Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Куаныш_теория.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1.2.2 Excel 2003 программасының функциялары

Excel 2003 программасына математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны өндірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel 2003 программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өндей алады. Excel 2003 функциялары - программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функцияның аты (мысалы, СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз- нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады [16].

Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады:

Y=f(x), мұндағы у— функцияны есептеудегі нәтиже, х— аргумент,

f — функция. Мысалы:

=А5 + sin(C7), мұндағы А5 - ұяшықтың адресі; sin - функцияның аты, жай жақшаның ішінде аргументі көрсетіледі; С7 - аргумент (сан, мәтін, және т.б.), сан тұрған ұяшыққа сілтеме болып тұр.

Бірқатар функциялар:

макс(тізім) - тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады.

мин(тізім) - тізімдегі ең кіші (минимум) шаманы табады.

срзнаЧ(тізім) -аргументгердің арифметикалық орта мәнін есептейді. целое(х) - х аргументін ең кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді.

abs(x) - х санының модулы (абсолютті шамасы)

ехр(х) - х санының экспонент мәнін есептейді.

LN(х) - берілген х санының натурал логарифімін есептейді. log10(x) - берілген х санының ондық логарифімін есептейді. sin(x) - радианмен өлшенген х бұрышының синусын есептейді. сумм(тізім) - көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді [17]. Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы => А1:А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысыш табады.

Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында автоматты түрде қосу батырмасы Е меншіктеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады.

Формулаға Excel 2003 программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Енгізу, Функциялар (Вставка, Функции) командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы f батырмасын шертеміз. Осы әрекеттердің бірін орындаған соң, экранда функцияны таңдау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады (12-сурет). Фукциялар шеберінің бұл терезесінде көрсетілген тізімнен өзімізге қажетті фукцияны тандап аламыз. Осы терезенің төменгі бөлігінде фукцияның атқаратын қызметі женіндегі анықтамалықты окуға болады [18].

Сурет 12. Функциялар шебері терезесі

Екінші сұхбат терезе (Функциялар шеберінің екінші қадамы) таңдалған функцияның аргументтерін енгізу мүмкіндігін береді (13-сурет). Бұл терезе формулалар тақтасы деп те аталады.

Сурет 13. Функциялар шеберінің екінші қадамы

Осы терезеде функцияның және аргументтерінің анықтамасы көрсетілген. 1-сан мәтіндік өріске сан, ұяшыққа сілтеме, формула немесе басқа функция енгізуге болады.

1.2.3 Ехсеl-2003 кестесіндегі сандардың форматтары

Excel программасының негізгі атқаратын қызметінің бірі сандарды өндеу және сандық мәндерді көрсету жолдары болып табылады. Excel программасында сандарды өрнектеу тәсілдері әр түрлі топтарға жіктеледі. Мысалы 100 санының жазылу форматтары мынадай: 100,00 р. - ақшалық форматта (в денежном формате); 10000% - проценттік форматта; 1,00Е+2 — экспоненциальды түрде, 1 • 102 дегенді білдіреді [19].

Санның форматын өзгерту үшін, ұяшықты немесе блокты белгілеп алғаннан кейін Форматтау саймандар тақтасындағы мына батырмалардың қажеттісін шерту керек:

Сандардың форматын Формат, Ұяшықтар командасын немесе осы команданы жанама менюден орындау арқылы да таңдауға болады. Осы команданы орындаған соң Ұяшықтардың форматы сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезедегі Сан (число) ішкі бетінде қажетті форматты таңдау мүмкіндігі бар (14-сурет).

Ұяшықтағы санның форматын өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметті өрнектеу әдісі ғана өзгереді де, мәліметтердің өзі сол қалпында қалады. Егер тағайындалған форматта сан бағанаға сыймай тұрса, ол ##### түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда бағананың енін үлкейту керек [20].

Сурет 14. Ұяшықтар форматы сұхбат терезесі

  • Блокты тышқанның көмегімен К бағанасына дейін жеткізіңіз;

  • Тышқан батырмасын босатыңыз;

  • Ашылған жанама менюден Тек кана мәндерін көшіру (Копировать только значения) командасын орындаңыз.

  1. Осы әрекеттерді орындаған соң. К бағанасы дәл F бағанасындағыдай мәндермен толтырылады, бірақ мұнда ешқандай формула болмайды.

  2. N бағанасындагы сандарды үтірден кейін 4 орын алатындай етіп, бұрынғы жазылған форматта қалдырыңыз: Формат, Ұяшықтар командасын орындаған соң, Сан (Число) ішкі бетіндегі Тип өрісінде 0,0000 қатарын таңдап, ОК батырмасын шерту керек.

      1. Кестені алдын ала көру режимі және баспаға шығару

Кестені баспаға шығару алдында оның қағаз бетіне қандай болып шығатынын көруге арналған арнайы Алдын ала қарау (Предварительный просмотр) режимі бар. Электрондық кестеде алдын ала көру үшін Файл, Қарау (Файл, Просмотр) командасын орындаймыз немесе Стандартты саймандар тақтасындағы батырманы шертеміз. Алдын ала қарау режимі кестені экранда тек көру мүмкіндігін береді, қателерді түзей алмаймыз [21]. Қателерді түзеу үшін қайтадан кәдімгі режимге ораламыз. Алдын ала көру режимінде мына әрекеттерді орындау өте ыңғайлы:

  • Парақ параметрлерін өзгерту;

  • Тағайындалған өрістерді өзгерту және беттерге бөлу;

  • Баспаға жіберу.

Алдын ала көру режимі уақытты, қағазды үнемдеу мүмкіндігін береді.

1. Стандартты саймандар тақтасының керекті батырмасы көмегімен алдын ала көру режимін іске қосамыз.

2. Парақ (Страница) батырмасында тышқанды шертеміз.

3. Парақ параметрлері сұхбат терезесінде Парақ (Страницы) ішкі бетін ашамыз да, альбомдық (альбомная) ауыстырғышын қосамыз.15-ші суретте көрсетілген.

Сурет 15. Парақ параметрлері сұхбат терезесінің Парақ ішкі беті

• 210x22003 (А4 форматы) қағаз форматы тағайындалғанына көз жеткізіңіз.

4. Колонтитулдар ішкі бетін ашамыз (16-сурет).

"Жоғарғы колонтитулды құру" батырмасында тышқанды шертеміз. Осы мезетте Жоғарғы колонтитул (Верхний колонтитул) сұхбат терезесі ашылады (17- сурет).

Сурет 16. Парақ параметрлері сұхбат терезесінің Колонтитулдар ішкі беті

Сурет 17. Жоғарғы колонтитул сұхбат терезесі