе жанама меню командаларын қолдануға болады. Ұяшықтарды меню қатарындағы Формат, Ұяшықтар (Формат, Ячейки) немесе тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылатын жанама менюдің Ұяшықтар форматы (Формат ячеек...) командасын орындау арқылы да форматтауға болады. Осы команда орындалғанда пайда болған сұхбат терезенің Қаріп (шрифт) ішкі бетін ашамыз (9-сурет).
Сурет 9. "Ұяшықтардың форматы" сұхбат терезесі
• Форматтау саймандар тақтасы батырмаларының көмегімен "Кесте" тақырыбының қаріп түрін Arial KZ, биіктігін 14 пт., жартылай қарайтылған форматқа өзгертуге болады.
Формат, Ұяшықтар командасын қолданып, "Негізгі" және "Қосалқы" тақырыптарын Arial KZ, қаріп биіктігін 12 пт., жартылай қарайтылған етіп форматтаймыз.
Туралау. Кез келген ұяшыққа енгізілген мәліметтерді сол ұяшықтың ішінде бір шетіне қарай немесе ортаға, горизонталь, вертикаль туралау (выравнивание) және мәтіннің өзінің жазылу бағытын тандау (жоғарыдан томен, төменнен жоғары т.с.с) мүмкіндіктері бар.
Туралаудың
түрін тандау үшін Форматтау
саймандар
тақтасының
сәйкес сол жаққа қарай туралау, ортаға
туралау, оң жаққа қарай туралау
батырмаларын қолданамыз:
Ұяшықтардың форматы сұхбат терезесіндегі Туралау (Выранивание) ішкі бетінде де туралау әрекеттерін орындай аламыз.
Жиектеу.
Кестені
жиектеу
үшін
саймандар
тақтасындағы
Жиектеу
батырмасын
қолданамыз.
Ұяшықтардың форматы сұхбат терезесінің Жиек (Рамка) ішкі бетін немесе жанама менюдің соған сәйкес командасын қолдануға да болады.
Фон.
Кез
келген ұяшықтың
немесе
блоктың
ішіндегі мәліметке әртүрлі фондық
түстер беруге болады (штрихтын типі,
штрихтың түсі, фонның түсі). Фондық
түстерді тандау
үшін
Форматтау
саймандар
тақтасындағы
фон
батырмасын
қолданамыз.
Ұяшықтардың форматы (Формат, Ұяшықтар командасы) сұхбат терезесінің Түр (Вид) ішкі бетінде де қажетті фондық түстерді таңдау мүмкіндігі бар [12].
1.2 Excel программасындағы функциялар. Сандардың форматтары. Кестедегі мәліметтерді өзгертуден қорғау
