- •1 Мicrosoft Excel 2003 кестелік процессоры
- •1.1.1 Электрондық кестенің негізгі түсініктері
- •1.1.2 Кестеге мәліметтер жазып өңдеу тәсілдері
- •1.1.3 Автотолтыру
- •1.2.1 Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау
- •1.2.2 Excel 2003 программасының функциялары
- •2 Excel 2003 программасында диаграмма құру
- •2.1 Диаграммалар шеберінің жұмысы
- •2.3 Excel функцияларын пайдаланып тест құру жолдары
1.2.1 Ұяшықтарды, бетті, кітапты өзгертуден қорғау
Кестені құрып, форматтап қойғаннан кейін осы жұмысыңызды біреу абайсызда Бүлдірмеу үшін оны өзгертуден қорғау мүмкіндігі бар.
Excel 2003 кестелерінде жұмыс кітабын тұтас күйінде, жұмыс парағын немесе бірнеше ұяшықтарды өзгертуден қорғауға болады. Қорғаныс әрбір ұяшыққа әсер етеді де, қорғаныс алып тасталғанша сол ұяшықтағы мәліметтерді өзгерту мүмкіндігі шектеледі. Әдетте, қорғаныс есептеу формулалары, кестенің тақырыптары т.с.с мәліметтерге қойылады [13].
Кейбір жағдайларда қорғаныс қойылатын аймақта мәліметтер енгізу мақсатында ұяшықты немесе блокты қорғаныссыз қалдыру қажеттілігі туады. Мұндай блоктарды қалдыру үшін, алдымен қорғаныс қойылмайтын ұяшықтарды көрсету қажет. Ол үшін осы ұяшықты немесе блокты белгілеп алған соң, Формат—Ұяшықтар (Формат-Ячейки) командасын орындап, пайда болған сұхбат терезеде Қорғаныс (Защита) ішкі бетін ашамыз. Үнсіз келісім бойынша белгіленген әрбір ұяшыққа қорғаныс қою параметрі тағайындалып тұрады. Ауыстырып қосқыштағы қанат белгіні алып тастасақ, парақты немесе кітапты өзгертуден қорғау кезінде осы белгіленген ұяшықтарға қорғаныс қойылмайды.
Қосалқы кестедегі бағаналар тақырыбынан басқа блоктың қорғаныс қою параметрін алып тастап, бетке қорғаныс қою әрекетін орындау қажет.
Бетті өзгертуден қорғау үшін Сервис, Қорғаныс, Бетті қорғау (Сервис, Защита, Защитить лист) командасын орындаймыз. Осы мезетте бетті қорғаудың бірнеше варианттарының бірін таңдау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.
• Мазмұны (содержимое) ауыстырып қосқышын қосатын болсақ, ұяшықтардағы ақпараттардың мазмұнын өзгерту, өшіру мүмкіндігі шектеледі.
Объектілер ауыстырып қосқышы қосылса, беттегі диаграмма немесе басқада графикалық объектілерді өзгертуге тыйым салынады.
Сценарии ауыстырып қосқышы қосылған жағдайда осы беттегі құрылған сценарииді өзгертуге шек қойылады.
Пароль өрісіне өзіміз қалаған пароль енгізуге де болады. Егер пароль енгізілсе, келесі жолы оны дұрыс көрсетпейінше қорғаныс алынбайды. Пароль енгізген соң оны есте сақтау керек. Қажетті ауыстырып қосқыштарды қосқаннан кейін Ok батырмасын шертеміз. 10-шы суретте көрсетілген [14].
Сурет 10. Бетті қорғау сұхбат терезесі
Ал тұтас кітапқа қорғаныс қою үшін, Сервис, Қорғаныс, Кітапты қорғау командасын орындаймыз. Осы мезетте Кітапты қорғау сұхбат терезесі ашылады (11-сурет). Кітапты қорғау сұхбат терезесінде құрылымын (структуру) ауыстырып қосқышы іске қосылса, кітаптың құрылымы өзгертуден қорғалады, яғни өшіру, жылжыту, жасыру, өшіру, атын өзгерту және жаңа бетті енгізу мүмкіндіктері шектеледі.
Сурет 11. Кітапты қорғау сұхбат терезесі
Терезені ауыстырып қосқышын қоссақ, кітап терезесі өзгертуден қорғалады. Кітап терезесін көрсету, жабу, көлемін өзгерту, жылжыту әрекеттерін орындауға шек қойылады. Пароль енгізгенде символдар саны 255-тен аспауы тиіс.
Ол үшін блокты белгілегеннен кейін, Формат, Ұяшықтар, Қорғаныс командасын орындаймыз да, ашылған сұхбат терезеде Қорғалган ұяшық (Защищаемая ячейка) ауыстырғышындағы белгіні алып тастаймыз.
Бетті өзгертуден қорғаңыз
Сервис, Қорғаныс, Бетті қорғау командасын орындаймыз да, ашылған терезеде қажетті параметрлерді тағайындаймыз.
Осы әрекетті орындау нәтижесінде кесте тұтас күйінде және қосалқы кестенің тақырып қатары өзгертуден қорғалады [15].
