Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
na_ruki_LOR_4_kurs_ZhM_150_s_1201_ra_1179_emtik...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

65. Қандай диагноз қоюға болады?

Бала С., 6 жаста балалар ауруханасының соматикалық бөлімінен, ЛОР бөлімшесіне ауыстырылған. Ауру тарихы: бір апта бұрын құрбыларымен ойнап жүргенде күнбағыс дәніне «қақалып» қалған. Бірден көгеріп, ұстамалы жөтел пайда болған, құсқан, без-берекет қозғалыс жасап құрысулар пайда болған. Жөтел тоқтаған, бірақта ентігу күшейе түскен, балалар ауруханасындағы дәрігерге қаралып оң жақ өкпесінің қабынуымен, ауруханаға жатқызылған, келесі күні баланы ЛОР бөлімшесіне ауыстырған. Объективті: тыныс алу жиілігі минутына 35, өкпенің экскурсиясында үлкен айырмашылық айқындалады: оң жақ өкпе сол жақ өкпеден қалыс. Перкуторлы оң жағында тұнық дыбыс. Аускультативті оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде везикулярлы тыныс күрт әлсіреген, әр түрлі калибердегі көптеген сырылдар естіледі.

А. өңештің бөгде денесі

В. бронхтың бөгде денесі

С. көмейдің бөгде денесі

D. көмей баспасы

E. кеңірдектін бөгде денесі

66. Қандай диагноз қоюға болады?

Ер адам 30 жаста құлағының кенеттен естімей қалуына шағымданады, ауруын байланыстырады шомылған кезде құлағына судың кіруімен. Отоскопияда: сыртқы есту жолы құлықты түзіліспен бітелген.

А. жедел ортаңғы отит

В. сыртқы құлақ шиқаны

С. құлақтың құлық тығынымен бітелуі;

D.сыртқы есту жолының бөгде денесі;

Е. сыртқы есту жолының жаңа түзілісі;

67. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 28 жаста, туыстарының саяжайында құлпынай жеген. Екі сағаттан кейі тыныс алуы қиындаған, мойын аймағында тұншықтыру және жұтынғанда жағымсыз сезімі пайда болған. Науқас тұншығу белгісімен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Қарағанда: көмей бөбешігінің тіл беткейінде, валлекулада, ожау-бөбешік қатпарында және алмұрт тәрізді ойықтардың қабырғаларына таралған әйнек тәріздес ісіну анықталды.

А. көмейдің бөгде денесі

В. жұтқыншақтың аллергиялық ісінуі

С. көмейдің аллергиялық ісінуі

D. жедел ларингит

E. жұтқыншақ арты абсцессі

68. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 35 жаста, дауысы жуан, қарлыққан. Тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі байқалады. Созылмалы ларингит диагнозымен стационарға жолдама алған. Қарағанда: көмейдің кіреберісі және дауыс саңылауын жапқан папилломатозды шоғыр анықталады.

А. көмей папилломасы

В. көмейдің туберкулезы

С. көмейдің аллергиялық ісінуі

D. жедел ларингит

E. жұтқыншақ артылық абсцесс

69. Қандай диагноз қоюға болады?

29 жастағы науқас әйел ЛОР-клиникаға шұғыл түрде өңештің ет түйірімен бітелуінен келіп түсті. Өңеш стенозы, бала кезінде химиялық күйіктен кейін пайда болған. Бірнеше рет қайталап эзофагоскопия жасаудан соң бөгде дене қиындықпен алынды. Келесі күні дене қызуы 38,7С-қа дейін көтеріліп, өңеш бойының ауырсынуы пайда болды.

А. өңештің бөгде денесі

В. жұтқыншақтың бөгде денесі

С. көмейдің аллергиялық ісінуі

D. өңештің бөгде денесі. Өңештің жарақаты

E. медиастенит

70. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқаста профилактикалық қарау кезінде таңдай және тіл бадамша бездерінің беткейінде, сондай-ақ жұтқыншақтың артқы қабырғасында тығыз «тығын» анықталады. «Тығын» конус пішінді, кілегей қабатының үстінде орналасқан, ажыратып алу қиын.

А. фарингит

В. катаралды ангина

С. моноцитарлы ангина

D. жұтқыншақтың кандидозы

E. агранулоцитарлы ангина

71. Қандай диагноз қоюға болады?

20 жасар науқас тамағының өзіндік ауырсынуына, бастың ауруына, тізе буынының сырқырауына, жалпы әлсіздікке, 38ºС-қа дейін қызбаға шағымданады. Ауырғанына 2 күн, ауыруын салқынмен байланыстырады. Жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген.

Пульсі минутына 88 рет, қанағаттанарлық. Ішкі органдары қалыпты. Фарингоскопия: жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, 2 бадамшаның беткейінде акшыл жабынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері қалыпты.

А. лакунарлы ангина

В. катаралды ангина

С. моноцитарлы ангина

D. жұтқыншақ кандидозы

E. агранулоцитарлы ангина

72. Науқастын болжам диагнозы?

Науқас 25 жаста жұтынғанда тамағынын қатты ауырсынуына, бас ауруы, жалпы әлсіздікке, тізе буының ауруына, дене қызуынын 38 градусқа дейін жоғарлауына шағымданады. Ауырғанына екі күн, салқын тиумен байланыстырады. Жалпы жағдай қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген.

Тамыр соғысы минутына 84, қанағаттанарлық күйде. Ішкі мүщелері ерекшеліксіз.

Фарингоскопияда: жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, екі бадамша безінің беткейінде нүкте тәрізді ақшыл жамылғылар бар. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз.

А. фолликулярлы ангина

В. катаральды ангина

С. моноцитарлы ангина

D. жұтқыншақ кандидозы

E. агранулоцитарлы ангина

73. Қандай диагноз қоюға болады?

Бала 9 жаста, оң жақ тамағындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Баспамен ауырып, емделген. Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы 38,6. Тері жамылғасы бозғылт.

Фарингоскопияда: тризм, оң жақ бадамша орталық сызыққа және алға қарай ығысқан. Оң жақ алдынғы доға ж әне жұмсақ таңдай гиперемияланған және инфильтрацияланған. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады.

А. паратонзиллярлы абсцесс

В. катаральды ангина

С. моноцитарлы ангина

D. жұтқыншақ кандидозы

E. агранулоцитарлы ангина

74. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады.

14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады.

А. қабақтың абсцессі

В. көлденен синустің тромбозы

С. вазомотор риниті

D. кавернозды синустың тромбоз

E. менингит

75. Қандай диагноз қоюға болады?

22 жасар науқас: мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы. Ауырғанына 5 жыл. Екі жыл бұрын мұрын қосалқы қуыстарының қабынуы деп диагноз қойылған.

Риноскопияда: мұрынның кілегей қабығы гиперемияланған, ортаңғы және төменгі мұрын кеуілжірлері гипертрофияланған сол жағында, ортаңғы және төменгі жолдарында ірің түзіліс аңықталады. Пальпация кезіңде жоғарғы жақ қуыс тұсында ауырсыну байқалады. Мұрын тыныс алу қиындаған. Рентгенограммада: оң жақ гаймор қойнауының гомогенді қараюы айқындалады.

А. оң жақты гемисинусит

В. созылмалы іріңді гайморит

С. іріңді сфеноидит

D. созылмалы іріңді фронтит

E. созылмалы іріңді этмоидит

76. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас екі күн бұрын ет сүйегіне түйіліп қалған, мойынның бүйір проекциясындағы рентгенограммада бөгде дененің көлеңкесі, превертибралды аймақтағы жұмсақ ткандардың кеңеюі және ауалық көпіршіктер анықталады.

А. жұтқыншақтың бөгде денесі

В. өңештің бөгде денесі. Өңештің жарақаты

С. өңештің жарақаты

D. көмейдің бөгде денесі

E. жұтқыншақтың және өңештің бөгде денесі

77. Дәрігердің әрекеті қандай?

НауқасЛ., 20 жаста ЖРВИ-дан кейінгі бір ай бойына мұрыннан тыныс алудың қиындауына шағымданады . 3 апта бойы тамыртартқыш дәрі-дәрмектер тамызған. Соңғы екі күн бойы жалпы жағдайы нашарлаған: мұрын дем алмайды, тамшылар нәтижесіз.

Риноскопияда: төменгі мұрынкеуіл жерлері ұлғайған, кілегей қабығы айқын гиперемияланған, мұрын пердесі орталық сызықта, ығыспаған. Адренолин ертіндісімен анемизация жасағаннан кейін, көп мөлшерді сұйықтық бөлінеді, төменгі мұрын раковинасы кішіреймейді. Диагноз: медикаментозды ринит

A) бактериалық зерттеу;

B) хирургиялық ем;

C) антибиотикотерапия;

D) дезинтоксикациялық терапия;

E) саңырау құлаққа қарсы дәрі-дәрмектер;

F) топикалық кортикостероид /насобек, нозонекс/;

J) гипосенсибилизияциялық терапия;

H) гаймор қуысының пункциясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]